Ғылыми синтаксистің қысқа курсында автор синтаксис мәселелерін үлкен 2 бөлімге бөліп зерттеген:
Аталған еңбекте профессор Сәрсен Аманжоловтың интонацияға арнайы тоқталып, ол жөнінде өз пікірін айтады. Автор қазақ тілінде интонацияның синтаксистік түрін 5- ке бөледі: 1)басымдылық екпінге байланысты интонация. Бұл кәдімгі жай, хабарлы сөйлем ішіндегі бір сөздің басым айтылуына, басқаша айтқанда , ой екпіне байланысты пайда болатын интонация. 2) Хабарлы сөйлем интонациясы. 3)Сұраулы сөйлем интонациясы. 4) Лепті сөйлем интонациясы және т.б. 5) Өлеңді сөйлем интонациясы. Өлеңді сөйлемде, - дейді автор, - интонация ырғақ, ұйқас, буын, болсын ... сияқты сөз кестелерін жетектеп отырады.
Профессор Сәрсен Аманжолов сөз тіркестерінің қиысу, меңгеру, жанасу, қабысу сияқты байланыс түрлеріне тоқтала отырып, сөздердің тізбектелуі 2 топқа бөлген: •лексикалық тізбектер; •бірнеше сөздің 1 ғана мағына беріп тізбектелуі; Мысалы: атқора, ауыз үй, күй алақан, көрсе қызар. ___________________________________________________________________________________ Синтаксистік тізбектер, бұлардың өзін іштей 4 топқа бөледі: 1) Идиомалық қасиеті бар сөз тізбектері: құлақ қоймайды, көз салмайды; 2) Фразалық тізбектер: басы бос, қолы қысқа; 3) Үйірлі мүше болатын сөз топтары сөз тізбектері: аузы күйген, таң ата ел жата; 4) Сөйлемде күрделі мүше болатын сөз тізебктері: бригадир болды, жығылып қала жаздады, күзге шейін, саған бола т.б. Бұл тізбектердің бәрін автор Синтагмалық тізбек деп атайды.