3-тарау. Резервтен шығару 15. Резервке алынған адам мынадай: 1) өз қалауы бойынша; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан; 3) шет мемлекеттің азаматтығы болған; 4) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған; 5) қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымнан төмендетілген не шығарылған; 6) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған; 7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 8) Резервте болу кезеңінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасаған не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; 10) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; 11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, уәкілетті орган тиісті ұсыныстар берген кезде Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылады. Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.12.2022 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4-тарау. Өтпелі ережелер
16. Ұлттық комиссияның 2019 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасымен алынған адамдардың Резервте болу мерзімі көрсетілген хаттамаға қол қойылған күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды. Көрсетілген мерзім ішінде Резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына сәйкес саяси және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарына, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың басқармаларының төрағалары мен басқарма мүшелері лауазымдарына орналаса алады. Ескертпе* Мемлекеттік тілді орташа білу деңгейінен (В1) жоғары меңгеру үшін қойылатын талаптарды айқындайтын Ұлттық стандарттарға сәйкес