Применением программы «SystemView». Рассмотрены вопросы организации охраны труда и безопасности



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,36 Mb.
#9841
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 



 

Аңдатпа 

Бұл  дипломдық  жобада  арналардың  бөгеуілге  тұрақтылығын  талдау 

қарастырылған.  Жобадабөгеуілге  тұрақты  кодалар  және  оптималды 

қабылдағыштар  көрсетелген.Сонымен  арнадағы  бөгеуілдердіңсипаттамалары 

және бөгеуілге тұрақты оптималды қабылдағыштардың құрылымдық сұлбасы 

келтірілген. 

 Есептеу  бөлімінде  «ақ  шуылды»  арнададағы  ЦАМ  сигналдардың 

оптималды  когерентсіз  қабылдау  кезіндегі  қатенiң  ықтималдылығы 

есептелген.«SystemView»    бағдарламасын  қолданып  бөгеулерге  тұрақты 

кодалау және модуляция түрлері  зерттелген. 

Еңбекті қорғау және өміртіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелері 

қарастырылған,сонымен қатар қажет есептеулер келтірілген. 

Экономика  бөлімінде  жобаның  экономикалық  пайдалы  және  тиімді 

екенін дәлелдейтін техника-экономикалық көрсеткіштер келтірілген. 



Аннотация 

В данном  дипломном проекте рассмотрен анализ помехоустойчивости 

каналов.  В  проекте  показаны  помехоустойчивые  коды  и  оптимальные 

приемники.А  также  введены  характеристики  помех  в  канале  и  структурные 

схемы помехоустойчивых оптимальных приемников. 

В  расчетной  части  рассчитан  вероятность  ошибки  при  оптимальном 

некогерентном  приеме  ЦАМ  сигналов  в    канале  с  «белым  шумом». 

Исследованы  помехоустойчивое  кодирование  и  виды  модуляции  с 

применением программы «SystemView». 

Рассмотрены  вопросы  организации  охраны  труда  и  безопасности 

жизнедеятельности, а также приведены требуемые расчеты.  

  В  


разделе  экономикиприведены  технико-экономические  показатели 

проекта,  который  подтверждает,  что  данный  проект  является  экономически 

выгодным и эффективным.  

Abstract  

 

This diploma project analyzes noise immunity of channels. The project shows 



the noise-resistant codes and best receivers. Also the characteristics of noise in the 

channel  and  block  diagrams  optimal  error-correcting  receiver  were  introduced. 

 

Estimation part calculates the probability of error at an optimum non-coherent 



reception  of  signals  in  the  AMC  channel  to  the  "white  noise".  Abstract  noiseless 

coding  and  modulation  types  using  the  program  «SystemView»  were  shown. 

 

The questions of the organization of occupational safety and health and safety 



were discussed, as well as lists for the required calculations. 

 

Economic  part  has  technical  and  economic  parameters  of  the  project,  which 



confirms that the project is economically feasible and efficient. 

 



Мазмұны 

Кіріспе ........................................................................................................................ 8 

1 Байланыс арналарындағы бөгеуілдерді талдау ................................................... 9 

1.1 Ақпаратты тарату жүйесі  және  байланыс арнасы ...................................... 9 

1.2 Байланыс арналарының жіктелуі және сипаттамалары ............................. 10 

1.3 Бөгеуілдер және оладың сипатамалары ...................................................... 11 

1.4 Тарату жүйесіндегі түрлендірулер ............................................................... 17 

2 Сигналдарды қабылдаудың бөгеуілге тұрақтылығы ........................................ 30 

2.1 Ақпарат  тарату  жүйесінің моделі ............................................................... 30 

2.2 Хемминг кодының түзету мүмкіндігі .......................................................... 35 

2.3 Мәліметтерді тізбектей таратуды ұйымдастыру ........................................ 39 

2.4 Бөгеуілге тұрақтылықты арттыру әдістері .................................................. 44 

2.5 Сигналдарды тиімді қабылдау...................................................................... 45 

2.6 Ақпарат тарату жүйесіндегі кері байланыс ................................................ 51 

3 Негізгі есептеу бөлімі .......................................................................................... 53 

3.1 Модуляция жылдамдығы мен ақпаратты тарату жылдамдығын есептеу 53 

3.2 Кодтық комбинацияны қате қабылдауының ықтималдылығын есептеу. 54 

3.3 Жұптыққа тексеретін түзетуші кодпен кодтау ........................................... 55 

3.4 Сигналдың амплитудасын анықтау ............................................................. 56 

3.5 Түзетуші кодалар ........................................................................................... 57 

3.6 Бөгеулерге қарсы тұратын кодтауды зерттеу ............................................. 59 

3.7  ЦФМ сигналдардың оптималды когеренттік қабылдауы......................... 63 

3.8 Оптималды қабылдағышты қолданудағы сигнал/шу қатынасын есептеу

 ................................................................................................................................ 67 

4 Өмір тіршілік қауыпсіздігі .................................................................................. 73 

4.1 Қызмет көрсету жұмысшыларының еңбек шартын сараптамалау ........... 73 

4.2 Табиғи жарықтану есептеу ........................................................................... 75 

4.3 Жарық ағының пайдалану коэффициенті әдісімен жасанды жарықтануды 

есептеу ................................................................................................................... 77 

4.4  Өрт қауіпсіздігі.............................................................................................. 79 

4.5 Желдету жүйесін орнату ............................................................................... 79 

5 Бизнес- жоспар ..................................................................................................... 81 

    5.1 Түйін ............................................................................................................... 81 

5.2 Жобаны ұйымдастыру уақыты ..................................................................... 81 

5.3 Телекоммуникация нарығы .......................................................................... 81 

5.4. Интеллектуалды еңбектің құнын есептеу .................................................. 80 

5.5 Өндірістік жұмыстың құнын есептеу .......................................................... 85 

5.6 Интеллектуалды еңбек бағасы...................................................................... 89 

Қорытынды .............................................................................................................. 91

 

Қысқартылған сөздер .............................................................................................. 90 



Қолданылған әдебиеттер тізімі .............................................................................. 91 

А қосымша

 

- Сигналға ақ шуылдың әсер етуін үлгіде (модельде) көрсету



  

Ә қосымшасы - Плагиат туралы мәліметтер 



 

Б қосымшасы қосымшасы - ДЖ электронды үлгісі 



В қосымшасы - Таратылатын мәліметтер 

 


 

10 


 

Кіріспе 

Телекоммуникация  бүгінгі  таңда  ғылыммен  техниканың  қарқынды 

дамып  келе  жатқан  ағымдарының  бірі  болып  табылады.  Біздің  заманның 

айқын  ерекшелігі  -  үлкен  қашықтыққа  ақпарат  ағындарын  тарату 

қажеттіліктілігінің  үздіксіз  өсуі.  Бұл  көптеген  себептермен  шартталған 

біріншіден,  байланыс  ел  экономикасын  басқарудағы  маңызды  орын 

алатынымен түсіндіріледі.  

Бөгеуілдері  бар  байлыныс  арнасы  арқылы  ақпарат  жіберу  кезінде 

қабылданатын  мәліметтерде  қате  тууы  мүмкін.  Егер  мүндай  қателердің 

өлшемі  аз  болса  немесе  олар  сирек  туындаса,  онда  ақпарат  тұтынушымен 

қалпына келтірілуі мүмкін. Қателіктердің саны көп болған жағдайда алынған 

ақпаратты  қолдануға  болмайды.  Ақпаратты  бөгеуілге  тұрақты  кодтау 

әдістерінің  көп  түрі  бар,  бірақ,  олардың  барлығы  мынаған  негізделген: 

бөгеуілге  тұрақты  кодтау  кезінде  хабарламаның  ішіне  арнайы  жолмен 

ұйымдастырылған,  қабылдайтын  жақта  пайда  болған  қателіктерді  анықтап 

жөндеуге  мумкіндік  беретін  артықшылық  енгізіледі  (жіберілетін  кодтық 

тізбектелулерге  артық  символдар  енгізіледі).  Мәліметтерді  жіберу  кезінде 

ақпараттың  бөгеуілге  тұрақты  кодталуы  міндетті  операция  болып 

табылмайтындығын  айта  кеткен  жөн.  Бұл  процедура  (және  оған  сәйкесті 

мәлімет  жіберудің  радиотехникалық  жүйесінің  құрылымдық  сүлбасындағы 

блоктары)  болмауы  да  мүмкін.  Алайда  бұл,  жүйенің  бөгеуілге 

тұрақтылығының  айтарлықтай  шығындарына,  жіберу  жылдамдығының 

төмендеуіне және ақпарат жіберудің сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруы 

мүмкін.  Сондықтан  барлық  заманауи  жүйелер  (ең  қарапайымдарын 

санамағанда)  құрамына  эффектілік  және  бөгеуілге  тұрақты      мәліметтерді 

кодтау кіруі тиіс.  

Ақпаратты  қабылдағыш  максималды  мүмкін  дәлдікпен  қабылданған 

сигнал  бойынша  шығысында  жіберілген  хаттаманы  қайта  өндіруі  керек. 

Қабылданған  кодталған  сөздер  тізбегі,  кодталған  сөздерден  өзге  болуы 

мүмкін, яғни құрамында қателері болуы мүмкін. 

Мұндай  қателіктердің  саны  арнадағы  бөгеуілдердің  деңгейіне, 

модуляция  тәсілі  мен  сигналды  таратуға  таңдалған  тарату  жылдамдығына, 

сонымен  қатар  радио  сигналдың  қабылдау  тәсіліне  байланысты.  Арна 

декодорының мақсаты – бұл қателерді тауып мүмкіндігінше түзету. Бөгеуілге 

тұрақты кодты, кодтау тәсілін, сонымен қатар кері кодтау тәсілін таңдау, арна 

декодорының  шығысында  түзетілмеген  қателер  мейілінше  аз  болатындай 

етіледі.  

Ақпаратты  тарату  жүйесіндегі  бөгеуілге  тұрақты  кодтау/керікодтау 

мәселесіне    қазіргі  таңда  көп  көңіл  бөлінуде,  өйткені  бұл  әдіс  таратудың 

сапалылығын арттыруға мүмкіндік береді.  



 

 

 

11 


1 Байланыс арналарындағы бөгеуілдерді талдау 

1.1 Ақпаратты тарату жүйесі және байланыс арнасы 

Ақпаратты  тарату  жүйесі  -  хабарды  таратуды  қамтамасыз  ететін, 

техникалық құралдардың және тарату орталарының жиынтығы. 

Радиотехникалық  ақпарат  тарату  жүйесін  (немесе  байланыс  жүйесі), 

нақты  жүйенің  техникалық  іске  асырылуының  сұрақтарын,    абстракциялана 

отырып олардың құрылымын, жалпы заңдылықтары мен ұстанымдарын ұғуын 

жалпы қабылданған модельдер бойынша қарастырамыз. 1.1 суретінде ақпарат 

тарату жүйесінің жалпыланған құрылымдық сұлбасы келтірілген. 

 

 

 



1.1 сурет - Ақпарат тарату жүйесінің жалпыланған құрылымдық сұлбасы 

 

Мәлімет  тарату  жүйесіне  қатысты  негізгі  түсініктерін  қысқаша  айта 



кетіп,  біз  талқылаған  есептеулер  тұрғысынан,  келтірілген  жүйе  моделінің 

элементтер функциясын және тағайындалуын сипаттаймыз.  

Хабарлама  -  қашықтыққа  таратуға  ыңғайлы,  ақпаратты  сипаттау 

формасы. Хабарламаның ақпараттық параметрі – өзгеруінде мәлімет салынған 

параметр.  Мәліметтік  параметрлердің  өзгеру  сипаттамасына  сәйкес 

хабарламалар үздіксіз және дискретті болып бөлінеді. 

Сигнал  -  берілетін  хабарламаны  көрсететін  физикалық  процесс. 

Хабарламаны  көрсету,  процессті  сипаттайтын  қандай  да  бір  физикалық 

шаманың  өзгеруімен  қамтамасыздандырылады.  Бұл  шама  сигналдың 

ақпараттық параметрі болып табылады.  

Сигналдар, хабарламалар секілді, үздіксіз және дискретті болуы мүмкін. 

Үздіксіз сигналдың ақпараттық параметрі уақыт өтуімен белгілі шектегі кез - 

келген  лездік  мән  қабылдауы  мүмкін.  Үздіксіз  сигналды  көбінесе  аналогтык 

деп  атайды.  Дискреттік  сигнал  мәліметтік  параметр  мәнінің  соңғы  санымен 

сипатталады. Әдетте бұл параметр барлығы екі мән қабылдайды.  

Хабарлама  көзімен  шығарылатын  (ХК)  хабарлама,  хабарлама-сигнал 



 

12 


түрлендіргіші  (Хабар/С)  көмегімен  біріншілік  электрлік  сигналға  айналады. 

Біріншілік  сигналдарды  байланыс  желісі  арқылы  тарату  әрдайым  ыңғайлы 

болмайды  (ал  кейде  ол  мүмкін  емес).  Сондықтан  біріншілік  сигналдар 

мәліметтерді  жіберуші  (МТ)  көмегімен  сипаттамалары  байланыс  желісінің 

сипаттамасымен  жақсы  үйлесетін  екіншілік  деп  аталатын  сигналдарға 

түрлендіріледі.  

Функционалды  мағынада,  радиотаратқыш  құрылғысы  негізінде 

радиожиіліктік  сигналды  (радиосигналды)  құрастыруға  және  сәулелендіруге 

арналған  құрал  -  жабдық  жиынтығы  түсіндіріледі.  Функционалды  түйін 

ретінде радиотаратқыш  құрамына  тасымалдаушы  генератор,  модулятор  және 

таратылатын  ақпаратты  кодтауға  арналған    құрылғылар  кіреді.  Бұдан  басқа, 

радиотаратқыш құрылғылардың құрамына (әсіресе қуатты құрылғылар) басқа 

да  көптеген  құрал  -  жабдық:    қорек  көздері,  салқындату,  автоматты  және 

қашықтықтан басқару, дабылдағыш, қорғаныс және т.б. құрылғылары кіреді. 

Біздің  бақылауға  қатысты,  бізді  кодтаудың  белгілі  бір  амалдары  көмегімен 

таратылатын  хабарламаның  ақпараттық  қорғанысын  қамтамасыздандырудың 

мәселелері қызықтырады. Олар келесі бөлімде қарастырылады. 

Радиотаратқыш құрылғылардың негізгі көрсеткіштері шартты түрде үш 

топқа 

бөлінеді: 



энергетикалық, 

электромагниттік 

үйлесімділіктің 

көрсеткіштері  және  сапалық.  Олардың  ішінде  осы  жұмыста  біз  сапалық 

көрсеткіштерге  аса  көңіл  аударамыз.  Олардың  астарында,  ақпаратты 

бүлінбеген  күйінде  таратып,  қабылдап  алатын  байланыс  құралдарына 

салынатын  техникалық  мүмкіншіліктер  мен  таратылатын  сигналдың 

форматын түсінуге болады. 



1.2

 

Байланыс арналарының жіктелуі және сипаттамалары 

Электрбайланыс  техникасының  негізгі  ұғымы  болып  электрбайланыс 

арнасы табылады.  

Электрбайланыс арнасы - электрбайланыс біріншілік сигналдарын хабар 

түрлендіргіштен  біріншілік  сигнал  жасаушыдан  біріншілік  сигналды  хабарға 

түрлендіргішке  тасымалдануын  қамтамасыз  ететін  техникалық  құралдар  мен 

тарату ортасының кешені. 

Байланыс арналарының жіктелуі 

Тасымалданатын біріншілік сигналдардың түріне қарай:  

 

- телеграфтық; 



 

- телефондық; 

 

-дыбыстық; 



 

- телевизиялық; 

 

-мәліметтерді тасымалдау болып бөлінеді. 



Арнаның кірісі мен шығысындағы сигналдың сипатына қарай:  

 

- дискретті; 



 

- үздіксіз (аналогты); 

 

- дискретті - үздіксіз немесе үздіксіз-дискретті. 



Арналық сигналдардың ажырау тәсіліне қарай:  

 

13 


 

- ажыратудың жай тәсілдерімен.  

 

Мысал: теңселмейтін көпір тәсілімен ажырату.  



 

- ажыратудың күрделі тәсілдері көмегімен.  

 

Мысал: сызықты ажыратумен (уақыттық, жиіліктік ажырату көмегімен); 



сызықты емес ажыратумен (деңгей бойынша, комбинациялық ажырату). 

Алатын жиілік жолағына қарай: 

 

- таржолақты. Мысал: тоналды жиілік арнасы(300…3400 Гц); 



 

- кеңжолақты.  

 

Мысал:  телевидение  кескіндерін  тасымалдау  арнасы(50…6500000  Гц). 



Электрбайланыс сигналдарының таралу ортасына қарай:  

 

- тасымалдауыш байланыс.  



 

- радиобайланыс. 

Арнаның кірісі мен шығысындағы сигналдардың ара қатынасы бойынша:  

 

- детерленген ара қатынаспен;  



 

- ықтималды ара қатынаспен  



  Байланыс арналарының сипаттамалары 

  Байланыс арналары 3 параметрмен сипатталады: 

 

Т



к  

қолдану уақытымен   

 

- динамикалық диапазонмен D



к

 



ΔF

к  

өткізу жолағымен . 

  Арнаның 3 параметрінің көбейтіндісі оның сыйымдылығы деп аталады: 

 

V

k

=T

k

D

k

ΔF

k

. 

 

 

Сигналдың арнамен үйлесу шарты 



 

V

c

≤V

k



 

  Жай 


түрінде  сигнал  арнаның  барлық  параметрлері  бойынша 

сәйкестендіріледі: 

 

T

c

≤T

k

, D

c

≤D

k

, ΔF

c

≤ΔF

k

 

Байлыныс  арнасы  –  сигналдың  қашықтыққа  таратылуын  қамтамасыз 



ететін  техникалық  құрылғылардың  (түрлендіргіштердің)  және  тарату 

ортасының жиынтығы.  

Жасанды тарату ортасын (метал сымдар,оптикалық талшық) қолданатын 

байланыс  арналары  мен  жүйелері  сымды,  ал  сигналдары  ашық  кеңістік 

арқылы  таратылатын  арналар  мен  байланыс  жүйелері  –  радиоарналар  және 

радиожүйелер деп аталады. 



1.3 Бөгеуілдер және оладың сипатамалары  

  Бөгеуіл  –  қабылданған  сигналдың  жіберілген  сигналға  кездейсоқ 

ауытқушылық жасайтын, сигналға бөгеуіл келтіретін кез келген әрекет.  



 

14 


  Бөгеуілдер жіктеледі: 

Бөгеуілдің пайда болу жеріне қарай: 

  - сыртқы  (байланыс арнасынан тыс): 

  -  атмосфералық.жердегі  атмосферадағы  электрлік  құбылыстармен 

байланысты. Көздері:найзағай разрядтары, полярлы жарқыраулар;  

  - ғарыштық.жерден тыс нысандардағы электромагниттік құбылыстармен 

байланысты. Көздері : Күн, жұлдыздар, жұлдызаралық газдар; 

  - өнеркәсіптік. Адамның іс-әрекетімен байланысты. 

Көздері:өнеркәсіптік, медициналық қондырулар,  электротранспорт; 

  - бөгде байланыс құралдарынан; 

- ішкі (арнаның өзінде болады). Көздері : жылулық шуыл және бөлінген 

шуыл. 


Сигналға әсер ету сипаты бойынша: 

  - аддитивті - мәндері сигналдардың лездік мәндерінің қосындысы болып 

табылатын бөгеуілдер:  

 

n(t)



s(t)

z(t)


 



 

 

мұндағы 



)

(t



z

 - қабылданатын тербеліс; 

)

(t



s

 - тасымалданатын сигнал; 

)

(t



n

 - бөгеуіл. 

 

Сигнал жоқ болса да орын алады



  - мультипликативті – мәндері сигналдардың лездік мәндерімен көбейтіл-

етін бөгеуілдер: 

 

n(t)


s(t)

z(t)


 



 

 

Сигнал бар кезде ғана орын алады. 



Пішіні бойынша бөгеуілдер: 

  -  флуктуациялық  (уақыт  және  жиілік  бойынша)  -  кездейсоқ  түрде 

өзгеретін үздіксіз тербелістер.  

  Бөгеуілдер спектрі аса үлкен; 

  - гармоникалық (жиілік бойынша) 

  - импульстік (уақыт бойынша)  

  Бөгеуілдер  алдын  ала  белгісіз  болғандықтан  оларды  толықтай  жою 

мүмкін емес. 

 

Жалпы  бөгеуілдердің  классификациясы  және  олардың    дерекөзі  1.2 



суретте көрсетілген.Бөгеуілдердің  дереккөздерінің ішкі жұмысы және сыртқы 

шумы,шынжырларда және аспаптарда орын алады.  

 

Ішкі  шулардың  әсер  ету:  шумдық  жылулар  ,еркін  электрон  сымдары 



және  әр  түрлі  активті  элементтер;дробты  шулардың  жартылай  сымды 

аспаптары,кездейсоқ  диффузиялық  негізгі  емес  құраушылар  және  кездейсоқ 

туындаулар  және  рекомбинациялық  электрондық  тесіктер.  Бытыралы  шу 

токтарының  нәтижесінде,  эммитерлер  электрондары  біліктеледі,біріақ 



 

15 


тұрақты  болмайды  және  флукт  орташа    мәнге  ие  болады.Ішкі    шуларды 

флуктационды  жалғауларға  нормалы  заңдық  амплитудаларды    қосуымызға 

болады.  

 

Сыртқы  жалғанулардың    арналық  байланысы  көбірек  әсер  етеді,негізгі 



жалғанған  орнатулар  жоғары  жиілікке  ие  болады,  медициналық 

электроқұрылғысы  болады.  Бұлардың  негізгі    себебі  біліктілері  болып 

есептеледі.  Өндірістік  тосқауылдар  әр  түрлі  құрылғыларды    құрайды 

(электрлік  транспорттарды  ,  электрлік    дәнекерлеуді  ,  автомобилдік 

жүйелерді,жоғары жиілікті  құрылғыларды,  медициналық құрылғыларды).  

  

Өнеркәсіптеде  бөгелулерге  әсер  етеді,  орындалулар  және  басқада 



электрлік  разрядтар  сызықтық  электротаратқышқа  жоғары  күш  түсіреді.Бұл 

бөгелулер  жоғары  сапалы  ЛЭП  каналдарына  жатады.  Атмосфералық 

бөгелулердің    электр  зарядтары  атмосфераға    тасымалданады.Бұдан  басқа 

диапазондардың  радиотолқындары  және  жоғары  жиілікті  анықталған 

космостық  жиілік,  сәулеленудің  электромагниттік    толқындарында 

анықталады,жұлдыздар және басқа космостық объектілерде. КВ, СВ және ДВ-

ларда  атмосфералық  бөгеуілдер  негізгі  найзағай  әсерінен  туындайды. 

Атмосфералық бөгеуілдер сондай ақ үлкен разрядтарды құрамайды, электрлік 

бөліктері атмосферада  құрайды (қар, шаң ). 

 

 



 

1.2 сурет - Бөгеуілдердің классификациясы 

 

Аддитивті  бөгеуілдер  пайда  болу  себептеріне  қарай  әр  түрлі  болады. 



Дегенмен аддитивті бөгеуілдердің барлығын негізгі үш түрге белуге болады. 

Олар: флуктуациялық, гармоникалық және импульстік бөгеуілдер. 

Флуктуациялық  бөгеуіл  -  берілген  орташа  қуатымен  сипатталып, 


 

16 


энтропиясы  ең  көп  бол5андықтан,  арнаның  өткізу  қабілетін  төмендетеді. 

Бірыңғайлы  түрде  кездесетін  флуктуациялық  бөгеуіл  барлық  нақты 

каналдарда кездеседі. Ола электр сұлбасындағы элементтерде электрондардың 

жылулық  тәртіпсіз  қозғалысыпан  пайда  болып,  уақыт  бойынша  үздіксіз 

кездейсоқ  процесс  болып  саналады.  Ф.б.  сымдардағы  зарядтардың  жылулық 

флуктуациясынан шыққан әр түрлі ұсақ қозғалыстардың қабаттасуынан пайда 

болатын кездейсоқ процесс. Флуктуациялық бөгеуілдің ықтималдығын белгілі 

заңдылықпен  таралатын  тұрақты  кездейсоқ  процесс  деп  сипаттауға  болады. 

Ол  орташа  қуатықмен  және  энергетикалық  спектрімен  сипатталады. 

Флуктуациялық 

бөгеуілдің 

оң 


және 

теріс 


таңбалы 

мэндерінің 

ықтималдықтары бірдей болады. Сондықтан оның кернеуінің орташа шамасы 

нөлге тең болып, ал оның дисперсиясы орташа қуатына тең болады. Мұндай 

бөгеуіл  ықтималдығының  тығыздығы  Гаусс  тендігімен  жазылып,  қалыпты 

заңдылықпен анықталады. 



 

Гармоникалық бөгеуілдің спектрі арнаның өткізу жолағынан әлдеқайда 

аз  болады.  Оны  кейбір  еңбектерде  шоғырланған  бөгеуіл  деп  атайды. 

Гармоникалық  бөгеуіл,  негізінен,  байланыс  арналарының  арасындағы  ауысу 

өшеулігінің  төмендеу  салдарынан  бір  арнамен  берілген  сигналдың екінші 

арнаға өтуінен пайда болады. 



 

Импульстік  бөгеуіл  -  спектр  бойынша  емес,  уақыт  бойынша  пайда 

болатын  богеуіл.  Импульсті  бөгеуілдің  биіктігі  сигналдың  амплитудасымен 

қарайлас  немесе  одан  да  биік  болуы  мүмкін.  Бірақ  оның  ұзақтығы  арнамен 

жүретін  сигналдың  ұзақтығынан  қысқа  болады.  Импульстік  бөгеуіл  бір 

арнадан  екінші  арнаға  өтуден,  қоректендіру  көздерін  ауыстырьш  қосудан, 

ондірістік  құрылғылардың  әрекеттерінен  және атмосфералық құбылыстардың 

өсерінен пайда болады. 



 

Мулыпипликативті  бөгеуілдер  -  сигналдардың  спектрлік  құрамының 

барлық  жиіліктерінің  салыстырмалы  түрде  өзгеруіне  байланысты  пайда 

болады. Байланыс арнасының тұзусызықты емес сипаттамасының салдарынан 

пайда  болатын  және  жүйелі  бір  зандылыққа  бағынбайтын,  сигналдың 

бүзылуына  соқтыратын  бөгеуілді  аддитивті  емес  немесе  мультипликативті 

бөгеуіл  деп  атайды.  Оларға  байланыс  арналары  парамстрлерінің  уақыттық 

флуктуациясынан  шығатын  богеуілдер  де  жатады.  Сөйтіп  мултипликативті 

бөгеуілге  байланыс  арнасының  сигнал  беру  коэффициентінің  кездейсоқ 

өзгерісі  жатады.  Сымды  байланыс  жолы  арналарындагы  мультипликативті 

бөгеуілдердің  көп  кездесетін  түрі  -  сол  байланыс  арналарындагы  әр  түрлі 

себептерден  қалдық  өшулікгің  өзгеруі.  Ондай  себептерге  мысал  ретінде 

сигнал  деңгейін  автоматты реттейтін  құрылгылардың дұрыс  жұмыс істемеуі, 

генератор  және  басқа  қоректеңдіру  көздерінің  ауыстырылып  қосылуы, 

қызметшілердің қате әрекеттерін келтіруге болады.Қалдық өшулік өзгерісінің 

екі  түрі  болады.  Біріншісі  -  қалдық  өшуліктің  азаю  немесе  көбею 

ықтималдыгының баяу өзгеруі. Мұндай өзгерісті сигнал беру коэффицентінің 

тұрақсыздыгы дейді. Екіншісі - қалдық өшуліктің аз уақыт ішінде тез өзгеруі. 

Олар  сигнал  деңгейінің  тез  өзгеруінен  пайда  болады.  Егер сигнал деңгейі 


 

17 


қабылдау  аппаратуралары  деңгейінен  томен  түсіп  кетсе,  ондай  өзгеріс  үзіліс 

туғызады. Сигнал 17,4 дБ төмендесе, оны үзіліс туғызатын терең өзгеріс деп 

атайды.  Ондай  өзгеріс  туғызатын  себептерге  мыналар  жатады:  байланыс 

жолындағы  түйіспенің  (контакт)  жылжуы,  жалғау  кезіндегі  тізбектердің 

үзілуі,  топтық  күшейткіштер  жүктемесінің  көбейіп  кетуі,  қызметкерлер 

өрекеттерінің қателігі және т.б. келтіруге болады. Егер үзіліс 300 мс-тан артық 

болса, онда ол үзіліс емес, тоқтап қалған болып саналады  

 

Байланыс  желілерінің  (БЖ)  типтерін  сигналдарының  таралу  ортасына 



байланысты сымды және ауа желісі (радиожелі) деп бөлуге болады. Байланыс 

желісінде келесі негізгі талаптар көрсетіледі: 

-  практикада  қойылатын  талаптарға  сай  арақашықтық  байланысын 

жүзеге асыру; 

- әртүрлі хабарламаны таратудың кеңжолақтылығы және жарамдылығы; 

-  тізбектердің  өзара  әрекеттесуінен  және  сыртқы  кедергіден  қорғау, 

онымен  қатар  физикалық  әсерден  (атмосфералық  құбылыстан,  корозия  және 

т.б. ); 


-  желідегі  параметрлердің  тұрақтылығы,  байланыстың  сенімділігі  және 

тұрақтылығы; 

-жалпы байланыс жүйесінің үнемділігі. 

БЖ  тізбектері  арқашан    шығу  тегі  әртүрлі,    сыртқы  электрмагниттік  

өрістердің  ықпалында  болады.  Бөгде  өрістердің  негізгі  екі  топтарын 

қарастыруға болады: 

-ішкісі  -  берілген  байланыс  желісінің  көршілес  физикалық  және 

жасанды тізбектері;  

-  сыртқысы  -    байланыс  желісімен  энергетикалық  және  конструктивтік 

байланыспаған. 

Өз кезегінде сыртқы кедергілер көздері шығу тегіне байланысты былай 

бөлінеді:  

- шынайы – найзағайдың разряды, күндік радиация және т.б.;  

-  жасанды,  яғни  адам  қолымен  жасалынатын  –  жоғарывольттық  тарату 

желілері,  радиостанциялар,  электрленген  темір  жол  желілері,  өндіріс 

мекемелерінің  электрлік  желілері  және  энергия  сыйымдылығы  бөлек 

құрылғылар. 

Сыртқы  электрмагниттік  өрістер  байланыс  желісіндегі  кедергілерді 

индукциялайды,  олар  тек  қана  таратудың  сапасын  ғана  төмендетпей, 

байланыс  желісіндегі  сигналдар  таралатын  хабардың  бұрмалауына  алып 

келетін паразиттік өзгертулер алып жүреді. 

Көрсетілген  әсер  етуді  электрмагниттік  әсер  немесе  жай  байланыс 

желісінің тізбегіне әсер ету деп атайды  

 

Байланыс  радиожелісінде  басым  көпшілігінде  электрмагниттік 



толкынның  таралу  ортасы  (  ғарыштық  аппараттардың  арасындағы 

байланысты алмағанда) Жер атмосферасы болып табылады. 

Таратқыш  антенналар  шағылыстыратын  радиотолқындар,  қабылдау 

антенасына түсу ден бұрын, жалпы жағдайда күрделі жолға алып келеді. 



 

18 


 

Өріс  кернеулігі  деңгейіне  қабылдау  нүктесі  көптеген  факторлардың 

әсерін көрсетеді. Олардың ішіндегі негізгілер: 

 

- электрмагниттік толқынның Жер бетінен шағылуы; 



- ионданған атмосфера қабатында сынуы

- төменгі атмосфера қабатына біртектісіз диэлектрліктің шашырауы; 

- жер сферасының дөңестіктер дифракциясы. 

Тағы  өріс  кернеулігі  қабылдау  нүктесі  толқынның  ұзындығына,  жер 

атмосферасының  күнмен  жарықтануына  және  басқа  факторлардың  қатарына 

байланысты. 

Берілген  жүйе  жалпыға  бірдей    және  телекоммуникация  құрылғылары 

және 


электрмагниттік 

үйлесімділік 

мәселесі 

деп 


аталады. 

Телекоммуникациялық  құрылғылардың    және  жүйенің  құрылыспен 

эксплуатациясын  проектирлеу  процесінде  келесі  қарама-қайшылық  еске  алу 

керек: 


-  сыртқы  электрмагниттік  өрістің  әсерінен  телекоммуникация  жүйесін 

қорғау жұмысы жақсы болуын қамтамасыз ету керек; 

-  проектирлеуші  құрылғылардың  және  жүйенің  басқа  құрылғыларға 

электрмагниттік өріс деңгей мәнінің әсерін шектеу;  

-  салынған  хабарлама  -  сигналдардың  бұрмалануы  және  оларды  жою  

мүмкін қателіктерін қарастыру.  

Бізде  таратылған  хабарламаның  ақпараттық  және  техникалық 

мүмкініктері табу және түзетудің паразиттік әсерін қарастыру. 

Радиоқабылдағыш  -  радио  сәуле  шығаруда  белгіленген  сигналдар. 

Радиоқабылдағыш  (РҚ)  басқарылатын  жерде  біруақытта  радио  сәуле 

шығарудың  көптеген  арнайы  және  жасанды  көздері  бар  болады. 

Радиоқабылдағыштың  орнына  радио  сәуле  шығарушы  жалпы  қуаттың  аз 

бөлігін  ғана  радиосигналдың  пайдалы  қуаттың  құрайды.  Радиоқабылдағыш 

құрылғының  мақсаты  белгіленген  пайдалы  радиосигналдың  көптеген  басқа 

сигналдардға  және  мүмкін  бөгеуілдерге  апарылады,  және  де  таралатын 

сигналдың (Хабар/C) қалпына келтірілуі. 

Радиоқабылдағыш құрылғының  негізгі  көрсеткіштері жұмыс  жиілігінің 

аралығы,  сезімталдылығы,  таңдаулығы  және  Бөгеуілге  тұрақтылығы  болып 

табылады.  Осылардың  ішінен  біздің  жұмысқа  қатысты  радиоқабылдағыш 

құрылғының  Бөгеуілге  тұрақтылығын  белгілейміз,  оның  қабілеттілігіне 

кедергі  бөгеуіл  әсер  етеді,  атап  айтқанда  қабылданған  ақпараттың 

бұрмалануын жою.  

Қарастырып  отырған  модель  негізгі  элементтерден  тұрады,  ақпаратты 

тарату  жүйесінің  қарапайым  көркемдеуін  көрсетеді  және  қызмет  етеді, 

сондықтан бұл әрекеттерді практикалық шағылыстырмайды, ақпаратты тарату 

көзінен пайдаланушыға тапсырылу орындалу қажет. 

Айта  кететін  болсақ,  тарату  кезінде  де  (радиотолқындарды  қолдану 

кезінде  ғана  емес),  сақтауда  да  (оптикалық  дискілерде,  магниттік 

тасушыларда  және  компьютерлер  жадысында)  бірдей  қателіктер  болады, 

сондықтан  оларды  шешу  тәсілдері  және  техникалық  құрылғыларының 



 

19 


құрылымы  көбінше ұқсас болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет