Президент К.Кулидж ішкі саясатта иммиграцияны әрі қарай шектеудің жақтаушысы болды.
«Просперити» кезеңі тұрғындардың басым бөлігі үшін тұрмыстық деңгейінің теңдесі жоқ өсуімен сипатталды. Орташа алғанда, жұмысшының еңбекақысы 25 пайызға өсті. Ал жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспады.
Оқыту мақсаттары:
- тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын пайдалану;