Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация, копия, копия


макроорганизмнің көптеген көріністермен (тасымалдаушылықтан



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.10.2023
өлшемі2,3 Mb.
#113180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
макроорганизмнің көптеген көріністермен (тасымалдаушылықтан
жұқпалы ауруға дейін) реакция беру қабілеттігін айтады.


Бірінші саты - микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру
есігінің аумағында адаптациялануы (лат. adaptatio - бейімделу), яғни жұғу (инфицирленуі), және
де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық
процестің басталу сәті болып табылады. Кіру есігі - организмге микробтар түсетін ағзалар мен
тіндер. Микробтар макроорганизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары және
зақымданбаған шырышты қабықтар арқылы енеді. 
Инфекциялық процесс - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм
арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың себеп-
салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді. Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге
болады. 
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ САТЫЛАРЫ


Екінші саты - колонизациялау (лат. сolonia қоныстану) - кіру есігі аумағындағы тері жабындылары
мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы.
Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен
қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай тереңдеп ене бастайды.
Микробтардың макроорганизм жасушасының ішіне ену қабілеттілігін пенентрация деп атайды. Бұл
кезде қолайлы жағдай туындаса, және де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферменттері және
токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады.
Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған уытты өнімдері
микроб енген және одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет