Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет10/43
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#6669
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

БІР АТАУ – БІР  ТАРИХ:  
«КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНІҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАР СӨЗДІГІ» ТУРАЛЫ 
 
«Көкшетау  өңірінің  жер-су  атаулар  сөздігін»  құрастырушылар  профессор 
А.Әбдірахманов 
пен 
О.А.Сұлтаньяевтың 
қолжазбаларының 
алғашқы 
түпнұсқасы 
өзгертілместен ғылыми ортаға ұсынылып отыр.  
Ғалымдардың  бұл  мақалада  осы  өңірдегі  жер-су  атауларын  яғни  гидроним,  ороним, 
ойконимдерді  жан-жақты  зерттеп,  бірде  халықтық  этимология,  бірде  ономастикаға 
қатысты теориялық деректерге, принциптерге сүйенген талдамалары берілген. 
 
  Тірек сөздер: ономастика, жер-су атаулары, шоқ ағаш, төбе, шатқал 
 
Ананың сүтімен сүйегіне сіңген қазақ тілі және  флективті тілдердің бірі –  орыс тілін 
жетік,  жіті  меңгерген  билингвист  –  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Оғаз 
Арыстанғалиұлы  Сұлтаньяев.  Ғалым  Әлкей  Марғұланнан  кейін  құйрықты  жұлдыздай  жарқ 
еткен,  шоқтығы  биік  Шоқан  Уәлиханов    зерттеулерінің  әрбір  сөзін  салмақтаған,  Шоқан 
Уәлихановтың  «сөзстанына  саяхат»  жасаған.  Оны  білімге  құштар  шәкірттерінің  көңіліне 
ұялата  алған,  болашақта  аталмыш  мұраларды  тағы  да  зерттеудің  әр  спекторынан  
жалғастыруына баспалдақ жасаған бірегей ұстаз, ғалым. 
Айтылған  ойдың түйіні ретінде, ф.ғ.д., профессор Жантас Жақыптегінің мына пікірін 
келтірсем  деймін:  «Ардақты  азамат,  айтулы  ғалым,  білікті  ұстаз,  бірегей  педагог  Оғаз 

77 
 
Арыстанғалиұлы Сұлтаньяевтың есімі  еліміздегі  филология ғылымының құрмет тақтасына  
алтын әріппен жазылып қалды десек, артық айтқандық емес» [1, 3]. 
Профессор  Оғаз  Арыстанғалиұлының    тіл  ғылымындағы  еңбектерін  әдеттегі 
таптауырын    статистикалық  қалыпқа  сала  бермей,  ғалымның    ғылым  төріндегі  орнын, 
еңбектерінің  қаншалықты  өзектілігін,    қажеттілігін    өзімен    үзеңгілес  болған  азаматтардың 
дерегімен   дәйектесек. 
Филология  ғылымдарының  докторы,  Ақпараттандыру  халықаралық  академиясының 
академигі  Б.Хасанұлы:  «Оғаз  Арыстанғалиұлы  Сұлтаньяев  –  «Қазақстан  халықтарының 
тілдері»  мамандығынан  тұңғыш  ғылым  докторы»,  –  десе,  филология  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  ТМД  аумағындағы  беделді  ғалым  М.М.Копыленко:  «Ол  – 
Қазақстандағы    Шоқан  тілін  мақсаткерлікпен  және  терең  зерттеген  бірден-бір  ғалым»,  – 
дейді. [1,3].  
Ал Түрікменстан мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, 
профессор 
С.Атаниязов: 
«Оғаз 
Арыстанғалиұлы 
Сұлтаньяевтың 
Ш.Ш.Уәлиханов  
еңбектеріндегі орыс және  қазақ  лексикасын, сондай-ақ терминдер мен  фразеологизмдерді 
мұқият    талдаған  диссертациясы    –  автордың  шығармашылық    кемелдігінің  кепілі.  Еңбек 
түркітілді  халықтардың  филология  ғылымына  ғана  емес,  жалпы  түркітануға  салмақты  үлес 
қосады», – деп бағалаған [2,3].  
Дәл  осы  жерде  «Өлді  деуге  сия  ма  айтыңдаршы,  өлмейтұғын  артына  із  қалдырған» 
деген Абай Құнанбаевтың сентенциясы сұранып-ақ тұрғандай  [3,154]. 
Ғалымның көсіле қалам тартқан мәселесі – профессор Төлеубай Қордабаев айтқандай, 
«ешқашан күн тәртібінен түспейтін»  өзектілігі күн сайын арта, еселене беретін ономастика 
мәселесі. 
Ономастиканың  бір  тармағы  саналатын  топонимдер  –  ғасырлар  жәдігері,  тіл  мен 
тарихымыздың  құнды қазынасы, мәдени мұраларымыздың қайнар көзі  екендігін дер кезінде 
саралаған  Оғаз  Арыстанғалиұлы  көзі  тірісінде  1062  жер-су  атауларын  қамтыған  «Көкшетау 
өңірінің  жер-су  атаулар  сөздігі»  деген  еңбекті  даярлаған.  Оны  топонимдердің  білгірі, 
танымал көкшетаулық ғалым Айтым Әбдірахманов редакциялаған.  
Содан  соң  Тіл  білімі  институтының,  қазіргі  Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы 
институттың,  тақырыптық  жоспарына  енген.  Әрі  «Ғылым»    баспасынан  шығарылмақшы 
болған. Аталмыш СӨЗДІК 1990-1993 жылдары  құрастырылған болатын. 
 1990 жылдан  2015 жылға дейін тіл ғылымында болсын, жер-су атауларында  болсын, 
терминологиялық комитеттің бекіткен атауларында болсын, әрине, жаңа атаулар, жаңғырған 
сөздер  саны  қауырт  көбейгені,  өзгерістердің  бар  екені  баршаға  белгілі.  Бірақ  редакциялық 
ұжым  бірлі-жарымды  өзгертулер  болмаса,  профессор  О.А.Сұлтаньяев  еңбегінің  алғашқы 
түпнұсқасын сақтауға тырысты.  
Ардақты азамат, ғалым, ұлағаты мен ғибраты мол ұстаз О.А.Сұлтаньяев  дүниеден өтсе 
де,  Ш.Уәлиханов  атындағы  КМУ-нің  оқу  және  оқу-әдістемелік  жұмысы  жөніндегі 
проректоры,  проф.,  А.Д.Жақыпова,  Орыс  филологиясы  кафедрасының  меңгерушісі  ф.ғ.к. 
Г.Т.Фаткиеваның  ұжымы  бұл  жұмысты  аяқсыз  қалдырмады,  «Артында  бар  оңалар»  деп 
қазақ бекер айтпаса керек. Ғалымның шәкірттері, ұжымы бар. 
Қолжазбадан  электронды  нұсқаға  түсірген  –  аға  оқытушы  Қ.І.Большина  болса,  сол 
сияқты  Қазақ  филология  кафедрасының  ұжымы  жұмыстың  техникалық  жағына  назар 
аударып, тағы бір сүзгіден өткізді. 
 
  Ғалым  Көкшетау  өңіріндегі  гидроним,  ороним,  ойконимдерді  жан-жақты  зерттеп, 
бірде  халықтық  этимология,  бірде  ономастикаға  қатысты  теориялық  деректерді, 
принциптерді ұстанған.  
Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы топонимдері арқылы анықталатыны 
белгілі.  Демек,  проф.  Айтым  Әбдірахманов  пен  Оғаз  Арыстанғалиұлы  Сұлтаньяевтың 
«Көкшетау  өңірінің  жер-су  атаулар  сөздігі»  сол  елдің,  сол  жердің  сан  ғасырлық  тарихынан 
сыр шертеді. Шынында да, бір атау– бір тарих. 

78 
 
Олай  болса,  «Көкшетау  өңірінің  жер-су  атаулар  сөздігіндегі»  мына  сияқты  кейбір 
гидроним, ойконимдерді сөйлетсек.  
Зеренді  ауданындағы  Арықбалық  деген  көл  атауы,  гидроним  болса,  сол  сияқты 
Айыртау  ауданында  Арықбалық  деген  елді  мекен  атауы,  ойконим,  бар.  Арықбалық  деген 
атау  қалай  қойылған?  Осы  атау  көлдегі  балықтың  аздығына  байланысты  қойылған  ба, жоқ. 
Стамбул  қаласынан  шыққан  М.Қашгаридің  «Диуани  лұғат  түрки»  еңбегінде  Арық  деген 
бірінші компоненттің мағынасы X ғасырдың басыннан бастап жиі қолданыла бастаған араб-
парсы,  нақтыласақ,  парсы  сөзі  болуы  мүмкін  эрк,  крепость,  цитодель  деп  берілсе, 
В.Радловтың пікірінше, тува тілінде де осы сөз эрик – берег болуы мүмкін деп көрсетілген. 
Орхон жазба ескерткішінің YIII ғасырдағы бір үлгісі – Білге қағанда балық сөзі қала, бекініс 
деген мағынада қолданылған [4, 32-33]. 
Сонда  Арық-Балық  не  бекініс-қала,  не  жағадағы  қала  деген  мағынаны  білдіреді. 
О.А.Сұлтаньяев «Понятное непонятности» деген оқу құралында: «Күні бүгінге дейін шағын 
төбе  үстінде  тұрған  елді  мекеннің  іргесіне  үлкен  Арық-Балық  көлінің  толқыны  соғып,  суы 
жағасын  шайып тұрады», – дейді  [5, 22]. 
Екінші бір атау – Шырпылыадыр (төбе). Зереді ауданында орналасқан.    
Шырпы I. 1. Ағаштың үзілген, сынған ұсақ бұтағы.  2. Сіріңкенің шиі. 
 ∆ Шырпы басын сындырмады − түк істемеді, қимылдамады, қол ұшын тигізбеді. 
Шырпыла 1. Бұталардың басын
 
қырқу, қысқартып кесу. 2. Майдалау, ұсақтау, уату. 
Шырпылы  І.  пр.колючий  ─  тікенді.  Тікенді  ағашы  бар  адыр.  [6,  kitap.net.  ru\  sabirov\ 
6.php.
Шарықкөл  \Шарыкколь\  −  көл.  Ол  СҚО.  Айыртау  ауданында  орналасқан.  Шарық 
\зат  есім\+  көл  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау.  Мағынасы  бұл  көл  маңында  қайрақ 
жасайтын шарық тас көп екенін білдіреді.  
Шарық.  1.  Кескіш  аспаптар  мен  әртүрлі  бұйымдарды  қайратуға  арналған  дөңгелек 
қайрақ. 2. Қимасы дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты қайрауға арналған сопақша тас. 
3. Жіп орайтын, екі басы бар қалпақша дөңгелек, іші қуыс ағаш. 
Шарық  −  зат.  Шалғы,  қанжар,  пышақ,  балта,  орақ  және  басқа  құралдарды  қайрау 
үшін  арнайы  жасалған  дөңгелек  тас  қайрақ.  Қайланы  дөңгелек  шарыққа  айналдырып 
аламыз (З.Ақышев, Ақбел). Шарыққа ұстал, орақ жүзінен ұшқан ұшқын иығынан аса атылып 
жатты  (К.  Оразалин,  Ақ  жазық).  Ол  қайта  шарыққа  салған  қанжардай  қайрала, шыңдала 
түсетін (С.Нарымбетов, Тентек) [7, 412]. 
Шаған
 
− шоқ ағаш. Айыртау ауданында орналасқан. Шаған сөзінің мағынасы − «ақ», 
ол  түсті  білдіреді.  Моңғол  тілінен  алынған  сөз.  Олай  болса,  ШАҒАН  сөзі  бұл  шоқта  ақ 
қайың көп дегенді білдіреді екен. 
 Келесі  бір  атаудың,  Аққанбұрлық  гидронимінің,  сөздікте  берілген  сипаттамасына 
тоқталсақ. 
Аққанбұрлық /Акканбурлык/  өзен. Ғ.Мүсірепов ауданында қолданылады. 
Иманбұрлық /Иманбурлык/  өзен. СҚО, Айыртау ауданында қолданылады. 
Бабықбұрлық  /Бабыкбурлык/  ─  өзен.  СҚО,  Айыртау  ауданында  қолданылады. 
Г.Қонқашпаевтың  пікірін  басшылыққа  алсақ,  бұл  моңғол  тіліндегі  борлук  –  «бір  жастағы 
бұзау». 
 «Біздіңше,  бұл  тува  тіліндегі  буур  ─  «лось»+луг  (жалғау)  =Буурлуг−Бұғылы 
(маралды)  деген ұғымды  беретін  сияқты.  Мәселе  басқада.  Осы  атау  жеке  де, Ақан-Бұрлық, 
Бабық-Бұрлық,  Иман-Бұрлық    деген  елді  мекен,  өзен,  көл,  тау  атаулары  құрамында  да 
кездеседі.  Сонда әлгі  Ақан, Бабық, Иман сөздері нені  береді? Кісі  аты деу  ағаттық, өйткені 
тауды, өзенді кісі атымен атамайды, айдын көл (ұзындығы 24 км) кісі атымен аталуы мүмкін 
емес.  Ақанды  Аққан  деп  бұрмалап,  судың  ағуымен  байланыстырудың  да  реті  жоқ,  өйткені 
өзеннің суы ақпай тұрмайды (аққан өзен ─ ақпаған өзен?) ол көл емес. Қазіргі қазақ тілінде 
бұрлық  сөзі  тағы  қолданылмайды.  Осы  тұста  әлі  де  іздену,  дереккөздерді  нақтылау  керек 
екені ақиқат» [5,22].    
Енді Мұқан қызылы \Муканкызыл\ атауының сөздікте берілуіне тоқталсақ.
  

79 
 
Мұқан  қызылы  \Муканкызыл\  –  шоқ  ағаш,  Айыртау  ауд.,  СҚО.  Мұқан  –  зат  есімнен 
жасалған  кісінің  аты.  Ал  қызыл  деген  сөз  түр-түсті  білдірмейді,  ол  субстантивтенген  сын 
есім  тәуелдіктің  III  жағында  тұр.  Атау  аналитикалық  тәсілдің  бір  жолы  тіркесу  арқылы 
жасалған.  Бұл  атаудың  2-компонентіндегі  «қызыл»  сөзі  жас  қайың  дегенді  білдіреді.  Осы 
өңірде  «қызыл,  қызылдау»  қолданысы  «қайыңды  шоқ  ағаш»  деген  мағынада,  енді  бірде  
«қызыл,  қызылдау» деп те аталатындығына ғалымдар назар аударған. Сол сияқты сөздікте 
осыған  ұқсас  Өтейдің  қызылы  деген  шоқ  ағаш,  кішкене  орман  Зеренді  ауданында 
орналасқан. Мағынасы Өтейдің қызыл орманы (ағашы) дегенді білдіреді деп көрсетілген. 
Сөздікте  «Оқжетпес» тауы,  «Жеке  батыр»,  «Бурабай» көл атауларының қалыптасуына 
ғалымдар  баршаға  танымал  С.Сейфуллиннің  «Көкшетау»  поэмасындағы  аңыздарды  дәйек 
етеді. Жазушы Т.Қажыбаевтың «Атау-тарих, абайла!» деген мақаласынан Айыртау, Зеренді, 
Көкшетау  аудандарында  Ашакескен,  кейде  Табақкескен  деген  атаудың  бар  екендігін 
анықтаған.  Оның  аталу  себебін  105  жаста  дүниеден    озған  Аяп  Борсықов  ақсақалдың 
баяндауы  айғақтайды.  Сөйтіп  олардың  көпшілігі    ақын  Абай,  әнші  Ақан  сері,  ұлт  азаттық 
қозғалысының басшысы А.Иманов, азамат соғысының батыры, революционер  Володарский, 
азамат соғысының батыры Щорс, азамат соғысының әскери қолбасшысы Котовский, тұңғыш 
ғарышкер Ю.Гагарин, ұшқыш Чкалов жазушылар М.Горький, А.П.Чехов тағы басқа танымал 
адамдардың құрметіне  қойылған. Тіпті Тайынша ауданындағы   Черниговка елді мекені  тың 
игеруге, ал Чермошненко Украинадан қоныс аударғандардың бұрынғы елді мекендері атауға 
негіз болған деген пайымдаулар жасалған.  Сол сияқты орыс тілі арқылы кірген Андреевка, 
Новоандреевка,  Дорофеевка  (с),  Еленовка  (с)  деген    атауларына  кісі  аттары,  фамилиялары 
негіз болған деген пайымдаулар жасалады.   
2- компоненті де кірме сөздерден  жасалған Лесной хутор, Зеленый Гай,  Каменный Яр 
(шатқал),  Парижская  коммуна  (елді  мекен),  Плакун  гора  (елді  мекен)  атаулары  да 
мүмкіндігінше  қарастырылған.  Зеленый  Гай  (село),  Тайынша  ауданында  орналасқан.  Бұл 
атаудың құрамындағы «гай» сөзі Югославия, Польша, Чехия, Украина, Оңтүстік Ресей және 
Қазақстанда  шоқ,  тоғай  деген  мағынада  қолданылады.  Еділ  бойында  осыған  ұқсас  мына 
сияқты  атауларды  кездестіруге  болады.  Олар:  Александров  Гай,  Орлов  Гай.  Мағынасы  −  
жасыл тоғай, шоқ ағаш. 
Ш.Уәлиханов:  «Көне  түркілік  салт-сана,  әдет-ғұрпының  қаймағы  бұзылмаған 
қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғаларға байланысты адам аттары, жер-
су  атаулары,  тағы  басқалары  есте  сақталып,  атадан  балаға  жалғасып  жатады»,  -  деп  жазса, 
М.Әуезов:  «Қайда,  қандай  бір  өлкеге  барсаң  да,  жер,  су,  жапан  түзде  кездескен  кішкене 
бұлақ  атауының  өзінде  қаншама  мән-мағына, шешілмеген  құпия,  сыр  жатады»  −  деп  бекер 
айтпаса  керек  [8,  2].      Енді  «Көкшетау  өңірінің  жер-су  атаулар  сөздігінің»  лингвистикалық 
тұғырына    сипаттама  жасасақ.  «А»  әрпіне  132  жер-су,  елді  мекен  төбе,  шоқ  ағаш,  шатқал 
атаулары  түзілген.  Осы  атаулардың  20-сы  «Ақ»  тұлғасы  арқылы  жасалған.  Олар:  Ақсоран 
(тау), Ақбалтыр  (елді мекен), Аққуыс (шатқал), Ақбұлақ (елді мекен), Ақбура 
 (жартас),  Ақдақ  (дөң),  Ақкөл  (елді  мекен),  Аққұдық  (елді  мекен)  т.б.    Сөздікте    сан 
жағынан аз атауларға тоқталсақ: «Ы» әрпіне – 1 атау, «Ц», «Я» әріптеріне – 2 атау, ал 3 атау 
Ф, Щ, Ю әріптер тізбесінде бар.  
А.Әбдірахманов  пен  О.А.Сұлтаньяевтың  «Көкшетау  өңірінің  жер-су  атаулар 
сөздігіндегі» тұлғалар синтетикалық әрі аналитикалық тәсілдермен  жасалған. Бірде Апанды, 
Ынталы, Шағалалы  деген атауларға аффикстердің қосылуы арқылы жасалса, бірде олардың 
екі компоненттері  де Ағашүй, Айқабақ, Айғыржал, Айғайтас сияқты  зат есімдердің  тұтаса 
бірігуінен  жасалған,  ал  келесі  тобы  Ағашүйген,  Айымжанкүйген,  Мырзағаасберген, 
Ақбалшықтықазған сияқты әр түрлі сөз таптарынан жасалғандығы еңбекте көрсетілген.  
Ақан көл, Абылай алаңы, Ағыбай жалы (қыраты), Ақылбай қамысы, Қыдырбай бұлағы, 
Шоқаман  жұрты,  Сүйіннің  Саздыағашы  тағы  басқа  осы  тектес    изафеттік  құрылымдағы 
синтаксистік  тіркестердің  номинативті  мәнде  қолданылғандығы  ғалымдар  сөздігінде 
лингвистикалық  қырынан  да,  халықтық  этимология  негізінде  де,  ғылыми  дәлелдерге 
сүйенген  этимологиялық  талдаулар  арқылы  анықталған.  Сөздіктегі  бұдан  басқа  кейбір 

80 
 
атауларды  әр  азамат  өзінің  когнитивтік  танымы,  пайым-парасаты,  аялық  білімі  негізінде-ақ 
анықтай алатыны белгілі. 
Профессор  А.Әбдірахманов  пен  О.А.Сұлтаньяев  жер-су  атауларын
 
қалыптасуына 
қарай,  біріншіден,  халықтың  тарихымен  тығыз  байланыстырып,  оның  дереккөзі  аңыз-
әңгімелер  десе,  екіншіден,  Кеңес  өкіметі  тұсында,
   
социалистік  дәуірдегі  және  одан  кейінгі 
қоғамдағы өзгерістер негізінде пайда  болған жер-су атауларын, үшіншіден,  этнонимдер мен 
антропонимдер арқылы жасалған  жер-су атаулары
 
деп топтастырады
.
 
                  
 
«Біздің  барлық  пікіріміз  (талдауларымыз)  еш  мүлтіксіз  деп  айта  алмаймыз.  Кейбір 
деректерді тағы да қарастырып, ғылыми дәлелдерді қамтуды қажет ететін тұстар баршылық. 
Десе  де,  сөздікті  құрастыру  себебіміз    −  өзге  зерттеушілерге  ой  салу.  Бұл  сөздік  гидроним, 
ороним, ойконимдердің табиғатын таныту ғана емес, жастардың  тарих көшінен де  бейхабар 
болмауды мақсат етуге сай құрастырылған», − дейді ғалымдар. Елін, жерін, тілі мен тарихын, 
ұлтын ұлықтайтын кез келген азамат жер-су атауларын  білуге тиісті. Демек, топонимдер − 
жердің  тілі,  онда  жер  дегеніміз  не?  Жер  дегеніміз  –  географиялық  атаулар  арқылы 
адамзаттың тарихы жазылатын кітап. 
Олай  болса,  А.Әбдірахманов  пен  О.А.Сұлтаньяевтың  «Көкшетау  өңірінің  жер-су 
атаулар сөздігі» осы негізде бағалуы керек сияқты.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Арқа ажары. 2008 ж., 4-5 б.б. 
2  Султаньяев  Огаз  Арыстангалиевич:  Библиографический  указатель.  –Кокшетау:  Изд-
во КГУ им. Ш.Уалиханова, 2015. 
3 Абай. Қалың елім, қазағым ... Өлеңдер. – Алматы, Атамұра, 2002. 
4 Айдаров Ғ. Язык орхонского памятника Бильге-Каган. – Алма-Ата, 1966.  
5  Сұлтаньяев  О.А.  Понятное  непонятности.  Пособие  по  внеклассной  работе  по 
русскому языку (на топономическом материале). – Алма-Ата, 1973.  
6 Сабиров Р.А. Татарско-русский словарь. kitap.net. ru\ sabirov\ 6.php. 
7  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  /Жалпы  редакциясын  басқарған  Т.Жанұзақов.  ─ 
Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 
8 Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алма-Ата, 1985.  
 
Научной  среде  первый  раз  предложен  оригинал  рукописи  словаря  профессоров 
А.Абдирахманова  и  О.А.  Султаньяева,  которая  называется  «Көкшетау  өңірінің  жер-су 
атаулар  сөздігі».  В  этой  статье  анализируется  исследование  гидронимов,  оронимов, 
ойконимов  этой  окресности,  опираясь  на  народные  этимологии,  также  на  теоретические 
факты и принципы. 
                                                           
To the scientific community for the first time proposed the original manuscript dictionary of 
professors  A.Abdirahmanov  and  O.A  Sultanyaev,  that's  called  «Көкшетау  өңірінің  жер-су 
атаулар  сөздігі».  In  this  article,  analyzing  research  hydronyms,oronyms,  oikonyms  this  is 
surroundings, based on folk etymology, as the theoretical facts and principles. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

81 
 
УДК 811.512.1-112 
Н.Н. Конкабаева 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Алматы қ., Қазақстан 
haia89@mail.ru 
 
АТ-ТУҺФА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТҮР-ТҮС СЕМАНТИКАСЫ: 
САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТАРИХИ АСПЕКТ 
 
 
Мақалада «Китаб ат-Тухфат-уз-закийя фил-луғат-ит-туркийя» («Түркі тіліне бағалы 
сыйлық»)  атты  ортағасырлық  ескерткіштегі  түр-түс  атаулары  қарастырылады. 
Ортағасырлық басқа түркі тілдерінде жазылған ескерткіштерден де мысалдар келтіріліп, 
ғылыми  анализ  жасалады.  Әр  түстің  семантикалық  мағыналарымен  қатар,  XI-XIV 
ғасырлардағы  сөздіктерде  берілген  мағыналары  да  көрсетіледі.    Түр-түс  атауларының 
графикалық  және  дыбысталу  ерекшеліктері  беріледі.  Алғаш  рет  өзіндік,  авторлық 
пайымдаулар мен дәлелдер келтіріп, тұжырымдама жасауға талпыныс жасалынады. 
 
 
Тірек  сөздер:  түс  атаулары,  қолжазба,  ортағасырлық  ескерткіш,  фонетикалық 
өзгеріс, араб графикасы. 
 
Түр-түс  табиғатын  әрбір  халық  өзінше  түсініп,  пайымдайды.  Түстердің  қалыптасуы 
халықтың  табиғат  құбылыстарын  түсіну  ерекшеліктеріне,  ұзақ  жылдар  бойы  қалыптасқан 
мәдени  дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарымен  тығыз  байланысты.  Демек,  түстің  номинативтік 
беретін  мағынасы  мен  символдық,  таңбалық  мағынасы  бар.  «Табиғат  бізге  ерекше 
әсемдігімен, көркем сәнімен бояу-нақышымен қымбат. Оның сұлулығы, көз тартар көркі ең 
алдымен түрлі-түсті реңіне байланысты. Басын ақ қар шалған асқар таулары мен мұңартқан 
зеңгір шыңдар, арайлап атқан таң мен алаулап батқан күн, толқынды теңіздер мен айдынды 
шалқар  көлдер,  жөңки  көшкен  бұйра  бұлттар мен  күн  сәулесімен  көмкерілген  кемпірқосақ, 
жасыл  орман  мен  көкорай  шалғын  дала,  жеміс-жидек,  гүл-бәйшешек,  аспанда  ұшқан  аққу 
мен  жерде  жортқан  алтайы  қызыл  түлкі  т.б.  –  осының  бәрі  өз  өңімен,  өз  реңімен,  бір-бірін 
қайталамайтын неше алуан түр-түсімен, нақыш-бояуымен көрікті де көркем, әсерлі де әсем», 
- деп тілші ғалымдар түр-түстің бейнесін береді [1, 157]. 
Түр-түс  атаулары  ерте  заманнан  бері  қалыптасқан.  Дәлел  ретінде  жазба  мәдениеті 
қалыптасқан  кезеңдерден  қалған  жазба  ескерткіштерді  келтіруге  болады.  Мәселен,  V-VIII 
ғасырлардағы  орхон-енисей  ескерткіштерінен,  көне  ұйғыр,  манихей,  брахма,  араб 
жазуларымен жазылған бай тарихи –әдеби мұралардан көптеп кездестіруге болады. Мысалы, 
Орхон,  Енисей,  Талас  өзендерінің  бойынан  табылған  ескерткіштер  тіліндегі  сарығ  алтун, 
қызыл қан, ақ ат, боз ат, қара бұдун, қара тер, көк оңуғ, йерген атауларын келтіруге болады 
[2,  26].  Жазба  ескерткіштердің  қатарында  біздің  зерттеу  нысаны  «ат-Туһфа  аз-закия  фил-
луғат  ат-түркийя»  қолжазбасы  болмақ.  «ﺔﯿﻛﺮﺘﻟاﺔﻐﻠﻟﺎﯿﻓﺔﯿﻛﺰﻟاﺔﻔﺤﺘﻟا»  –  ат-Туһфа  аз-закия  фил-луғат 
ат-түркийя»  (бұдан  кейін  «ат-Туһфа»  деп  беріледі)  атты    ортағасырлық  ескерткіш  түркі 
халқының,  соның  ішінде,  қазақ  халқының  тарихында,  әсіресе  қазақ  тілінің  қалыптасу 
тарихында  үлкен  рөл  атқаратын  қолжазба  болып  табылады.  Ескерткіш  тек  қазақ  халқына 
ғана емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ дүние. Осы ортағасырлық қолжазба 3 бөлімнен тұрады. 
Бір бөлімі арабша-қыпшақша сөздік болып табылады[3]. Міне, осы сөздікте берілген түр-түс 
атаулары қарастырылады.  
«Ат-Туһфа»  ескерткішінде  негізгі  түстермен  қосымша  түстер  де  берілген.  Әр 
түстіжеке-жеке қарастырылып, XI ғасырда жазылған Махмұт Қашғаридің «Диуани лұғат-ит-
түрік»  және  XIV  ғасырда  жазылған,  авторы  белгісіз  «Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-
туркия ала тамам уа ал-камал» еңбектерімен салыстырмалы түрде беріледі. Негізгі алты түс, 
яғни 
ақ, 
қара, 
қызыл, 
жасыл, 
көк, 
сары 
түстерінің 
мән-мағыналары 
қарастырылады.Түсіндірме  сөздікте  «ақ»  сөзіне  мынандай  түсініктеме  берілген:  қардың, 

82 
 
сүттің,  бордың  түсіндей  (қараға  қарама-қарсы);  адамның,  малдың,  құстың  т.б.  жан-
жануарлардың түсі; өсімдіктің түрі; әк; ауыспалы мағынада. Совет үкіметіне  қарсы күрескен 
дұшпан  тобы;  ауыс.  Спорт.  Дойбының,  шахматтың  фигуралары;  ауыс.  Адал,  кінәсіз, 
жазықсыз [4, 126-127]. 
Махмұт  Қашқаридің  еңбегінде«ақ»  сөзі  ақ  деп  түркі  тілдерінде  беріліп,  арабша 
жазылуы ْقاا – ақ, бір нәрсенің ағы (Оғызша). Өзге түрік ұлыстары ақбоз атты « ْتآ  ْقاا Ақ at –Ақ 
ат»  дейді.  Әрі  тағы  бір  беретін  мағынасы  ақ. « ْرآ  ْلﺎَ ﻘَﺳ  ْقاا  Ақ  saқal  er:  Ақ  сақал  ер  –  Ақсақал 
адам, сақал-шашы ағарған адам (Оғызша)» [5, 111].  
«Ат-туһфа» ескерткішінде төмендегідей беріледі:  
ﺾﯿﺑا –  ْقاآ – aq –ақ 
Ал,  «Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-туркия  ала  тамам  уа  ал-камал»  атты 
қолжазбада  «ақ»  сөзі  ақ  деп  түркі  тілдерінде  қолданылып,  араб  тілінің  графикасында ْقَ أ  бір 
ғана  дауысты  әріппен  берілген.  Ескерткіштердегі  жазылған  графикаларын  салыстырып 
көретін  болсақ,  «ат-Туһфа»  ескерткішін  басқа  екі  қолжазбалармен  салыстырғанда  «ақ»  сөзі 
ақ  деп  сол  кездерде-ақ  қолданылған.  Алайда  «ат-Туһфа»  ескерткішінде  бір  алифтің  үстінде 
мадда  белгісінің  бар  екендігін  байқалынады.  Осыған  қарап,  XIV  ғасырда  XI  ғасырмен 
салыстырғанда, 
ақ 
сөзі 
тіптен 
созылыңқы, 
ааақ 
деп 
айтылғанын 
пайымдауға 
болады.Сонымен қатар тіптен, а әрпін созбай-ақ қазіргі тілімізде қолданыста жүрген нұсқасы 
дапайдаланылған екен. 
«Қара»  сөзінің  түсіндірме  сөздік  бойынша  беретін  мағынасы:  күйенің,  көмірдің 
түсіндей  (түс,  бояу);  дәл  не  екені  айқын  емес,  қарайып  көрінген  нәрсе;  қарайған;  аумақ, 
көлем,  сан,  мөлшер,  шама;  жобасы,  нобайы,  пошымы,  түрі;  ауыс.:  ес,  серік,  тірек,  сүйеу; 
ауыс.:  арам,  қара  ниет,  зұлым;  этногр.:  өлікті  аза  тұтудың  белгісі  ретінде  киетін  киім; 
қарапайым, халық арасынан шыққан адам, қара халық, бұқара; ірі мал: жылқы, түйе, сиыр[6, 
36]. 
Сонымен  қатар  Махмұт  Қашғари  сөздігінде  «қара»  сөзі  қазіргі  мағынасымен  толық 
сәйкес  болып,  اﺮَ ﻗдеп  араб  графикасындаберіледі.  Мағынасы:  қара.  Хақанның  хандары 
«ا َﺮَ ﻗқara: қара» деп аталады. « ْنﺎﻗﺎﺧ اﺮَ ﻗ اﺮْﻐُﺑ Buғra қara хақан: Бұғра қара хақан – Бура қара хан», 
деген сияқты. Бұл жөнінде бір хикая бар [7, 301]. 
«Китаб ад-дурр әл-мудия  фи луғат  ат-туркия ала тамам  уа  ал-камал» атты қолжазбада 
«қара» сөзі қара деп түркі тілдерінде қолданылып, араб тілінің графикасында ا َﺮَ ﻗ деп беріледі. 
«Ат-Туһфа»  ескерткішінде  «қара»  сөзі  ا َرﺎَ ﻗ  деп  берілген.  Ескерткіштерде  берілген 
мағыналарының негізінде  «қара» сөзінің ортағасырдан бері аталуында еш өзгеріс болмаған. 
Тек  фонетикалық  ауытқушылықтың  бар  болғандығын  ғана  аңғарылады.  Мәселен,  «ат-
Туһфа» қолжазбасында қаараа деп айтылған. Өз кезегінде басқа қолжазбаларда тек қараа деп 
айтылғандығын деректерге сүйене пайымдалынады. 
«Жасыл»  сөзінің  түсіндірме  сөздік  бойынша  негізгі  беретін  мағынасы:  жапырақтың, 
жас шөптің түсіндей түс; шөптің, өсімдіктің қурамаған, сарғаймаған көк балауса кезі [8, 725]. 
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде «жасыл» сөзі иашыл деп беріліп, араб графикасында  
 ْﻞ ِﺸَﯾ  деп  беріледі.  Яғни,  жасыл  сөзінің  фонетикалық  өзгеріске  ұшырағандығы  аңғарылады. 
Мағынасы:  жасыл.  Қанық,  қою  жасылды  « ْﻞِﺸَﯾ  ْﺐَﯾ  Jap  jашыl:  Иап  иашыл»  дейді.  Бұл  сөз  
« ْﻞُﺸُﯾjuшul: иұшұл» сөзімен қосылып « ْﻞُﺸُﯾ  ْﻞ ِﺸَﯾ jaшuljuшul: иашұл иұшұл» деп те айтылады [7, 
36]. 
 
Ал,  «Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-туркия  ала  тамам  уа  ал-камал»  атты 
қолжазбада«жасыл»  түсі   ْﻞْﯿﱢﺸَﯾ  деп  беріледі.  Түркі  халықтарында  «жасыл»  сөзінің  иашшил 
деген нұсқалары да болған. 
 
«Ат-Туһфа» қолжазбасында «жасыл» сөзі  ْﻞ ِﺷﺎَﯾ деп берілген. Демек, XI-XIV ғасырлардан 
бері қазақ тіліндегі «жасыл» атауы иашил деген атаудан өзгеріске ұшыраған. Сонымен қатар, 
дыбысталу  варианттылығы  байқалынады.  Мәселен,  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегінде 
иашыл,  «Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-туркия  ала  тамам  уа  ал-камал»  еңбегінде 
иашшил, «Ат-Туһфа»  қолжазбасында иаашил деп беріледі. Қазақ тілінде и әрпінің ж әрпіне 

83 
 
өзгеруі  байқалынса,  ал  күшейтпелі  формасы  сол  кезеңнен  жап-жасыл  формасы 
сақталынған.   
«Көк» сөзінің түсіндірме сөздікте берілген мағыналары: ашық аспан тәрізді түс;  қаулап 
өскен  шөп,  әр  түрлі  өсімдік;  жеміс-жидек,  көкөніс  [9,  118].  Махмұт  Қашқаридің  сөздігінде 
 ْكﻮُﻛ  деп  беріліп,  көк  сөзінің  3  түрлі  мағынасы көрсетілген:  1)  көк  аспан  деп,  мысалға  мақал 
келтірілген:  «
ﺎّﻛﻮُﻛ
 
ﺎﺳ ْﺬُﺳ
 
ﺎﻛز ْﻮُﯾ
 
 ْرﻮُﺸُﺗ
Көкке  suзsa  jүzge  tүшүr:  Көкке  сұдзса  иүзге  түшүр  –  Көкке 
түкірсе,  жүзге  түсер».  (Көкке  түкірген  кісінің  түкірігі  бетке  түсер).  Бұл  мақал:  «басқаға 
жамандық істесең, өзіңе қайтады» дегенді мегзеп айтылған. 2) рең, түс: « ْنﻮُ ﺗ  ْكﻮُﻛ Kөк ton: Көк 
тон».  Сондықтан,    аспан  түсті  нәрсенің  бәріне  осы  сөз  қолданылады.  3)  көк«ﻰﻛﻮُﻛ  ْﺪْﻨَﻛ Kend 
көкі: Кент көкі – Кент көгі; Қаланың көк бауырлары, көк ағаштар»[7, 188]. 
Ал, «Китаб ад-дурр әл-мудия фи луғат ат-туркия ала тамам уа ал-камал» атты еңбекте 
ал  көк  түсі   ْكﻮُﻛ  деп  берілген.  Түркі  тілдеріндегі  қолданысы  қазақ  тіліндегі  аудармасымен 
бірдей-ақ. 
«Ат-Туһфа»  қолжазбасында:  قرزا  –   ْكﻮُﻛ  –  kuk  –  көк  деп  беріледі.  «Көк»  сөзі 
ортағасырлар  кезінен-ақ  көк  деп  қолданылып,  фонетикалық  жағынан  ешбір  өзгеріске 
ұшырамаған.  Бұл  өз  кезегінде  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегінде  берілген  «көк»  сөзінің 
негізгі беретін аспан түсі деген семантикалық мағынасына байланысты болуы да ықтимал. 
«Сары»  сөзінің  түсіндірме  сөздікте  берілген  мағыналары:  піскен  егіннің  немесе  
апельсиннің түріндей түс; ауыс. Бір қалыпты, үздіксіз, ұзақ [10, 187]. 
М.Қашғари  сөздігінде  «сары»  сөзі   ْغِﺮَﺳ   деп  беріліп,  екі  мағынасы  көрсетіледі:  1)  сары: 
қою сары нәрсені « ْغِﺮَﺳ  ْﺐَﺳ Sаp sarығ: Сап-сарығ – Сап-сары» дейді. Адамның өтінде болатын 
кеселді де,  яғни сары ауруды « ْغِﺮَﺳ  Sarығ: Сарығ – Сары» дейді; 2) сары: « ْثﻮُﺳ  ْغِﺮَﺳ  Sarығ suv: 
Сарығ  сув  –  Іште  жиналып  қалған  сары  су».  Сары  реңді  нәрселерді  غِﺮُﺳ  ْغِﺮَﺳ   sarығ-surығ  – 
сарығ сұрық» деген жұп сөзбен білдіреді («Сап-сарыала» деген секілді. – А.Е.) [5, 431]. 
«Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-туркия  ала  тамам  уа  ал-камал»  қолжазбасында 
«сары» сөзі ىِﺮ َﺻ  деп беріледі. Қазақ тіліне «сары» сөзі еш өзгеріссіз сол қалыпта жеткендігі 
көрінеді.  «Ат-Туһфа»  ортағасырлық  ескерткішінде:  ﺮﻔﺻا-  ىِرﺎ َﺻ   –  saary  –  саары.  XI  ғасырда 
«сары» түс атауы сарығ деп қолданылса, XIV ғасырда ғ әрпінің түсіп қалуы қолжазбалардан 
білеміз.Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сары  деп  қолданылуы  ортағасырлық  кезеңдерден-ақ 
басталынған. 
Алайда  қолжазбаларда  сары  деген  сөздегі  бастапқы  с  әрпі  біріншіден  қатаң  ص  әрпі 
арқылы берілсе, XI ғасыр ескерткішінде қазақ тілінің әліпбиіндегі с әрпімен үндес س әрпімен 
берілген.  Фонетикалық  өзгешіліктер  «ат-Туһфа»  ескерткішінен  байқалынады.  Саары  деп,  а 
әрпі созылыңқы берілген. 
«Қызыл» сөзінің түсіндірме сөздікте берілген мағыналары: қан түсті, қырмызы; жылқы 
малында болатын ақ аралас көкшіл түс; сиыр, түйе малында болатын ашық қоңыр түс; ауыс.: 
адам  жүзіндегі  қан  күрең  рең,  қызарған  шырай;  шайдың  ал  күрең  түсті  қоюы;  социалистік 
революцияны,  совет  үкіметі  мен  коммунистік  партияны  жақтаушы;  ауыс.:  малдың,  аңның, 
құстың еті; ауыс.: қырмандағы ұшырылған таза астық [6, 563]. 
«Қызыл»түс  атауы  Махмұт  Қашғаридің  сөздігінде   ْلِﺰِﻗ  деп  беріліп,  екі  мағынасы 
көрсетілген: 
1)  бір нәрсенің қызылы. Мақалда былай деп келіпті:  
  ﻮُ ﻨْﻠِﻗ
 ْراَﺬَﻛ  ْلِﺰِﻗ  ﺎﺴْﻠِ ﺑ
–Қыlnu  bilse  қыzыl  kiзеr  –  Қылнұ  білсе  қызыл  кідзер  –  Қылынайын  десе 
қызыл киер, 
 ْراَﺬَﻛ  ْﻞ ِﺸَﯾ ﺎﺴْﻠِ ﺑﻮُ ﻧا َﺮَﯾ – Jaranubilse  jaшыlkiзеr – Иаранұ білсе иашыл кідзер –Жарасайын десе, 
жасыл киер. 
(Қатындар  еріне  әдемі,  қылықты  көрініп  жақын  сұхбаттасқысы  келсе  қызыл  қырмызы 
жібектен киім киер; қошеметтеп, назданып жарасайын десе, жасыл жібектен киім киер.) Бұл 
мақал  әйелдерді  ерімен  үнемі  жақсы  құлық,  жарасымды  қылықпен  болуға  бейімдеп 
айтылған. 
2)  Қашқарды кесіп өтетін бір өзеннің атауы. Жырда былай деп жырланады: 

84 
 
 ْﺐ ِﺸَ ﻗ ْرآ  ْغِﺮَﺳ  ْلِﺰِﻗ   –  Қыzыl  sarығarқашыр  –  Қызыл  сарығ  арқашып  –  Қызыл,  сары  (гүл-
бәйшешектер) 
 ْﺐ ِﺸَﻛ ْﺰُﯾ  ْﻞ ِﺸَﯾ  ْﻦِﻜْﺒَﯾ – Jіbкіn jашыl jүzkешір – Иібкін иашыл иүзкешіп – Біріне-бірі таянды. 
(Қызыл,  сары гүлдер  қауыз  ашып  біріне-бірі  сүйеніп,  жасыл  райхан  бой  түзетіп,  біріне-бірі 
өріліп өсті; Адам соны көріп таңданды) [5, 453-454]. 
Ал,  «Китаб  ад-дурр  әл-мудия  фи  луғат  ат-туркия  ала  тамам  уа  ал-камал»  еңбегінде 
қызыл түсі  ْلِﺰِﻗ деп берілген. «Қызыл» түсінің аудармасы қазіргі қазақ тіліндегі түс атауымен 
толығымен сәйкес келеді. 
«Ат-Туһфа»  қолжазбасында:  ﺮﻤﺣا  –   ْلِﺰِﻗ  –  qyzyl  –  қызыл.  Ортағасыр  қолжазбаларында 
«қызыл»  сөзі  бізге  жазылуы  да,  дыбысталуы  да  жағынан  ешбір  өзгеріссіз  жеткендігі 
аңғарылады. 
Қарастырылып жатқан «ат-Туһфа» ортағасырлық ескерткішінде аталған алты түстерден 
басқа қосымша түстер де берілген. Олар:ﻖﻠﺑا – ﻻاا – aala – ала; ﺮﻤﺳا– ْزووﻮُﯾ ا َرﺎَ ﻗ – qarayuuuz – қара 
жүз (қазақ тіліндегі қоңыр түсті бейнелейтін тіркес). Берілген түстердің ішінде қоңыр түсінің 
аталуынан қазақ тіліндегі қоңыр атауынан өзгеше. Алайда, тіркес мағынасы «қоңыр» түсінің 
семантикасын  берген.  Қолжазбада  сонымен  қатар,  түр-түс  атауларын  сын  есім 
категориясына  жатқызып,  сын  есімнің  берілу  тәсілдері  кезінде  түстер  атаулары  деп  бөлек 
қарастырып кеткен. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, ортағасырлық, яғни 
XI-XIV  ғасырлардан  бергі  түр-түс  атаулары  тілімізге  өзгеріссіз  енгенін  білеміз.  Тек  жасыл 
түсінің иашыл деп аталып, алайда тілімізге и әрпінің орнына ж әрпімен тілімізге түс атауын 
қабылданылған.  Келтірілген  дәйектемелер  негізінен  қышақ  тілді  ескерткіштер  болу 
себебінен  қазақ  тіліндегі  түр-түс  атауларымен  сәйкестілігі  түсіндіріледі.  Түр-түс 
атауларының  тек  семантикалық  мағыналары  ғана  қарастырылған.  Себебі  символдық  мән-
мағыналарын  қарастыру,  жазба  дәйектемелерді  молырақ  талап  етіледі.  Ғылымдар  түйіскен, 
жаңа  бағыттар  дамыған  бүгінгі  лингвистикада      ортағасырлық  ескерткіштерін 
этнолингвистикалық,  лингвомәдени  және  әлеуметтік,  когнитивтік  ғылымдар  жүйесінде 
талдап, жаңа ғылыми дәйектемелер жасайтын кез келді демекпіз. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Авакова Р.А. Фразеосемантика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 246 б. 
2  Қайдаров  Ә.,  Ахтамбердиева  З.,  Өмірбеков  Б.  Түр-түстердің  тілдегі  көрінісі.  – 
Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б. 
 
3  Изысканный  дар  тюркскому  языку  (Грамматический  трактат  XIVв.  на  арабском 
языке). – Ташкент: Фан, 1978. – 452 с. 
 
4 Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1974. – 1 т. – 696 б.  
 
5  Махмұт  Қашғари.  Түрік  тілі  нің  сөздігі  (Диуанилұғат-ит-түрік):  3  томдық 
шығармалар  жинағы  /  Қазақ  тіліне  аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазған 
А.Егеубай. 3 том. – Алматы: Хант, 1997. – 1 т. – 590 б. 
 
6 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1982. – 6 т. – 624 б. 
 
7Махмұт Қашғари. Түрік тілі нің сөздігі (Диуанилұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар 
жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзімен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. 3 том. – 
Алматы: Хант., 1998. – 3 т. – 600 б. 
 
8 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.– Алматы: Ғылым, 1978. – 3 т. – 735 б. 
 
9 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.– Алматы: Ғылым, 1980. – 5 т. – 640 б. 
10 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1985. – 8 т. – 591 б.  
11 Ermers R. Arabic grammars of Turkic. – Leiden, 1999. – 229 p. 
12 Сүйерқұл Б.М. Ат-тухфа...ескерткіші /XIV ғ./тіліндегі етістік категориялары /тарихи-
салыстырмалы талдау/. Филол. ғыл. канд. ...дис. – Алматы, 1999. - 132 б. 
 
В  статье  рассматриваются  цветообозначения,  данные  в  средневековым  памятнике 
«Китаб  ат-Тухфат-уз-закийя  фил-лугат-ит-туркийя»  («Драгоценный  подарок  тюркскому 
языку»).  Даются  примеры  из  других  средневековых  источников  по  тюркским  языкам, 

85 
 
делается научный анализ. Помимо семантических значений каждого цвета, также даются 
значения  из  словарей  XI-XIV  веков.  Отмечаются  графические  и  звуковые  особенности 
цветообозначений.  
 
The  article  deals  withthe  name  of  thecolor  termsdata  frommedieval  monuments"Kitabal-
Tuhfat-uz-fil-zakiyyalugat-it-turkiyya"  ("The  precious  giftof  Turkic  languages").  It  is 
givenexamplesfrom theother medievalsourcesin Turkic languages, it is made the scientific analysis. 
In addition to the semantic values of each colorist is also given the values from the dictionaries of 
XI-XIVcenturies.  It  is  noted  graphics  and  sound  features  of  color  terms.  For  the  first  time,  it  is 
given personal, author's arguments and evidence, and an attempt is made to draw conclusions
 
 
 
УДК 81:0/9 
В.С. Ли 
Казахский национальный университет имени аль-Фараби 
Алматы, Казахстан 
 li-vd@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет