д) Мақал-мәтелдердің қҧрамы мен қҧрылысын жаймалап қолдану
Кҿркем шығармада мақал-мҽтелдердің құрам-құрылысын жаймалап қолдану да жиі
кездеседі. Мақал-мҽтелдерді жаймалап қолдану барысында олар еркін тіркестік сипат алып,
сҿйлеу тіліне жақындайды. Бұл тҽсіл негізінен мақал-мҽтелдердің контекстегі мағынасын дҽл
беруде, мазмұнын кеңейтуде, эмоциялық, экспрессиялық реңін күшейту мақсатында
қолданылады. Мысалы,
Ӛзекті жанға бір ӛлім.
Екі атадан қалған екі бала әкелері тындырмағанды ӛздері тындырардай, өзекті
жанға келмей қоймайтын өлім нақ бір бұларды айналып ӛтердей, бір-біріне бұрынғыдан
бетер ӛшіге түсті [Сүйекші, 251].
Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды.
«Бояушы, бояушы» деп, сақалын бояп барады-ау осы! - деп, тістене түсіп, қатты
ызаланып отыр [Абай жолы, 487].
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
- Мырзалар, мен сіздер секілді ерігіп жүрген жан емеспін, сіздер тойып секіріп
жүрсіздер, мен тоңып секіріп жүрмін [Сүйекші, 235].
46
Кҿрсетілген мақал-мҽтел компонентерінің арасына сыналап сҿз енгізіліп, құрамы
жаймалап қолданылған.
Мҽтін ішінде мақал-мҽтелдердің құрамын ықшамдап пайдалану немесе сыңарларының
арасына сҿз сыналату, лексикалық құрамын жаймалап қолдану секілді ерекшеліктер
жазушының сҿз саптау шеберлігіне байланысты ҽрқалай кҿрінеді. Кҿркем ҽдеби тілдің
негізгі қайнар бұлағы жалпыхалықтық тіл болса, осы жалпыхалықтық тіліміздің бір тармағы
мақал-мҽтелдерді кҿркем шығармада дұрыс пайдалана білу – ҽрбір жазушының стильдік
талғамына байланысты болса керек.
Ҽдебиет тізімі
1 Қазақ ҽдеби тілі тарихының проблемалары. // Ҽ.Қайдаровтың кіріспе сҿзі. –Алматы:
Ғылым, 1987. -171 б.
2 Қазақ ҽдеби тілінің ауызша түрі. – Алматы: Ғылым, 1987. -200б.
3 Сҽрсенбаев Р. М.Ҽуезовтің «Абай жолы» романындағы мақал-мҽтелдердің
қолданылуы // Қазақ тілінің мҽселелері. – Алматы, 1980. -53 б.
4 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы: Ғылым, 1968. -264 б.
5 Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы: Арыс, 1999. -228 б.
6 Смағұлова К. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің варианттылығы: Канд.дисс. –
Алматы, 1983. -211 б.
7 Қайдаров Ҽ., Тұрабаева Ғ. Қазақ мақал-мҽтелдері мен авторлық-стильдік
инварианттары жайында // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл, ҽдебиет сериясы. –Алматы, 1982,
№3.
8 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің кҿркем ҽдебиетте қолданылуы. –Алматы:
Мектеп, 1972. -112б.
9 Каменская О.Л. Текст и коммуникация. –Москва: Высшая школа, 1990. -152 с.
10 Шалабай Б. Кҿркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері: Докт.дисс. -
Алматы, 1997. -338 б.
Пайдаланылған кҿркем ҽдебиет тізімі
1 Исабеков Д. Таңдамалы, 1-2 томдар. -Алматы: Жазушы,1993.-544 б.
2 Ҽуезов М. Абай жолы. 2-кітап. -Алматы: Жазушы, 1989.- 616 б.
3 Мағауин М. Кҿк мұнар. -Алматы: Жазушы, 1972. - 199 б.
4 Мүсірепов Ғ. Ұлпан. -Алматы: Жазушы, 1975. -280 б.
В статье рассматривается проблема функционирования пословиц и поговорок
казахского языка в художественных текстах, выражения их значения в текстах.
Пословицы и поговорки в художественных текстах зачастую употребляются в
имплицитных значениях. В тексте пословицы и поговорки применяются в традиционном и в
трансформационном виде. Это связано со стилем каждого писателя.
The problem of the functioning of proverbs and sayings of the Kazakh language in literary
texts, expressing their values in texts. Proverbs in literary texts are often used in the implicit
meanings. The text of the proverbs are used in traditional and transformational form. This is due to
the style of each writer.
47
ҼҾЖ 81,42
Қ.С. Дүсіпбаева
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Астана, Қазақстан
ЭКОЛИНГВИСТИКАДАҒЫ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МЕТАФОРА
Бұл мақалада лингвоэкологияны тіл білімінің бір бағыты ретінде қарастырып,
лингвоэкологияның ӛз ішіндегі бағыттарына және лингвоэкологияның негізгі түсініктеріне
тоқталады.Автор концептуалдық метафораның әлемдік тіл білімінде зерттелуін
қарастырады. Концептуалдық метафора термині сӛздердің ауыспалы мағынада берілуінің
ерекше түрлері үшін қолданылады. Метафораның түрлеріне тоқтала отырып, когнитивті
лингвистикада кеңінен зерттелгенін тілге тиек ете отырып, эколингвистикада
метафораны барлық қырынан зерттеуге болатынын айтады. Фрейм терминіне түсінік
бере отырып, оның метафоралық таңбалану түріне назар аударады.
Кілт сӛздер: тілэкологиясы, эколингвистика, дискурс, метафора, лингвистика.
Дамушы елдерде осыдан 30 жыл бұрын қоршаған ҽлем мҽселелері туралы айтыла
бастаған жҽне ҽртүрлі ғылым салаларында осы мҽселелер тҿңірегінде жұмыс істейтін
қосымша пҽндер енгізіле бастады.
Соңғы жылдары эколингвистика қарқынды дамып келеді, оған деген қызығушылық та
жылдан-жылға артуда.
Эколингвистика-тіл білімінің жаңа бұтағы. Ол лингвистикадағы ҽлеуметтік,
психологиялық
жҽне
философиялық
бағыттардың
түюсуінде
пайда
болды.
Эколингвистикада тілді ҿзара ҽсер аспектісінде қарастырады. Сонымен бірге экологияда тірі
ағзалардың ҿзара жҽне қоршаған ортамен ҿзара ықпалы қарастырылады. Эколингвистика
тілдер аралығындағы ықпалды жҽне тілдер мен олардың «қоршаған» ортасымен, яғни олар
қолданылатын қоғаммен арақатынасын да зерттейді.
Тіл біліміндегі жаңа салаға «экологияға» қатысты атау берілуі «экология» терминінің
жаңғыруымен тікелей байланысты. 1866 ж. Эрнест Геккель алғаш рет «экология» терминін
енгізді, сол арқылы биология құрамына жаңа бағыт енгізді.
Экология-бұл ағзалардың қоршаған ортамен ҿзара ықпалын кҿрсететін жалпы ғылым.
Содан бері экология ұғымы кҿптеген дискурстерге талдалды. Сол арқылы ол тек қана
қосымша мҽнге ие болмай, бір мезгілде ҽрі анық, ҽрі нақты мҽнге ие болуда. Ҿзінің 100
жылдық дамуында «экология» ұғымы (ежелгі грек ojkos-үй, ілім) ағзалардың қоршаған
ортамен қатынасы ғылымынан түрлі сұрақтарды қамтитын интегративті ғылымға айналды.
Бүгінгі таңда «экология» ұғымына үлкен мазмұн енгізілді, ол биология пҽнінің шегінен
шығып үлгерді. «Экология» термині лингвистикалық тұрғыдан да ҿте сҽтті шықты. Адам- ол
да тірі ағза, ол да қоршаған ортамен байланыста жҽне оның табиғатқа тигізер ҽсері
үлкен.Тілдік орта лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын қоғам
мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол
тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тҽжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен
қызмет етуіне ҽсер ететін экономикалық, идеологиялық, мҽдени, ҽлеуметтік-психологиялық,
этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы.
Тіл – адамның тіршілік ортасы, белгілі бір қоғамдастықтың, ұлттық ұжымның рухани
тіршілік ортасы. Адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп аталатын тілдік ортаның сау-
саламаттылығына тікелей тҽуелді. Тілдің толып жатқан мҽселесін экологиялық тұрғыдан
қарастырудың мҽні айрықша. Тілді тұтынушының, яғни тілдік тұлғаның, тілдік субъектінің
ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, тілдің ҿткендегісі, бүгінгісі, болашағына деген
жауапкершілік сезімін тҽрбиелеуде де лингвоэкологияның міндетіне жатады.
48
Қазақ тілі – қазақ халқының мҽдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани
дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы.
Сҿз мҽдениетінің экологиялық аспектісінде адамгершілік, ізгілік элементтері қоса
жүреді. Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияда тілдесушілердің адамгершілік сезімі
тапталмауға, қоғамдық, моральдық-этикалық принциптер бұзылмауға тиіс. Лингвоэкология
тілдің дамуының объективті бет-бейнесін кҿрсете білуге тиіс. Оған тҿніп отырған қауіп
жҿнінде қоғамға дабыл қағып, ҽдеби тілдің тағдырына адамдар, қоғам тіршілік етіп отырған
тілдік орта қамқорлыққа алынып, қорғалуға тиіс. Лингвоэкологияның міндеті мен
қарастыратын мҽселелерінің құрамына қоршаған тілдік ортаны ҽртүрлі ластанудан сақтау,
тазалау, сондай-ақ лингвистикалық нигилизммен күрес те енеді.
Эколингвистика лингвистика мен экологияны біріктірген ғылым ретінде тілдің тұлғасы
ретінде адамды жҽне оны қоршаған ортаның арақатынасын зерттейді. Эколингвистика тілдің
ҽлеуметтік- мҽдени, коммуникативті аумағын қамтиды. Тіл адам, қоғам мен ортаның
арасындағы таптырмас байланыс компоненті ретінде қарастырылады.
Американдық лингвист (тілші) Айнар. Хауген. 1972 ж. алғаш рет эколингвистика
терминін қолданды, ҽлеуметтік лингвистика мен психолингвистикаға ҿзара ықпалдастық
аспектісін енгізді. Ары қарай осы мҽселе тҿңірегінде ағылшын ғалымы Михаель Холлидей
еңбек етті. Ол алғаш рет 1990 жылы тіл мен қоршаған орта арақатынасы жҿнінде сұрақ
кҿтерді.
Харре, Брокмайер, Мюльхойслер эколингвистиканың алғашқы ҽдістемелік жағын
дамытты. Тіл жҽне тілдік құрылымдар ҿздері үшін ғана тіршілік ететін жҽне тұйық единица
ретінде емес, мҽдени жҽне табиғиқоршаған ортамен ҿзара ықпалдастық дҽрежесінде
қарастырылды [1]. Лингвистикалық (тілдік) экология тіл мен «экологиялық» мҽселелер
арасындағы ҿзара байланысты зерттейді. Қазіргі таңда тіл экологиясының үш аспектісі
анықталып отыр:
- интралингвалды (ол тіл мҽдениеті, стилистика, риторикамен байланысты жҽне
ереженің бұзылуы, нақтылық, логикалық мҽнерліліктің бұзылуы жҽне басқа да сҿйлеуге тҽн
құбылыстарды қарастырады.
-интерлингвалды ол (жекелеген этникалық тілді жҽне тілдің жойылу мҽселесін
қарастырады);
- транслингвалды (кҿркем ҽдебиетте, фольклорда, публицистикада басқа мҽдениетке
тҽн басқа тілге тҽн құралдар мен бір мҽдениеттің бір тілдің құралдарын пайдаланумен
байланысты). А.П. Сковородниковтың айтуынша, соңғы жылдары зерттеушілер тіл
экологиясына ерекше кҿңіл бҿле бастады: «Для выделения лингвоэкологии как особого
направления лингвистических исследований в настоящее время как будто есть все
основания. Проблематика лингвоэкологии с большой полнотой охарактеризована в
последние годы в ряде работ Л.И. Скворцова, который одним из первых среди
отечественных русистов стал устойчиво употреблять термины «экология языка»,
«лингвистическая экология». Лингвоэкологическими по своей проблематике являются
работы многих современных русистов, например: В.П. Григорьева, С.И. Виноградова, В.В.
Колесова, Ю.Н. Караулова, В.К. Журавлева, В.Г. Костомарова и ряда других авторов» [2, 43].
Тілдің экологиялық түсінігі Хаугеннің (ағылшынша) ұғымында кҿрсетілді, мұнда
ҿзара ҽсер аспектісі анық танылды.
«Тіл экологиясы-тіл мен оның қоршаған ортасы жайлы ғылым. Мұнда тілдің айналасы
ретінде тілді ҿзінің құпия коды ретінде қолданатын қоғам жатады. Тіл сол арқылы байланыс
жасайтындардың санасында ғана тіршілік етеді. Ол ҿзге сҿйлесушілермен қатынас жасауда
ғана қызмет етеді.
Алвин Филл эколингвистикалың ҽр аумағына сҽйкес келетін нақты терминдерді
құрастырды.
- «Эколингвистика-экология мен лингвистиканы біріктіретін, жалпы барлық
зерттеулерге қатысты алынатын жалпы термин.
49
- Тілдің экологиясы тілдердің ҿзара ықпалын зерттейді (тілдің кҿп қырлылығын сақтау
мақсатында)
- Экологиялық лингвистика тілді зерттеуде экологиялық принциптер мен ҽдістерді
қолданады. (Эко-жүйе мағынасы).
- Лингвистикалық экология тілдердің ҿзара ықпалы мен экологиялық жағдаяттарды
зерттейді.
- Эколингвистикалық зерттеудің перспективті бағыты ретінде концептуалды
метафораларды талдау ерекшелене түседі.
Тілдік экология аясында метафора теориясы экологиялық жағдаяттар мен метафоралық
тілдік байланысын талдаумен айналысады. Мұнда экологиялық жағдаяттарды сипаттауда
жҽне ҿзіндік аналитикалық ойлаудың концептілік қырларын қарастырғанда метафоралардың
қызметін зерттеу сҿз болып отыр [3, 86]. Академик Д.С. Лихачев мҽдени ортаны сақтау
табиғи ортаны сақтау мҽселесінен еш кем түспейді деп санайды. Сондықтан
лингвоэкологияның мҽні тіл дамуының бейнесін кҿрсетіп, адамдардың басты қатынас
құралы ретінде тілге тҿнген қауіптерден қорғауда деп біледі. «Лингвоэкология» қоғамдық-
тілдік тҽжірибені қалыпқа келтіру мҽселесі соның ішінде педагогтардың сҿйлеу ҽрекетін де
қарастырады. Қазіргі қоғамдағы еркіндік ҽлемдік мҽдениетке қолжетімділік тілді шұбарлауға
ҽсер ететін басты алғышарт болып отыр. Жаңа лингвистикалық пҽн лингвоэкология осы тілді
шұбарлау мҽселесімен күрес жүргізуді мақсат етеді. Лингвоэкология қазіргі қазақ тіліндегі
тҿмендегідей жағымсыз құбылыстар яғни, тілмен қарым-қатынаста тіл мҽдениетінің
сақталмауы, тілдің шектен тыс шұбарлануы, жаргондалу, вульгаризацияны анықтап отыр[4].
Қазақ біліміндегі зерттеулер бойынша бұл мҽселені Д. Ҽлкебаеваның [5] пікірімен
сабақтастыруға болады: «Сҿз мҽдениетіне қатысты лингвистикалық зерттеулерді қажет
ететін лингвистикалық экология саласы. Лингвистикалық экология тілдік ортаның
динамикалы құбылысының мҽселесін анықтайды. Лингвистикалық экология тіл жҽне сҿз
мҽдениетінің экологиясы деп аталынады. Сҿз мҽдениетінің экологиясына (лингвистер кҿп
жағдайда лингвистикалық экология терминін қолданбайды) мына мҽселелерді жатқызуға
болады: тілдік жағдай, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сҿз қызметіндегі
стилистикалық үйлесімділіктің бұзылуы, сҿйлеу ҽдебінің мҽселелері, сҿз мҽдениеті жҽне
мониторинг т.б». Дегенмен, лингвоэкологияны тіл мҽдениеті аясында қалдырсақ, тар
мағынадағы түсінік болуы мүмкін, сондықтан Е.В. Иванова [6]: «Цели, задачи и проблемы
эколингвистики. Прагматический аспект коммуникативной лингвистики и стилистики:
сборник научных трудов» (2007), В.Ф. Нечипоренко [7] «Лингвофилософские основы
эколингвистики» (1998) еңбектеріне сүйене отырып, лингвоэкологияны ҿзінің тарихы,
зерттеу нысаны, терминологиясы мен идеологиясы жҽне зерттеу аспектілері бар дербес
ғылым ретінде таниды.
Қазіргі уақыттағы тілдік тҽрбие берудің ішінде электронды қарым-қатынас құралдарын
дамыту маңызды орынға ие. Лингвистер Интернетті дамытудың оң жҽне сол жақтарын қатар
талдауды алға қойып отыр. Тілдік құралдардың жанрлық, стильдік құрылымын ажырата
алмау мҽселесі басты назарда. Бұған қоса, тілдік этикет талаптарының деңгейі тҿмендеген:
қаратпалар кішкентай ҽріппен, ресми хатта сҿйлеу тілі стильдерінің элементтері қатар
жүреді, тыныс белгілері қойылмайды, ал ол хаттардың оқылуын қиындатады. Интернет
кеңістігіндегі тілдік қолданыста ағылшын тілі басым түсіп отыр, түрлі мҽдениет ҿкілдері
ағылшын тілінің арқасында қарым-қатынасқа түсуде. Гипертілдің пайда болуы түрлі
мҽселелерді тудырып отыр оны шешу лингвоэкологияның еншісінде.
Орыс тілінің лингвоэкологиясын зерттеуге арналған еңбектер XX ғасырдың аяққы
кезеңіне жатады. Орыс тіл білімінде лингвоэкологияның тіл білімінің бір саласы ретінде
қалыптасуының негізін қалағандардың бірі - В.Ф. Нечипоренко. Лингвоэкологияға деген
қызығушылық ғалымның негізгі ұстанған бағыты болады. Алғашқы шыққан биолингвистика
туралы монографиясында [Нечипоренко 1984] биологиялық лингвистиканың қалыптасуын
негіз етіп ала отырып, тілдік форманың, бірліктің жҽне құрылымның зерттелуі мен сипатын
тұтас адам ағзасының қызмет атқаруынан, яғни психикалық жағдайы, тҽні мен жанынан
50
бҿлек қарастыру мүмкін еместігін басшылыққа алады. Кейін эколингвистика мҽселелеріне
арналған монографиясында В. Ф. Нечипоренко [Нечипоренко 1984] адам айналасында болып
жатқан үдерістер мен табиғатты зерттеу үшін экология мен лингвистиканың мҽнін
негіздейді. В.Ф. Нечипоренконың лингвоэкологияға арналған еңбектері: Биолингвистика в еѐ
становлении (Биолингвистические основы системы памяти, мышления, языка и речи). М.:
МГПИ, 1984. – 124 с.; Лингвофилософские основы эколингвистики. — Калуга: Калужская
облорганизация союза журналистов России, 1998. 210 с.[7];
Мұндай зерттеуді осы бағытта жүргізу кҿптеген лингвистикалық мҽселелерді шешуде
жҽне жалпы қоғамдық құндылық аспектілерінде ҿте перспективті жҽне кҿп үміт береді. Бір
қоршаған ҽлем жайлы айтқанда, табиғат- бұл жағдайда табиғат апаттары туралы, қоршаған
орта мҽселелері жайлы оқығанда біз метафораларды кездестіреміз. Метафораны ұғымдарға
жүргізілген когнитивті операция қырынан қарастырамыз. Сол арқылы құбылыс мҽнін оны
ҿзге құбылыс терминдерінде қарастыру арқылы түсінеміз. Сол арқылы ұғым метафоралық
тұрғыда жүйеленеді, қызметі сараланады, нҽтижесінде тіл де метафоралық тұрғыда
жүйеленеді.
Метафораны зерттеу ҽлем лингвистикасында ерте кезден басталады. Грек ойшылы
Аристотель метафора туралы былай дейді: «Метафора сҿз мағынасының тектен түрге,
түрден текке, немесе түрден түрге, я болмаса ұқсату негізінде ҿзгеруі» [8]. Батыс
ғалымдарыны
метафораны
деген
қызығушылықтарын
осы
мҽселеге
арналған
зерттеулеріненкҿреміз. Батыс ғалымдары А. Ричардс, Ф. Уилрайт, Макс Блэк, Дж. Лакофф
жене М. Джонсон метафораның қыр-сырын анықтауда ҿзіндік үлестерін қосқан. Метафора
туралы А. Ричардстің пікірі: «Біз метафораны қолданғанда, санамызда екі түрлі зат туралы
екі бҿлек ой болады жҽне сол ойлар бір сҿздің немесе сҿз тіркесінің ішінде ҿзара байланысқа
түседі. Осы байланыс нҽтижесі - жаңа мағына» [9]. Жаңа мағынаның туындауындағы
метафораның қызметі орасан зор. Санада ҽртүрлі белгілері жиналып, бейне арқылы
сақталған нысандардың тілде жаңа мағына беруі метафора арқылы жасалады. В.Г. Гак, В.Н.
Телия, Н.Д. Арутюнова метафораның аталымдық- когнитивтік маңызына баса назар
аударады. Когнитивтік дегенде метафораның тілдік таңбалардың астарындағы білім қорын
пайдалануы жҽне сол арқылы жаңа ұғымдарды қалыптастыруы басты назарға ілігеді.
Шынайы болмыс заттары мен құбылыстарын ҿз білім қоры мен түсінігі арқылы ҿлшеп, тану
- адам санасының антропоҿлшемдігінің бір кҿрінісі. Сондықтан да, тілдік метафоралар
антропоҿлшемділігімен ерекшелінеді.
Метафораны тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың ҽр бағытта жазылғанын
кҿреміз.
Батыстың
лингвистикалық
бағытында
субститутивтік,
салыстырмалы,
интеракционистік жҽне когнитивтік метафора теориясын атайды.Когнитивтік бағыт
метафора мҽселесіне мүлде ҿзге қырынан келуді алға тартып отыр. Метафораның
когнитивтік тұрғыда қарастырылуы адамның қоршаған ҽлемді қабылдауымен байланысты.
Адамның ойлау ҽрекеттері тҽжірибе арқылы жинақталған білім қорына ҽртүрлі операциялар
жүргізумен іске асырылады. Жинақталған білім таңбалар арқылы белгіленеді.
Лексемалардың мағынасы ҽлем үлгілерін, яғни шынайы ҿмір кескіндерін суреттейді.
Метафора ҿзге тҽсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді. Когнитивтік метафора
теориясы метафораны ұғымдардың когнитивтік операциясы ретінде қарастырады жҽне оны
концептуализация құралы деп таниды. Ол басқа салаларда алынған тҽжірибе негізінде
қалыптасқан ұғымдық құрылым терминдерімен ақиқат дүниені түсінуге мүмкіндік береді.
Когнитивтік метафора теориясы бойынша «ауысу» жекелеген атау емес, бүтін
концептуалдық құрылым (схема, фрейм, модель, сценарий), тілді тасымалдаушының
санасында белгілі бір сҿзбен актуалданады ( метафора фокусы).
М. Минский, Ч. Филлмор, А.Н. Баранов басқа да ғалымдар ұсынған фреймдер мен
сценарийлер туралы ойлар метафоралардың жасалуының танымдық қырын түсінуге
баспалдақ болды. Фрейм сҿзі құрылым деген мағынаны білдіреді.
Фрейм терминін енгізген М. Минский: «Фрейм - стереотипті ситуацияларды елестетуге
арналған құрылым. Ҽр фрейм арқылы ҽртүрлі ақпарат асоциацияланады» - деп кҿрсетеді. Н.
51
Уҽли М. Минскийдің берген анықтамасына сүйене отырып, фреймдік құрылымның фреймдік
емес құрылымнан басты айырмасы ретінде олардың «санада бұрыннан тіркелген стереотип
ситуациясы жҽне оның бұрыннан аталып қойған екінші таңбасы, тілдік таңбасы» болуына
ерекше мҽн береді. Зерттеуші фреймдердің вербализациялануының екі түрлі:
фразеологиялану жҽне метафоралану тҽсілдерін кҿрсете келіп, «фреймдерді таңбалаудың екі
типіне де (фразеологиялық жҽне метафоралақ) базалық сҿз концептінің арғы жағында тұрған
ой-бейне (мыслительный образ) негіз болады», дейді.
Т.А. Ван Дейктің кҿзқарасы бойынша: «... фреймдер-белгілі бір концептің тҿңірегінде
ұйымдасқан бірліктер. Ассоциациялардың жай жинағынан фреймдердің айырмашылығы,
олардың ҿздері ассоциацияланатын қандай да болмасын концепт жайлы негізгі, арнаулы
жҽне барынша кең мағлұматтарды иелену мүкіндігінде» десе, В.Б. Касевичтің пікірінше:
«лингвистика ғылымының бүгінгі даму деңгейінде ғалымдар концепциясы бойынша,
ақпараттарды ұйымдастырудың маңызды ҽдістерінің бірі болып саналатын тіл кҿбінесе
фреймдер жүйесін білдіреді»- дейді.
Концептуалдық метафора концептуалдық облыстарды біріктіреді, облыс- мақсат жҽне
облыс- бастауларды байланыстырады. Яғни облыс- бастау пҽні арқылы абстрактілі облыс-
мақсат талдауға жуық болып келеді.Шынайы болмыс нысандары мен құбылыстарын
концептуалдаудың жолы мен сипатына қарай метафораларды құрылымдық, онтологиялық
жҽне бағдарлық деп бҿлінеді.
1. Құрылымдық метафоралар тҽжірибеден танымал болған құбылыстар мен заттар
арқылы дерексіз нысандарды концептуалдауды айтады. Адамға таныс, құрылымдық
тҽжірибенің айқын құрылымының негізінде басқа дерексіз нысандарды реттеу мен нақтылау
орын алады: apple-juice seat – алма шырыны тұрған жерге қарама-қарсы орын.
2. Бағдарлық метафоралар біздің тҽжірибе барысындағы кеңістіктегі базалық
метафоралық емес бағыттарға орай түрлі ұғым салаларын құрылымдайды. Мұндай
метафоралар ұғымның кеңістіктегі бағытын айқындап, ―жоғары – тҿмен‖, ―ішкі - сыртқы‖,
―алдыңғы жақ – артқы жақ‖, ―терең - таяз‖, ―орталық - жанама‖ типте қарама-қарсы
қойылады.
3. Онтологиялық метафоралар шынайы болмыс ҽлемінің заттарына тҽн белгілерді
(нҽзік, қатты, тұрақсыздық т.с.с.) дерексіз нысандарды (ақыл, эмоция, адамгершілік, құқық
т.с.с) бейнелеуде қолданылады.
Экологиялық дискурсте барлығы метафорамен «жарияланған» бір жағынан метафора
арқылы «табиғат» сҿзінің абстрактілік мҽні негізделеді, екінші жағынан табиғат
феномендерін метафоризациялау ҿзге абстактілі дискурсте метафорлар мҽнді ашып жеткізу
қызметінде қолданылады. Табиғат антропоморфизмдерге арналған құрылыс аясына
айналады.(Ворцлав пен Лигниц бойындағы қалалар мен ауылдарды Одер аяусыз басты.Одер
мұнда басты бейне ретінде алынып, оның қызметі метафоралық сипатта «аяусыз» сҿзімен
теңеп берілген.
Негізінде табиғат пен оның элементтері аяусыз емес, олар тек метафоралық тұрғыда
осылай берілуі мүмкін, осылай адам ҿзінің адамдармен қатынасын табиғатпен қатынасы
тҽжірибесіне кҿтереді. Лихтенбургтың айтуынша адам табиғатты ҿз жанының айнасы
ретінде жұмсайды жҽне ҿзінің ішкі сапасын қоршаған ортада жобалайды.
Ҽртүрлі метафораларда таңдауда идеологиялық кҿзқарастар алға тартылады.
(Жартылай су басқан Рацдорте ...күні таңертең ауыр тыныштық орнайды.)Солтүстікке қарай
20 км жерде осы алғашқы сҽтте қорғаныс күші су тасқынымен үлкен күрес жүргізуде.
Цитатада (дҽйексҿз) «күрес» туралы айтылған, бұл сҿз арқылы апаттан қорғанысты
жүзеге асыруды метафорамен берген. Сол арқылы адам қиялында су мен адамның күресі,
нағыз ҽскери қимыл ретінде бейнеленеді.
Түрлі апаттарды бейнелеуде тілдік метафоралар қолданылады. Сол арқылы адамға ҿз
ҽрекетімен қауіп тҿндіретін табиғат апаты тірі организм түрінде бейнеленеді.Табиғат
қарсылас, бҽсекелес ретінде адамның күші ...; алайда адам ҽлі бағындыра ала алмаған
образда кҿрсетіледі [10].
52
Қорыта келе айтарымыз, бұл талдаулар тек лингвоэкологияның бір қыры ғана болып
қалмақ. Экология мен тіл білімінің байланысынан туындаған ғылым ретінде экологиялық
дискурстегі барлық метафоралар туралы сҿз қозғауға болады. Ҽрине,бұл да дұрыс, дегенмен
тілді экологияның ішінде, бір зерттеу нысаны ретінде қарастыру лингвоэкологияның
мақсаты мен міндетін айқындайтын жағы басым болуы керек. Н.Н. Кислицына кҿрсеткен
лингвоэколгияның екі бағытының бірі – тілдік экологиясы (М. Халлидей бойынша), тіл мен
мҽтінді «экологиялық» тұрғыда талқылау жҽне қоршаған ортаның мҽселелерін – ерекше
кҿңіл аудару жҽне нығайту немесе шешуде тілдің мҽні зерттеу. Бұған М. Дѐринг, П.
Мюльхойслер еңбектері жатады.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі
1
Haugen E. The Ecology of Language. In: Fill A., Мьһlһдusler P. The Ecolinguistics
Reader. Language, EcologyandEnvironment. – London, NewYork, 2001.
2
Сковородников А.П. Лингвистическая экология: Проблемы становления //
Филологические науки.– 1996.–№ 2.- С. 43.
3
Дюсупбаева К.С. Лингвоэкологии и иностранные слова // Международный журнал
«Наука и Мир». – 2014. – № 5 (9). – Т. 2. – С. 86-89.
4
Лихачев Д. Я живу с ощущением расставания с прежней культурой //
Комсомольская правда.–1996.– 5 марта.
5
Ҽлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. –Алматы: Зият-Пресс, 2007. -224
бет
6
Иванова Е. В. Цели, задачи и проблемы эколингвистики. Прагматический аспект
коммуникативной лингвистики и стилистики: сборник научных трудов / Отв. ред. Н. Б.
Попова. — Ч.: Изд-во ИИУМЦ «Образование», 2007. — С. 41-47.
7
Нечипоренко В. Ф. Лингвофилософские основы эколингвистики. — Калуга:
Калужская облорганизация союза журналистов России, 1998. – 210 с.
8
Аристотель. Об искусстве поэзий. – М, 1957. – 183 с.
9
Ричардс А.А. Философия риторики // Теория метафоры. – М., 1990. – С. 44-66.
10
Склерявская Г.Н. Метафора в системе языка. – М.: Изд.-во Наука, 1993. – 150 с.
Достарыңызбен бөлісу: |