қызметін бұзатын патогенді микробтар макроорганизмге енгенде пайда болатын және дамитын физиологиялық және патологиялық, адаптациялық және репарациялық реакциялардың жиынтық көрінісі. Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы (антагонистік) жағдайда болады, Негізгі бөлім
Облигатты (нағыз) паразиттер популяциялық циклдің барлық сатысында ие организмімен тығыз байланысты. Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді, өйткені сыртқы ортада тіршілік етуі мүмкін емес. Олар трансмиссивті, трансплацентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі. Егерде паразиттің екі иесі болса (жылықандылар және буынаяқтылар), онда оның популяциясы кез келген уақытта екі бөліктен тұрады: гостальдық (организмдік) және векторлық (тасымалдаушыда). Басқа жағдайларда популяциясы гостальдық бөлім ретінде белгілі. Олар тұйықталған паразиттік жүйе құрайды. Популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі:
Факультативті (салыстырмалы) паразиттер табиғи айналым кезінде ие организмімен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады, бірақ олар үшін паразиттік фазаның маңызы басым. Мұндай микроорганизмдер жоғарыда аталған жұғу