Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#6669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

 
Тілдік  тұлғаның  қалыптасуындағы  қоғамдық-әлеуметтік,  тарихи,  лингвистикалық, 
философиялық  тұрғылар  баяндалады.  Қостілді  инсанның  (субъектінің)  тұрғысы  туған 
тілді  тірек  ететіні  Шоқан  Уәлиханов  шығармашылығы  негізінде  дәлелденеді.  Шоқан 
шығармашылығын зерттеуші ғалым О.А. Сұлтаньяевтың пайымдауларына сүйене отырып, 
Шоқанның ұлттық тілдік тұлғасы көрсетіледі. 
 
Кілт  сөздер:  тілдік  тұлға,  психолингвистикалық,  философиялық,  семантикалық, 
танымдық  және  прагматикалық  деңгейлер,  сөз  саптау,  вербалды-семантикалық  деңгей, 
аялық білім, уәждік деңгей. 
 

56 
 
Психолингвистиканың  өзіндік  негізгі  ұстанымдарынан  туындайтын  басты  ғылыми 
ұғымдардың  бірі  –  тілдік  (тұлға)  инсан  ұғымы.  Тілдік  инсан  ұғымының  мәні  кең  де  терең. 
Тілдік  тұлға  туралы  алғашқы  идея  ұсынған  -  неміс  ғалымы  Й.Вайсгербер.  Кейін  бұл  идея 
В.В.Виноградов,  А.А.Леонтьев,  В.И.Карасик,  В.И.Шаховский  және  басқа  да  ғалымдардың 
еңбектерінде  одан  әрі  дамытылды.  Бұл  мәселе  орыс  тіл  білімінде  біршама  зерттелген. 
Айталық, белгілі орыс тілшісі Ю.Н.Караулов еңбегінде тілдік инсан мәселесі жөнінде: «ХІХ 
ғасыр  аяғында  пайда  болған  тірі  тілдер  мен  диалектілерді  зерттеуге  деген  ерекше 
қызығушылық, 
бір 
жағынан, 
қоғамдастықтың 
тарихи 
көзқарасқа, 
өлі 
тілдерге 
қызығушылықтың  басымдылығына  қарсылығы  болса,  екінші  жағынан,  тілшілердің 
қалыптасқан  және  дамыған  ұлттық  өзіндік  санамен  байланысты  дамып  келе  жатқан 
қоғамдардың  жаңа  қажеттіліктері  мен  мүддесіне  деген  жауабы  болды»,  -  деп  көрсетеді. 
Демек,  бұл  бағыт  орыс  тіл  білімінде  ХІХ  ғасырдың    аяғында-ақ  қолға  алынып,  тілдің 
қасиетін  жан-жақты  ашу  мақсатындағы  зерттеу  жұмыстары  жүргізіле  бастаған. 
Ю.Н.Карауловтың  анықтамасы  бойынша,  «қоршаған  ортаны  терең  де,  дәл  бейнелеуімен 
белгілі бір мақсаттағы бағыты және тілдік құрылымдық күрделілігімен өзгешеленетін сөйлеу 
мәтіндерін    тудыру  және  қабылдау  қабілеттіліктер  жиынтығы  тілдік  инсанды  білдіреді» 
/1:11-13/.  Бұл  -  тілдегі  жеке  тұлғалық  ерекшелікті,  әрі  жеке  тілді  қолданушының  сөз 
байлығын,  тіл  қолданысындағы  шеберлігін  анықтау  үшін  қажетті  зерттеу  бағыты  болып 
табылады. Профессор О.А. Сұлтаньяев та Шоқан Уәлиханов тұлғасына осы тұрғыдан келген. 
Бұған оның «Публицистика Чокана Уалиханова», «Шұрайлы сөздің шебері» атты еңбектері – 
дәлел. 
Өзге жеке адамдарға ұқсамайтын өзіндік ерекше сапалық қасиеті бар бірегей адам ғана 
жеке  тұлға  бола  алатыны  белгілі.  Яғни  елден  ерек  адам  емес,  инсаният  талаптарына  жауап 
беретін адам – тұлға. Адам инсан болып тумайды, инсан болып қалыптасады. Тілдік инсан да 
солай.  Инсан  өзге  адамдармен,  әлеуметтік  институттармен  қатынаста,  әлеуметтік 
байланыстар жүйесінде танылуға тиіс, таныла отырып тарихи тұлға ретінде белгілі болады. 
Демек,  инсан  өмірінің  мәні  қарым-қатынас  құндылығы  тұрғысынан  ашылады.  О.А. 
Сұлтаньяевтың  «Шұрайлы  сөздің  шебері»  атты  зерттеуінде  Шоқанның  тілдік  тұлғасының 
қалыптасуына әсер еткен негізгі жағдайды отарлық езгіліктен көреді: «Соның (отарлықтың – 
Ж.Ж.)  салдарынан  қазақ  даласының  ұлан-ғайыр  кеңістігінде  ХІХ  ғасырдың  орта  кезінде 
қарапайым  көзге  түсе  бермейтін,  бірақ  «жаным  –  арымның  садақасы»  дегенге  дәл  келетін 
қиян-кескі талас жүріп жатқан. Дау-дамайдың негізгі мәселесі – ұлттық жекелену, ғасырдан 
ғасырға  ауысып,  қазақтығымыздың  бірден-бір  көрсеткіші  болып  қалыптасқан  ұлттық 
негіздер мен салт-дәстүрді қаз-қалпында сақтап қалу мақсаты болатын. 
Мұндай  тартыстың  мән-жайы  әрбір  адам  ұғына  бермейтін.  Шоқанның  айтуынша,  бұл 
тұста  «ескі  мен  жаңа,  шығысқа  еліктейтін  мұсылмандық  пен  орыс»  болмысы  тартысқа 
түскен» [2: 4]. 
Ю.Н.  Карауловтың  айтуынша:  «тілді  жасаушы,  ұстаушы,  пайдаланушы  адамға  назар 
аудармай, тілдің шегінен аспай, тілдің өзін тану мүмкін емес» [1, 7]. Мұны профессор О.А. 
Сұлтаньяевтың:  «...  асыл  мұрамызды  әлі  де  толық  түгендеген  жоқпыз,  ғұлама,  ойшыл,  ұлы 
ұлдарымыздың  ойханасына  терең  үңілген  жоқпыз.  ...  Бұған  ғұлама  ғалым,  ағартушы-
демократ Шоқан Уәлихановтың көп салалы бай мұрасын, ойтанымын, тұжырым-түйіндерін 
зерттеудің  өзі-ақ  айғақ  бола  алады»,  -  деген  сөзі  нықтай  түседі  [2,  3].  Соның  ішінде  тілдің 
иесі туралы талдау жасар алдында ұлттық тілге әр түрлі қырынан назар аударып қарастыру 
қажет.  Өйткені  сонда  ғана  тілдік  инсанның  парадигмасы  тілдің  дербес  қасиеттерін  тарихи, 
психологиялық,  жүйелік,  әлеуметтік  тұрғыларды  біріктіріп  зерттеуге  мүмкіндік  туады. 
Осыған  орай  ғылымда  мынадай  факторлар  ескеріледі:  «біріншіден,  тілдік  инсан әлеуметтік 
заңдылықтардың нәтижесі болып табылады; екіншіден, тілдік инсан - ұлттың тарихи өсуінің 
жемісі;  үшіншіден,  тілдік  инсан  биологиялық,  әлеуметтік,  физикалық  шарттармен 
байланысты;  төртіншіден,  тілдік  инсан  -    өзінің  қолданыс  аясында  жүйелі-құрылымды 
белгілерді жасаушы, пайдаланушы». 

57 
 
Ю.Н.Караулов  тілдік  инсанға  бірнеше  анықтама  береді:  «Тілдік  инсанның  астарынан 
мәтінді жасаушы және қабылдаушы адамның ерекшелігі мен қабілетінің жиынтығын ұғамыз. 
Бұл жиынтық:  
а) тіл мен құрылымның күрделілік дәрежесінен, 
ә) шындық болмыстың терең және нақты бейнесінен, 
б) айқын мақсатқа деген бағыттан тұрады. 
Байқап  отырғанымыздай,  анықтамада  адамның  қабілеті  мен  өзі  жасаған  мәтін 
ерекшелігі  ұштасып  жатыр.  Сонымен,  бұдан  былай  тұлға  парадигмасының  басты  идеясы 
бойынша «...әрбір мәтіннің тасасында тілдік жүйені билеуші ие тұрады» [1, 27]. 
Тілдік  инсан  құрылымын  психолингвистикалық,  философиялық,  семантикалық, 
танымдық  және  прагматикалық  деңгейлерден  тұратын  құрылымдық  жүйе  ретінде  сатылай 
сипаттауға  болады.  Бұл  құрылымдық  жүйе  белгілі  бір  ұжымның  я  ұлттың  дүниетанымдық 
білімі  мен  ұғымы,  ділінің  көріністері,  психологиялық  өзгешеліктерінен  түзіледі.  Жоғарыда 
көрсетілген  жүйенің  жалпылық  сипатта  болатындығын  айтып  кеткен  жөн,  өйткені  аталған 
деңгейлердің көрінісі әрбір тілдік инсанда әр түрлі дәрежеде дамып, түрліше сипатта болады. 
Ал  тілдік  инсанның  мазмұнына  келсек,  оны  құндылықтар  жүйесінен  тұратын 
дүниетанымдық, ділдік және жеке тұлғалық компоненттер құрайды.  
Ю.Н.  Караулов  анықтамалығы  бойынша,  «тілдік  тұлға»  терминінің  синонимдік 
қатарына  субъект  (әлемді  танушы  және  әлемді  өз  сөзінде  бейнелеуші),  индивид,  мәтін 
авторы,  тіл  иесі  информант,  актив  және  пассив  информант,  айтушы  (тыңдаушы,  сөздік 
портрет, идиолект, автор бейнесі) жатады. Соның ішінде жалпы және ең көп тараған термин 
- адамның тілге қатынасын беретін «тіл иесі» және «айтушы-тыңдаушы», адресант–адресат. 
Жалпы алғанда, тілдік тұлға мәселесі лингвистерді көптен толғандырып келеді десе де 
болады, осының нәтижесінде оны зерттеудің  негізгі үш жолы белгіленген екен: 
1.  Психолингвистикалық.  Тілді  зерттеудің  психолингвистикалық  аспектісіне  алғаш 
назар аударғандардың бірі  – Бодуен  де  Куртенэ /2/. Оның пікірінше, тілдік тұлға ұжымның 
әлеуметтік–тілдік формасы мен нормасын, әлеуметтік топтың тілдік дүниетанымын бейнелеп 
көрсетеді. 
2. 
Лингводидактикалық. 
Бұл 
жол 
тілді 
оқытудың 
заңдылығы 
және 
лингводидактикалық аспект негізінде ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Қазіргі лингводидактика 
тілдік тұлғаны тілдік қабілеттерді меңгеретін көпкомпонентті күрделі жүйе ретінде қарайды.  
3.  Философиялық.  Бұл  жол  академик  В.В.  Виноградовтың  еңбектерінде  кең  ұғымда 
көркем әдебиет тілін зерттеудің бір жолы ретінде ұсынылады. В.В.Виноградов: «Белгілі  бір 
ұлттық  қауымдастықтың  әлеуметтік-мәдени  салты  оны  өзге  ұлттық  салттардан  айыратын 
өзіндік  ерекшеліктерге  ие.  Бұл  ерекшеліктер  лексикада  бейнеленеді  және  онда  рухани  мен 
материалдық мәдениеттің ұлттық формалары, түрлері және көріністері туралы хабар беретін 
фондық аппаратты құрайды», [3, 41] - деп көрсетеді.  
Байқап  отырғанымыздай,  лингвистикалық-әлеуметтанушылық  жол  бөлек  айырық 
болмаған екен. Ендігі жерде осы аспектіге зейін қою қажеттігі туып отыр. Біздің  бұл жолы 
Шоқанның тұлғасын жасау жолындағы профессор О.А. Сұлтаньяевтың зерттеулеріне рухани 
тұлғасына өзімізше үңіліп отырғанымызда осындай бір түрткі бар. 
Қазіргі  тіл  білімінде  тілдік  инсан  санаты  Ю.Н.  Карауловтың  жіктемесіне  сүйенеді. 
Әрқайсысына жеке тоқталайық. 
Біріншісі – тілді қарапайым түрде, кәдімгіше меңгеру дәрежесін көрсететін вербалды-
семантикалық деңгей. Бұл деңгей сөз тіркесі мен сөйлемнің стереотиптік үлгісінен тұрады. 
Оның бірлігі лексикон болып саналады, тілдік жүйеде іске асады. Осы деңгейде тілдік тұлға 
жалпы  тілге  тән  айшықтарды  меңгереді.  Оны  қазіргі  тіл  білімінде  тілдік  аялық  білім  деп 
атайды  [4,  13].  Мысалы,  инсан  (жеке  тұлға)  сөзді,  сөз  тіркесін  қабылдағанда  оған  үнемі 
талдау  жасап  барып,  жауап  береді.  Ю.Н.Караулов  «нөлдік  деңгейді»  де  тілдік  инсан 
ұғымының  шеңберіне  енгізеді.  Себебі,  «тілді  қолданушының  сөздердің,  тіркестердің, 
сөйлемдердің  мағынасын  түсінуі  немесе  тілдік  сапаларды  игеруі  және  сөздердің  түсіндірме 
сөздіктегі  мағынасын  меңгеруі  жеткіліксіз,  ол  –  белгілі  бір  сөздердің  негізінде  жатқан 

58 
 
құндылықтарды танып білуі керек.  Ал сөзге құндылық бере алу, бере алмауы немесе қалай 
беруі қолданушының, яғни жеке тұлғаның ішкі дүниесінің дәрежесіне байланысты.  
Бұл деңгейде тілдік тұлғалар сөзді, негізінен, тура мағынасында қолданады. Ауыспалы 
мағынада қолданғаннның өзінде оның ауыспалы мағына екеніне мән  бере  бермейді я  бұған 
құзыреті  жетпейді.  Сөздің  көп  мағыналылығын  арнайы  ескертіп  айтса,  түсінуі  қиын  емес, 
бірақ  сөйлегенде  бұл  қаперінде  де  болмайды,  уәждеп  бере  алмайды.  Фразеологизмдердегі 
түйін мағынаны ажырату, метафора, метонимия, синекдохалық ауыстыруларды айырмайды. 
Көнерген сөз, т.с.с. пассив лексика лексиконында жоқ десе  де  болады. Ал актив лексиканы 
қолдануында кемшілік - жоқтың қасы. Бұл деңгейдің лексиконына гештальт сипаты ғана тән. 
Шоқанның қазақ тілінің де, орыс тілінің  де иесі ретінде бұл  деңгейден өткенін, ал  соңында 
қалған  жазба  мұраларында  бұл  деңгейдің  нышаны  да  жоқ  екенін  О.А.  Сұтаньяев  айқын 
тілдік  айғақтар  арқылы  дәлелдеп  берген.  «Шұрайлы  сөздің  шеберіндегі»  мына  бір 
түйіндерден  осыны  көреміз:  Өз  еңбектерін  орысша  жазғанымен,  11  жасында  Омбыдағы 
кадет  корпусына  оқуға  қабылданғанша  (1846  жыл)  ол  бірде-бір  орыс  сөзін  білген  емес. 
Алғашқы оқу жылдарында да орыс тілін шамалы деңгейде ғана меңгерген болатын. Барлық 
саяхат-сапарларында  оның жанында  тайпалас,  қандас  жігіттер  ілесіп  жүрді,  олармен  ғалым 
қазақша  сөйлесіп  отырды.  Ойлау  жүйесі  де  қазақша  болды.  Тек  сол  кезеңдегі  қазақ 
даласында  оның  жазғандарын  оқып,  түсінетін  орта  болмағандықтан,  ол  өз  ойларын  қағазға 
орыс тілінде түсіруге мәжбүр болды. Сәтін салғанда, Шоқан кадет корпусынан «толыққанды 
еуропаша білімді (вполне образованның по-европейски)» маман болып шықты да, орыс тілін 
тамаша меңгергендіктен, өз ойын орысша беруде ешқандай кедергі көрген жоқ [2, 5]. 
Екіншісі  –  жеке  тұлғаның  тілдік  үлгісін  бейнелейтін  когнитивтік  деңгей.  Бұл  деңгей 
адамның  білім,  сана,  танымының  бейнесі  ретіндегі  мәтінге  сүйене  отырып,  тұлғаның 
дискурсымен өлшенеді. Көркем шығармада когнатация арқылы іске асады, яғни, когнитивтік 
деңгей  -  тіл  мен  таным  сабақтастығының  нәтижесі,  сол  тілдік  тұлғаның  осы  сабақтастыққа 
сай  жасалатын  тезаурустық  қалыптасу  кезеңі.  Яғни, тіл  мен  таным  сабақтастығы  тіл  иесіне 
қатысты бір тұтастықта алынады да, тілдік тұлғаны анықтауға негіз береді. Жалпы алғанда, 
құрылымдық тіл білімінде тіл – дүниетанымның құралы, ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау 
тәрізді  түрлерінің  обьективтенуі  деп  сипатталатыны  белгілі.  Осыған  орай,  тілдік  жүйенің 
құрылымына тереңдеп барудың, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы – тілдік 
таңбаларды,  оны  құрайтын  элементтерді  олардың  мазмұндық  жағы  мен  тұлғалық  жағын 
тілдің  өз  заңдылықтары  негізінде  қарау  болса,  екінші  жолы  оларды  тілдік  емес 
мәнділіктермен,  яғни  ақиқат  өмір,  ойлау  танымдық  тұрғыда  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
қарау болмақ. 
Сонымен қоса, белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір өңдеуден өткізіп, санада 
сақтай  отырып,  қажетті  кезінде  оны  қолдану  нәтижесінде  адамның  миында  білім 
қабаттарының  қалыптасу  және  толығу  үдерістерін  айқындау  тілдік  тұлғаныңкогнитивтік 
деңгейінде көрінеді. 
Бұл  деңгейдегілер  өзі  мүдделі  ғылыми  я  кәсіби  саланың  арнаулы  сөздері  мен  сөз 
тіркестерін  түсініп  қолданады.  Фразеологизмдердің  жалпы  мағынасын  аңғарады.  Сөздік 
қорларында  ауыспалы  мағынадағы  (метафора,  метонимия,  синекдоха)  сөздер  бар,  бірақ 
бұлардың  нәзік  иіндерін  түсіндіріп  бере  алмайды.  Ең  бастысы,  бұл  деңгейдегілер 
психикасында  сөз  қабылдау,  сөз  айту  үдерістерімен  бірге  жүретін  танымдық  ізденіс  бар. 
Нақтырақ  айтқанда,  сөзді  лексикондық  «қоймасынан»  алып  қолданғанда,  мағынасын 
ажыратып  тануға  ұмтылады.  Лексикондағы  сөздердің  мағынасын  уәждеп  бере  алмаса  да, 
оның актив я пассив сөздер екенін айырады. Бұл деңгейде нақты зат атауларындағы белгілер 
жіктеледі, ал абстракциялық ұғымдар, негізінен, гештальттық сипатта болады. 
Профессор  О.А.  Сұлтаньяевтың  зерттеулерінен  Ш.Уәлихановтың  бұл  деңгейді  де 
басып өткенін көруге  болады. Тағы да бір  есте ұстайтын жағдай мынау: – деп жазады О.А. 
Сұлтаньяев,  –  қазақ  ғалымының  қызмет  атқарған  кезі  –  ХІХ  ғасырдың  ортасы  –  бүгінгіден 
мүлдем басқаша болатын, тарихи-әлеуметтік ортаның өзі қазіргіге сай келмейтін; бүгінгі жас 
ұрпақты  балабақшасынан  бастап,  мектепте,  жоғарғы  оқу  орнында  шет  тілін  үйретеді,  ал 

59 
 
Шоқанды қазіргідей арнаулы бағдарламамен тілге ешкім үйреткен жоқ. Осыны ескерсек, 
Шоқанның дарындылығын, тілге деген құштарлығын, көп оқығандығын, білімділігін аңғару 
қиын емес. Мұның бәрі ғалымның шығармаларына, оның сөз саптауына (производство речи 
– Ж.Ж.), шұрайлы сөзді, сөз тіркестерін орынды қолдануынан-ақ көрініп тұр [2, 9]. Сондай-
ақ:  «Әрине,  жас  баланың  жүрген,  оқыған  ортасы,  ондағы  дарынды  ұстаздары,  озат  ойлы 
достары,  жолдастары,  жалпы  «орыс  публицистикасының  алтын  ғасыры»  танылған  ХІХ 
ғасырдың 60-жылдарындағы демократтық көзқарасты насихаттайтын мерзімді басылымдар, - 
мұның  бәрі  өз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ.  Бұлардың  бәрін  жас  Шоқан  мейлінше  толық 
пайдалана білді. Бірақ, ең бастысы – жас жігіттің білімге, ғылымға, мәдениетке деген шексіз 
құштарлығы еді. Соның негізінде ол алғашқы күндерден бастап кітапханадан әр түрлі кітап 
алып,  "Палластың  саяхаты",  П.И.  Рычковтың  «Күнделіктері»  сияқты  шығармалармен 
танысты.  Одан  кейін  В.  Белинский,  А.  Герцен,  Г.  Гейне,  Дж.  Байрон,  М.  Лермонтов 
шығармаларын  оқып,  өз  жолдастары  арасына  озат  ағылшын  әдебиетін,  өзіне  сүйікті  Ч. 
Диккенс  пен  У.  Теккерей  туындыларын  дәріптеп,  насихаттап  жүрді.  Бұдан  кейінгі  кезең  – 
Шоқанның танымал орыс жазушылары, әдебиетшілерімен .... білісіп, аралас-құралас болып, 
сол кездегі ең демократияшыл басылым – «Современник» журанлымен танысуы» [2, 15]. 
Үшіншісі -тілдіктұлғаның сөйлеу тілін және мәтін түзуіне себеп болатын мақсат, уәж, 
мүдде мен нұсқауларды қамтитын уәждік деңгей. Бұл -  прагматикалық тұрғымен өлшенеді. 
Уәждік  деңгей  –прагматикон,  яғни  себеп,  мақсаттар  жүйесі  ықпалындағы  тұлғаның 
комуникативті  қажеттілігі.  Прагматика  тілді  адамның  сана-сезіміне,  іс-әрекетіне  әсер  ету 
мақсаты тұрғысынан қарастырады. «Прагматика – ой иесінің мақсаты мен уәжіне сай тілдік 
құралдарды талдаудың мәнін, сондай-ақ тыңдаушының айтылған ойды, тіл арқылы берілген 
бағаны түсінуін зерттейтін сала» [5, 34]. 
Тіл  бірліктері  қолданысқа  қарай  прагматикалық  мәнге ие  болады.  Яғни,  прагматикада 
сөздің,  сөз  тіркесінің,  жалпы  тілдік  оралымдардың  қолданыс  үстінде  жаңа  мәнге  ие  болу 
табиғаты  ашылады.  Жеке  адамның  діліне  сай  қалыптаспақ  сөз  байлығы  мен  оны  орайына 
қарай  қолдана  білуге  икемділігін  де  осы  жолмен  бағамдау  -  қажетті  істің  бірі.  Өйткені  тіл 
бірліктерінің  прагматикалық  әлеуеті  жұмсалым  арқылы  айқындалады.  Демек,  прагматика 
тілдік оралымның тура мағынасынан басқа барлық мағыналарын қамти отырып, айтылымнан 
тыңдаушының  қандай  пікірге  келіп,  қандай  әрекет  жасайтынын  қоса  зерделейді  деуге 
болады.  Кез  келген  айтылымның  мән-мағынасын  түсіну  үшін  сөйлеуші  мен  тыңдаушыда 
халықтың  өткен  тарихынан,  рухани  дүниесінен  хабардар  аялық  білім  болуы  керек.  Бұл, 
әсіресе,  тура  мағынадан  гөрі  қоғамда  қалыптасқан  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  сөз 
тіркестерінің,  мақал-мәтелдердің,  нақыл  сөздердің  мәнін  ұғыну  үшін  қажет.  Өзінің 
таңбаланушысын  «жатсынған»  сөз  тура  мағынадан  гөрі  ауыспалы  мағынада  көп 
қолданылады.  
Сол  сөздің  таңбаланушыдан  қаншалықты  «жат»  болып  кеткенін  инсанның 
психологиялық  ерекшеліктері,  танымы,  әлеуметтік  ортасы  таразылайды.  Осыған  келіссек, 
аялық білім – тілдік ұжымның ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі арқылы қалыптасқан ұғым 
түсінігі.  Е.М.  Верещагин,  В.Г.  Костомаров  дұрыс  көрсеткен:  «Қарым-қатынас  актісіне 
қатысушылардың  белгілі  бір  дәрежеде  жалпы  әлеуметтік  топтың  өмірде  көрген-білгенінің 
тәрбие  барысында  көріну  сипатын,  кеңірек  айтқанда-  тілдік  ортақ  бірлікті  түсінеміз.  Оған 
адамның  мінез-құлқы,  дүниетанымы,  этикалық  бағасы,  эстетикалық  талғамы  және  ең 
бастысы- білім қорының басым бөлігі жатады» [6, 43].  
Осыған сәйкес жеке тұлғаның лексиконы, семантикалық аясы, коммуникативтік жүйесі 
екшеленіп, сараланады.  
Тәжірибелеріміз  көрсеткендей,  бұл  деңгейдегі  адамдар  ауыспалы  мағынаны  еркін 
игерген,  лексиконындағы  синонимдік  қатардың  ішінен  мағыналық  жүгіне  орай  контекске 
лайықтап  сөз  таңдап  ала  алады.  Лексиконын  адресатқа  ықпал  ету  мақсатында  тиісінше 
пайдаланады.  Бұл  деңгейдегі  тілдік  тұлғалар  үшін  актив  лексика  мен  пассив  лексиканың 
айқын  сызылған  шегарасы  жоқ.  Бұларды  қолдануды  контекст  пен  жағдаят  белгілейді. 
Шешендік өнеріне, сөз өнеріне  қатысты адамдарды осы деңгеймен өлшеген  лазым. Әрине, 

60 
 
бұл деңгейдегі кемелдік те, біздің байқауымызша, толайым құбылыс емес сияқты. Оны О.А. 
Сұлтаньяевтың  Шоқанның  тіл  шеберлігін  дәлелдейтін  мынадай  айғақтарынан  көруге 
болады. Профессордың айғақтары мен талдауларына жүгінейік. 
Шоқан өз шығармаларын орыс тілінде жазғаны белгілі. Бірақ ол ана тілін жақсы біліп, 
сол  арқылы  ойын  толық  та  терең  бере  білген.  Оның  ойлау  өрнегі,  дүниетанымы  ана  тіліне 
негізделген деп айтудың әбден реті бар [2, 3]. 
Қазақтың  жас  ғалымының  сөз  өнерін  жоғары бағалай  келіп,  замандастары  оны  «қазақ 
тақырыбына  қалам  тартқан  орыс  жазушысы»  деп  санаған  еді.  Ал,  шындығына  келсек,  тура 
керісінше, «орыс тілді қазақ жазушысы» деп таныған дұрыс болатын шығар. Осы тұста О.А. 
Сұлтаньяев орыс ғалымдарының Шоқанның тілі жөніндегі мынадай бір екі пікірін келтіреді: 
З.  Кедрина  ...  Шоқан  –  «қазақ  публицистикасының  атасы»  деп  бағалап,  «стильдік  жағынан 
Шоқанның орыс тілі бүгінгі біздің тілімізге жақынырақ көрінеді, ... бұл бейнелі,  бірақ көне 
сөздерден (архаизм) арылған, тартымды тіл» [8] 
Одан  бір  жыл  кейін  әдебиеттанушы  М.И.  Фетисов  Шоқанның  тіл  өнеріне  қысқа 
сипаттама  берген  болады:  ғалымның  публицистикасы  пәрменді,  онда  әшкерелеуші  сықақ 
сарыны  басымырақ...  Шоқанның  тілі  бай,  мәнерлі,  мірдің  оғындай  дәл,  алпысыншы 
жылдардағы орыс интеллегенциясының тіліне  ттолық сәйкес..., тағы бір құндылығы өз ойын 
қарапайым және анық түрде жеткізе білуінде, оның сөйлеу тілі мен жазба тілінде алшақтық 
жоқ – сөзі мазмұнды, еркін, төл сөз шеберіне тән әдемілікпен қолданылып отырады [9]. 
Осы тұста ескерте кеткен жөн: біздің қазақ тілінің сөйлеу ерекшелігінің бірі ауызша тіл 
мен  жазба  тілде  басқа  тілдердегідей  айқын  жік  жоқ.  Демек,  Сұлтаньяев  еңбегінен  біз 
Шоқанның тілдік тұлғасы орыс тілін прагматикалық деңгейде меңгерген, өнімді қостілділікті 
игерген тұлға екенін табамыз.  
Профессордың  еңбегінен  дәйектер  келтірейік:  «Қырғыздың  жейтін  түскі  тамағын 
Талғар  тауының  төбесімен  теңесе,  осы  «Ыстықкөл  күнделігінде»  әйел  деген  сөздің  25 
баламасын тауып, контекске байланысты орынды қолданып отырады. Ал Шоқанның тілдегі 
тұрақты сөз тізбектерін (200-ден астам), мақал-мәтелдерді (100-ге жуық) публицистикалық 
шығармаларында  орынды  қолдануы  нағыз  «іші  алтын,  сырты  күміс»  сөз  асылын  саралай 
қолданатын  жазушы,  ақындардың  бойындағы  қасиет-құдыретті  танытатын  жанды  фактілер 
болса керек» [2: 32]; «Қазақ ғалымы дәстүрлі, тілде кең қолданыс тауып жүрген сөздер, сөз 
тіркестерімен  қатар  тың,  бұрын-соңды  орыс  тілінде  кездесе  бермейтін  тіркестерді  жиі 
қолданады  десек,  артық  айтқандық  болмайды.  Орыс  тілінде  степные  амазонки,  киргизский 
антик, казачествующий батыр, претендендующий на белобородство т.б. орыс әдебиетінде 
кездеспейді,  өйткені  бұлардың  негізінде  этнографиялық  ұғым,  шығыс  халықтарының 
болмысы  жатыр  [2:  130].  ...  Счугуренные  верблюды,  салкынчик  окказионализмдерінің 
қолданылу  уәждері.  «Осы  тұста  неге  автор  қазақ  сөздеріне  орыс  тілінің  қосымшаларын 
қосып, жаңа сөз жасады, ол бұл сөздердің орысша баламасын білмеді ме деген сұрақ туады. 
Әрине,  бұл  сөздерді  орысша  айта  салу  оған  оңай.  Бұдан  жас  ғалымның  екі  тілге  де  жетік, 
олардың заңдылықтарын толық та еркін пайдалана білген деген тұжырым жасаған жөн. Бұл 
тың қолданыстар орыс әдеби тілінің нормасын бұзбайды» [2, 131].  
Нысанға  алып  отырған  еңбекте  Шоқанның  орыс  тіліндегі  түркизмдерді  жақсы 
білгендігі, фразеологизмдерді қолдануындағы жетістіктер айтылады [2, 132].  
О.А.  Сұлтаньяевтың  зерттеуінен  ғылым  үшін  қызықты  мұндай  жайттарды  көптеп 
келтіре беруге болады. Ең бастысы – ғалым Шоқанның, ол орыс тілінде шебер жазса да, қос 
тілді  болса  да,  дүниетанымы,  тұрғы-тірегі  қазақы  кемелдікке  сүйенетінін  дәлелдеу  арқылы 
қандай  прагматикон  тілдік  тұлғаның  туған  тілден  шығып,  туған  тілге  сүйенетінін  көрсете 
білді. 
Қоса  кетер  бір  жайт  –  бүгінгі  күн  үшін  профессор  О.А.  Сұлтаньяевтың  Шоқанды 
зерттеуінің  мол  кәделі  жері  сол,  професоордың  өзі  айтқандай,  «Қазіргі  Қазақстанда 
Шоқанның көптеген ізбасарлары, жолын қуушылары бар екені рас. ... орысша жазатын қазақ 
қаламгерлерінің өзі – бір топ. Оның шығармаларын оқып, үлгі тұтатын жастар да бар. Олар 
бөтен тілдің  құралдарымен өз ойын еркін де толық беруді осы Шоқаннан үйренеді. Мұның 

61 
 
бәрі  Шоқанның  мол  мұрасын  тілдік  тұрғыдан  толық  зерттеп,  бүгінгі  күннің  мүддесіне 
жұмсаудың қажеттілігін арттыра түседі» [2: 9]. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Караулов Ю.Н. Руский язык и языковая личность. – Москва: Наука, 1987. 
2  Сұлтаньяев  О.А.  Шұрайлы  сөздің  шебері  (Шоқанның  публицистикасы  негізінде).  – 
Астана: Әлем SS, 2005.  
3 Куртенэ Б. - Избр... Т. 1-2.,М., 1963 
4  Виноградов  В.В.  Лексические  вопросы  перевода  художественной  прозы.  Москва, 
1978.  
5 Қожахметова Ф.Б. Т. Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты: филол. ғыл. 
кан-ты. дис. – Алматы, 2004.  
6 Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагматикалық аспектісі. Алматы, 2001. – 
194 б. 
7 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. – Москва: Руский язык, 1990. 
8 Кедрина З. – Из живого источника (2-бас.) Алматы, 1966 – 49-бет. 
9 Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистики. – Алматы, 1961. – 89-, 132-
беттер. 
Излагаются  социально-общественный,  исторический,  лингвистический,  философский 
факторы  в  становлении  языковой  личности.  Мотивируется  роль  родного  языка  как 
опорного  на  примере  билингвальной  личности.  Опираясь  на  суждения  ученого, 
исследовавшего  творчество  Шокана  Уалиханова,  О.А.  Султаньяева,  расскрывается 
национальный аспект языковой личности Шокана Уалиханова. 
 
It  outlines  the  socio-public,  historical,  linguistic,  philosophical  factors  in  the  formation  of 
linguistic  personality.  The  role  of  the  mother  tongue  is  motivated  as  a  base  language  by  the 
example  of  a  bilingual  person.  There  opens  up  the  national  aspect  of  Shokan  Ualikhanov’s 
linguistic  personality  relying  on  judgments  of  the  scientist  O.A.  Sultanyaev  who  studied  works  of 
Shokan Ualikhanov. 
 
 
 
ӘОЖ    801.31 
А.Е. Исмагулова, Т.К. Рахимова  
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
Көкшетау қ.,Қазақстан 
rtk80@mail.ru 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет