Проблемы языкознания


ТҮПНҰСҚА МЕН АУДАРМАНЫҢ СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУІ: ЗАҢДЫ



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

ТҮПНҰСҚА МЕН АУДАРМАНЫҢ СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУІ: ЗАҢДЫ 
СӘЙКЕСТІКТЕР ТЕОРИЯСЫ 
 
Аударма  –толығымен  шеттілді  түпнұсқаға  бағытталған  тіларалық  байланыстыру 
түрі.  Аударма  түпнұсқада  қамтылған  ақпараттың  өзге  тілдегі  көшірмесі  ретінде 
қарастырылады.  Аударманың  қатысуы 
арқылы  жүзеге  асырылатын  тіларалық 
коммуникация  қатысушы  коммуниканттары  бір  тілде  хабар  алысатын  жағдайда 
сөйлесімнің  жоғары  деңгейдегі  түсініктілігі  қамтамасыз  етіледі.      Бір  тілде  хабар  алысу 
кезіндегі  мәтін  тыңдаушы  мен  жеткізуші  үшін  коммуникативті  деңгейде  тең  және 
біртұтастыққа 
біріктірілетіні 
секілді, 
аударма 
мәтіні 
де 
түпнұсқа 
мәтініне 
коммуникативтілігі жағынан тең деп саналады. Мұндай жағдайдағы аударманың міндеті 
–  қабылдаушының  тілінде  жасалып  жатқан  мәтіннің  түпнұсқаның  толыққанды 
коммуникативті  көшірмесі  ретінде  қабылданып,  онымен  сәйкестендірілетіндігіне  дейінгі 
тіларалық коммуникацияның түрін қамтамасыз ету.  
 
Кілт 
сөздер: 
аудармашылық 
сәйкестік, 
заңды 
сәйкестік, 
функционалдық 
сәйкестендірілу, мазмұндық сәйкестендірілу, құрылымдық   сәйкестендірілу 
 
Аударматануында 
ұсынылған 
алғашқы 
лингвистикалық 
теориялардың 
бірі 
Я.И.Рецкердің  1950  жылы  пайда  болған  «Заңды  сәйкестіктер  теориясы»,  аталмыш  теория 
көпшілік  ортаға  ғалымның  «Туған  тілге  аудару  барысындағы  заңды  сәйкестіктер  туралы» 
атты  мақаласының  шығуынан  кейін  кең  тарала  бастады.  Әйтсе  де  ғалымның  пікіріне  ұқсас 
ойлар 1953 жылы жарық көрген А.В. Федоровтың «Аударма теориясына кіріспе» еңбегінде 
де  айтылды.  Осы  ғалымдар  жасап  шығарған  теория  көрші  елде  шығарылған  аударматану 
ғылымына қатысты көптеген оқулықтар мен анықтамалықтарға негіз ретінде пайдаланылды. 
Оның үстіне, теорияны Л.С. Бархударов сатылай зерттеді, оның жекелеген элементтерін В.Н. 
Комиссаров  пен  В.  Коллер  өз  концепцияларында  келтірді  және  т.б.  Заңды  сәйкестіктер 
теориясының оң жағы ең алдымен,оның ғылыми тұрғыдан дәлелденген теория болуында еді. 
Ол  өзіне  дейін  болған  импрессионистік  көзқарас  пен  аудармаға  деген  үстіртін  ойды,  оның 
сапасы мен маңыздылығы туралы бұрынғы пікірге толықтай қарсы қойылды.  Осы теорияға 
сәйкес аудармашылық қызметті процесс ретінде қарастырып, оның нәтижелерін сараптаудан 
өткізуге  болады.  Басқаша  айтқанда,  аударма  процесін  орындау  барысында  сөз  не  сөз 
тіркесінің бірнеше нұсқалы аудармасының сәйкесін таңдап алу мүмкіндігі туындады. Оның 
нәтижесі болып саналатын 
 аударма мәтінін де  заңды сәйкестіктерді орындау тұрғысынан 
сараптауға мүмкіндік туды.  
Авторлар  аудармашының  өз  жұмысын  орындау  барысында  жай  ғана  өз  түйсігі  не 
шабытына  сүйеніп  емес,  нақты  заңдылықтарды  басшылыққа  ала  отырып,  жұмыс 
атқаратындығын  дәлелдеді.  Заңды  сәйкестіктер  теориясын  құрастыруда  эмпирикалық  негіз 
ретінде  практик  аудармашылардың  көп  жылғы  тәжірибелері  алынады.  Федоров  пен 
Рецкердің  ерекше  жетістігі  ретінде,  олардың  аударма  ретінде  тек  қана  көркем  аударманы 
танып  қоймай,  аудармалық  мәтіндерге  енгізген  бірқатар  алуантүрлілікті  айтуға  болады.  [1, 
384].  Олар  көркем  аударманы  кей  жағдайда  қабылдаса  да,  негізгі  назар  өзге  салаларда 
қызмет атқарған аудармашылардың жұмыс тәжірибелеріне берілген болатын. Өз ізденістерін 
зерттеушілер  аударматанудың  көптеген  күрделі  мәселелерінің  шешімдері  жинақталған 
материалдарға негіздеді.  

23 
 
Практикада  орын  алған  жағдайларды  қарастыру  қорытындысының  нәтижесінде 
ғалымдар  әр  жағдайда  лингвистикалық  шарттамаларының  әртүрлі  болуына  қарамастан, 
аудармашылардың  көп  ретте  өзара  ұқсас  шешімдер  қабылдайтынын  байқады.  Сондықтан, 
аудармашы  тіларалық  сәйкестіктерді  іздеу  барысында  пайдаланатын  ең  жалпылама 
сәйкестіктерді  табуға  болатындығы  айқын  болды.  Заңды  сәйкестіктер  теориясы 
салыстырмалы  тіл  білімінің  негізінде  тек  тілдік  әрекет  ретінде  пайда  болғаны  белгілі.  Өз 
шегінде  ғасырдан  астам  уақыт  ішінде  тілдердегі  ұқсастықтар  мен  ерекшеліктерді  табу 
бойынша  жүргізілген  зерттеулер  жүргізіліп,  дәлелді  материалдар  мен  жинақталған  тілдік 
құбылыстарды  теориялық  түсіндірудің  құралдары  жасап  шығарылған  болатын.  Заңды 
сәйкестіктер  теориясы  лексикадан,  синтаксиске,  синтаксистен  мәнерге  дейінгі  алуан  түрлі 
тілдік өлшемдерге өз әсерін тигізіп үлгерді. Аударма теориясының лингвистикалық негізінің 
қалыптасқаны туралы жаңалық та лезде таралып кетті.  
Мұндай  құбылыс  көптеген  практик-аудармашылар,  оның  ішінде  көркем  аудармамен 
айналысатындар тарапынан қарсылыққа ие болды.Олар жаңа пайда болған ғылыми бағытты 
шығармашылық әрекет ретіндегі аудармаға қауіп ретінде қабылдады.  Лингвистердің енді бір 
тобы  аудармашылық  зерттеулерді  тек  қолданбалы  лингвистика  аясында  жүзеге  аксып, 
сонымен шектелетін құбылыс ретінде ұғынды. Бұл күнде, араға жарты ғасыр уақыт өткеннен 
кейін  ғылыми  бағытқа  деген  скептикалық  көзқарастар  теорияның  тұрақты  емес  екенін 
көрсетті.  Рецкердің  теориясының  негізгі  мағынасы  бір  тілден  екінші  тілге  аударма  жасау 
кезінде  есепке  алынатын  сәйкестіктерді  классификациялаудан  көрінеді.Бұл  топтауда 
сәйкестіктердің  үш  тобы  бар:  1)  барабарлықтар;  2)  баламалар  (олар  кейде  «нұсқалық 
сәйкестіктер"деп  те  аталады);  3)  дәлме-дәл  ауыстырулар.  Барабарлықтар  деп  контекстке 
тәуелді  емес  ТТ  бірліктерінің  АТ  бірліктеріне  сәйкестік  құбылысы  аталады.  Ең  алдымен, 
олар 
  бірмағыналы  терминдер.  Мәселен,  ағылшынша  the  United  Nations  тіркесіне 
қазақтіліндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы тіркесі сәйкес келеді.  
Мұндай  сәйкестіктердің  саны  көп  болмағанымен,  олар  әрдайым  тұрақты  болуымен 
ерекшеленеді.  Екінші  топ 
  баламалар,  немесе  нұсқалық  сәйкестіктер    бұл  топтағы 
алғашқыға  қарағанда,  сөздердің  көбірек  саны  жинақталған.  Оларды  баламалар  деп 
атауымыцздың  себебі,  ТТ  берілген  бірлігі  мен  АТ  оған  сәйкес  келетін  бірлігі  арасында 
баламалық қатынастар қалыптасады: ТТ берілген бірлігіне сәйкес АТ синонимдік қатарынан 
берілген контекстке ең жақсы сәйкес келетін нұсқа іздестіріледі. Басқаша айтқанда, бұл кезде 
бірмағыналы сәйкестіктер  емес, ТТ және АТ сәйкес бірліктерінің тобы жинақталады. Әрбір 
жаңа жұп сөз контекстке сәйкес анықталып отырады. Мәселен, ағылшын тіліндегі fair сөзін 
қазақ тіліне адал және әділ деп екі мағынада аударуға болады. Ал fair share тіркесін әділ сөзін 
пайдалану  арқылы  әділ  бөліс  деп  келтіреміз.  Келесі  fair  deal  тіркесі  адал  сөзінің  көмегімен 
«адал келісім» болып аударылады. Ағылшын сөзі пайдаланылған тіркестің контексті арқылы 
оның қазақша сәйкестігін таңдап алуға болады.  
Заңды  сәйкестіктердің  үшінші  тобын  Рецкердің  топтауында  баламалы  ауыстырулар 
жасақтайды.  Мұндай  тәсілді  аудармашы  түпнұсқа  тіліндегі  бірліктерді  есепке  алмай, 
аударма тілінде негізгі мағынаны беру керек болған жағдайда ғана пайдаланады. Осы тұстан 
Рецкердің  классификациясындағы  кемшіліктерді  байқауға  болады,  өйткені  барабарлықтар 
мен  нұсқалық  сәйкестіктерді  баламалық  ауыстырулармен  теңдестіруге  мүлдем  болмайды. 
Расында  алғашқы  екі  топтағы  тәсілдер  негіз  ретінде  тілдік  бірліктерді  пайдаланып,  оларды 
сәйкестіктер ретінде сипаттайды, ал үшінші топ ТТ және АТ жүйелеріндегі бір біріне сәйкес 
келетін  бірліктерді  емес,  ТТ  және  АТ  жүйесіндегі  қандай  да  бір  сәйкестіктерді  орнатуға 
байланысты  аудармашының  әрекеттеріне  жүгінеді  яғни  аударманың  тәсілдері  зерттеледі. 
Аударма  тәсілдері  ретінде  Рецкер  дифференциалданбаған  және  абстракт  ұғымдарды 
нақтылау, ұғымдарды логикалық дамыту, антонимдік аударма мен толықтыруларды атайды. 
Кешірек бұл тізімге «тұтастай қайта мағыналау» тәсілі қосылды, яғни бұл кезде аудармашы 
берілген  тіркестің  негізгі  мағынасын  есепке  алмай,  оны  сөйленімнің  тұтас  мағынасына 
мойын арта отырып, аударуы  аталады. Мұны тұрақты тіркестердің аудармасы арқылы оңай 
дәлелдеуге болады {A good riddance! — Скатертью дорожка? Жолың әне!). Бұл жерде Рецкер 

24 
 
өз  классификациясын  аударманы  жасау  барысындағы  аудармашының  жеке  әрекеттерімен 
байланыстырады.  Ғалым оны  сол  секілді  аудармашылардың  кәсіби  даярлығын  көтеру  үшін 
де  қолдануға  ұсынады.  Рецкердің  тұжырымына  сәйкес,  аудармашының  санасында  әуелі 
барабарлықтар,  одан  соң  баламаларды  іздеу  орындалады.  Егер  таңдалған  нұсқалардың 
ешқайсысы  сәйкес  келмесе,  ол  сәйкес  ауыстырулардың  көмегіне  жүгінеді[2;204]. 
Аудармашыларды  оқытуда  да  осы  кезекке  иек  артқан  дұрыс:  алдымен  оларды 
барабарлықтарды  табуға  үйретіп,  содан  кейін  баламаларды  тауып,  соңғы  кезекте  сәйкес 
ауыстыруларды жүзеге асыруға баулыған дұрыс. 
Рецкер теориясында ерекше назар, сәйкестіктерді автоматты түрде таңдап алу әрекетін 
тыйып, 
аудармашылық 
әрекеттің 
шығармашылық 
мазмұнын 
қамтамасыз 
ететін, 
барабарлықтарды  заңсыз  тұрғыда  табуға  аударылады.  Рецкер  ұсынған  заңды  сәйкестіктер 
классификациясы  аударма  барысында  автордың  өзі  тарапынан  да,  аударма  ғылымындағы 
өзге  теоретиктер  тарапынан  да  бірнеше  рет  нақтылауға  ие  болған  болатын.  Мәселен, 
барабарлықтарды  талқылаған  кезде,  олардың  біржақты  және  екіжақты  болатындығы 
айтылды.  Жоғарыда  келтірілген  the  United  Nations  —  Организация  Объединенных  Наций, 
Біріккен Ұлттар Ұйымы тіркесі екіжақты барабарлықтар қатарына жатады, өйткені аталмыш 
тіркес қазақ тіліне әрдайым бірдей болып аударылады. Қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару 
процесі  жүзеге  асқанда  да,  дәл  осындай  құбылыс  байқалады.  Бірақ  «тілдік  бірлікті  өзге  бір 
тілдің терминдеріне қатысты бірмәнді интерпретациялау біржақты бағытта ғана орын алады» 
[1;56].  Мәселен,  орыс  тіліндегі  ЭВМ  сөзі  {электронно-вычислительная  машина)  ағылшын 
тіліне  computer  болып  аударылады,  ал  ол  қайтадан  орыс  тіліне  аударылу  кезінде  не    ЭВМ, 
немесе  (бұл  аударма  әсіресе  соңғы  уақытта  ерекше  танымал  болып  барады)  компьютер 
болып  тәржімаланады.  Екінші  топқа  қатысты  Швейцер  баламалардың  бірнеше  түрлерін 
бөліп  атауды  ұсынады    (нұсқалық  сәйкестіктер).  Баламалар  жоғарыда  келтірілген  ағылшын 
тіліндегі  fair  сөзі  мен  оның  қазақ  тіліндегі  екі  аудармалық  нұсқалары  «әділ»  және  «адал» 
сөздері синонимдік қарым-қатынаста болады.  
Әйтсе  де  ТТ  аудармашының  қоластындағы  баламалар  синонимиясы  қандай  да  бір 
балама  не  нұсқалық  сәйкестіктің  таңдалуына  контекст  әсер  ететін  идеографиялық  (мағына 
деңгейінде) немесе стилистикалық {жақсы, керемет, тамаша) түрде ғана болмауы мүмкін. Ол 
абсолютті  яғни  контекстке  мүлдем  бағынбайтын  түрде  де  кездеседі:  мәселен,  ағылшын 
тіліндегі  Grand  Jury  сөзін  бірдей  деңгейде  Жоғарғы  Қазылар  алқасы  деп  те,  Жоғарғы  Сот 
кеңесшілері  деп те аударуға  болады. Сәйкесінше, контекстегі  бірмәнділік / көпмәнділік пен 
контекстке  тәуелділік  /  тәуелсіздік,  Швейцер  атап  көрсеткендей,  әрдайым  сәйкес  келе 
бермейді.  Оның  үстіне  түпнұсқа  тілінде  қолданылатын  көпмағыналы  сөздер  аударма  тіліне 
бір-біріне  синоним  болып  табылмайтын  сөздердің  көмегімен  аударылады.  Біздің 
талқылағалы  отырғанымыз  тілдегі  омонимдер  турасында  болмақ.  Мәселен,  ағылшын 
тіліндегі  «fair»  сөзі    қазақ  тіліне  «адал»  деп  те,  «ақсары»  деп  те  аударылуы  мүмкін.  Қазақ 
тіліндегі  сәйкестіктің  дұрысын  таңдап  алу  үшін,  «fair»  сөзінің  ағылшын  тіліндегі  мәтінде 
пайдаланылған  мағынасына  байланысты  болады.Айталық.  егер  біз  «by  fair  means»  тіркесін 
аударатын болсақ, оның аудармасы қазақ тіліне «адал жолмен/ адал» болып аударылады. Ал 
егер,  fair  сөзі  fair  hair  тіркесінде  пайдаланылған  болса,  оны  «ақсары  шашты»  деп  аудару 
керек.  Рецкер  ұсынған  аударма  тәсілдерін  сипаттауда  бірқатар  кемшіліктер  де  жіберілгенін 
айта кету керек.  
Мәселен,  антонимдік  аудармаға  арналған  бөлімде  антонимдер  жоқ  бейнелеулер 
берілген.  Біз  талқылап  отырған  мысалдарда,  ТТ  сөйленімдер  АТ  сәйкес  тұрақты 
тіркестерімен  ауыстырылады:  Take  your  time  —  Не  спешите,  Асықпаңдар;  Mind  your  own 
business  —  He  вмешивайтесь  в  чужие  дела,  Өз  жұмысыңды  біл.  Бұл  кезде  аталмыш  сөздер 
терминология  тарапынан  қиындық  тудырса  да,  аудармашының  тәржімасында  нақты  және 
дәл  аударылған.  [3,  174]  атап  көрсеткендей,  «  сәйкестіктер  классификациясының  әдемі 
ғимаратында кейбір аяқталмай қалған тұстар бар екендігін»: классификациялардың біртұтас 
базасының жоқтығын; бірмәнді барабарлықтар өз құрамына бірден артық лексеманы қамтуы 
салдарынан,  олардың  лексикалық  қамту  аясының  түсініксіз  қалыпта  қалады  (мәселен,  

25 
 
терминологиялық  сөйленімдерде,  фирмалардың  логотиптік  ұрандарында,  тыйым  салу 
жазбаларында).  Алексеева  сол  секілді  сәйкестіктердің  бірмәнділігі  мен  олар  кездесетін 
мәтіндердің  параметрлері  қатынастарын  зерттеуді  де  ұсынады.  Оның  болжамы  бойынша, 
мәтін  типі  аудармашының  сәйкестік  таңдау  кезіндегі  еркіндік  дәрежесін  көрсете  алады. 
Коммисаров  талқылаған  материалдардың  мысалдары  негізінде[3,  98],  ол  бірмәнді 
барабарлықтар тілдік те, сөйленімдік те бола алады деген пікір айтады.  
Сыншылар  Рецкердің  теориясының  тым  нормативті  екендігін  айтқан  болатын.  Осы 
себептен  өзінің  келесі  жұмыстарында  Рецкер  аударманың  шығармашылық  сипаты  туралы 
баяндады.  Заңды  сәйкестіктер  теориясына  қатысты  басқа  да  ескертулер  айтылған  болатын, 
бірақ жалпылай қарағанда, теорияның негізгі құндылығы алғаш рет аударма процесін түсіну 
және  оның  нәтижелерін  бағалау  мәселелеріне  байланысты  маңызды  түйткілдерге  жауаптар 
табылған  болатын.  Лингвистикалық  аударматану  теориясын  жасамдау  мен  дамытуда 
Рецкердің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.  
Кез  келген  сөйлеу  актісінде  Ақпарат  дереккөзі  (сөйлеуші  немесе  жазушы)  және  оны 
қабылдаушы  (тыңдаушы  немесе  оқушы)  арасында  қатынас  қалыптасады.  Жіберілген 
хабарламадан онда жасырынған ақпаратты алудың барлық қажетті шарттамалары сақталған 
жағдайда да әрбір қабылдаушы өзінің жеке қызығушылықтары, мен коммуникацияға қатысу 
барысында көздеген мақсаттарына сәйкес, білім деңгейіне әуелгі ақпараттан өзіне ұғынықты 
деңгейдк  ғана  ақпарат  көлемін  қабылдайды.  Сондықтан  кез  келген  хабарлама  өзара  сәйкес 
келмейтін  екі  бірдей  формада  тіршілік  етеді:  жіберуші  жеткізген  хабарлама  (тыңдаушыға 
арналған мәтін), және қабыладушыға келіп жеткен хабарлама (тыңдаушыға арналған мәтін). 
Аударма теориясы ғылымы үшін бір  хабарламаның түр өзгерісі болып табылатын бұл 
екі форманың өзара коммуникативті теңдікте тұрғаны ерекше құнды саналып отыр. Олардың 
тепе-теңдікке ұмтылуын келесі мысалдардан көре аласыз: 
1.  Олардың  арасында  жоғарғы  деңгейдегі  ортақтық  болады,  өйткені  олар  берілген 
тілдік ұжымның барлығына тең жеткізілетін ақпаратты қамтитын бірдей тілдік бірліктерден 
құралады.  
2.  Сөйлесудің шынайы шарттарында қажетті түсіністікті қамтамасыз ету үшін олардың 
арасында  толық  деңгейдегі  ортақтық  болады.  (Егер  мұндай  түсіністікке  бірден  қол 
жеткізілмесе,  хабарламаны  қабылдау  дәлдігін  ұлғайту  үшін  коммуниканттар  қосымша 
ақпаратпен алмасуы мүмкін.) 
3.  Сөйлесу  актісі  жүзеге  асу  барысында  екі  форма  біртұтас  қалыпқа  қосылады,  ал 
коммуникацияға қатысушылар олардың арасындағы ерекшеліктерді байқамайды да, алынған 
хабарлама  берілген  хабарламамен  бірдей  деп  санайтын  олар  үшін  екі  форма  арасыңдағы 
өзгешеліктер  олар  үшін  мүлдем  маңызсыз  болып  қалады.  Сөйтіп  коммуниканттар  үшін 
мазмұны барлық адамға таныс, хабарламаны қабылдап, таратуға мүмкіндік беретін біртұтас 
мәтін болатындығы айқын. Сөйлесім екі бөлек тілде сөйлейтін коммуниканттар арасында да 
жүзеге  асыруы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  тіларалық  (екітілді)  коммуникация  орын  алады. 
Қабылдаушы  өзіне  түсініксіз  тілде  жазылған  не  айтылған  ақпаратты  қабылдауға  дәрменсіз 
болғандықтан, тіларалық коммуникация аралық сипатқа ие болады. Әртүрлі тілде  сөйлеуші 
коммуниканттардың  сөйлесімі  кезіндегі  міндетті  шарт  оларды  қосушының,  яғни  тіларалық 
байланысты қамтамасыз етуші, хабарламаны қабылдаушының түсіну дәрежесіне дейін тілдік 
формаға  жеткізетін  байланыс  қажет  болады  (басқаша  айтқанда,  хабарламаны  қабылдаушы 
тілінде  жеткізетін).  Тілдерді  байланыстырушы  әуелгі  хабарламадағы  ақпаратты  ұғынып 
алып,  («түпнұсқа»)  оны  басқа  тілде  жеткізуге  міндеттеледі.  Сондықтан  аталмыш  қызметті 
екітілділіктің сәйкес дәрежесін меңгерген, яғни екі тілде еркін сөйлейтін адам ғана орындай 
алады [3, 34]. 
Тіларалық  сөйлесім  барысындағы  аралық  қызметін  былай  қойғанда,  аудармашы  көп 
ретте  тіларалық  байланыстыру  шегінен  шығып  кететін  коммуникативті  қызметтерді  де 
орындауға  мәжбүр  болады.  Әдетте  мұндай  құбылыс  аудармашы  коммуникацияға 
қатысушылармен  тікелей  байланыста  болатын  ауызша  аудармада  орын  алып  жатады.  Бұл 
жағдайда 
аудармашы 
коммуниканттардың 
бірінің 
сұрауы 
бойынша 
немесе 

26 
 
коммуникацияның  шарттарына  сәйкес  ақпараттың  жеке  дереккөзі  ретінде  қызмет  атқарып, 
қосымша  түсініктемелер  беріп,  түпнұсқаның  мазмұнынан  сәйкес  қорытындылар  шығарып 
немесе  орын  алуы  мүмкін  қателерді  нұсқауы  мүмкін.  Ауызша  аудармашы  да,  жазбаша 
аудармашы  да  өз  міндеттерінің  атқарылуын  ақпаратты  жеткізуші,  редактор  не  түпнұсқаны 
сынаушының  әрекеттерімен  үйлесімде  орындай  алады.  Түпнұсқа  мәтінінде  берілген 
ақпараттың  жеткізілуі  тіларалық  сөйлесімнің  түпкі  мақсатына  сәйкес  тіларалық 
байланыстырушы көмегімен әртүрлі формада және толыққандылықтың әртүрлі дәрежесінде 
жүзеге  асады.  Ондай  мақсат  коммуникацияға  қатысушылар  тарапынан  не  тіларалық 
байланыстырушының  өз  ырқымен  анықталуы  мүмкін.  Тіларалық  байланыстырудың  екі 
негізгі түр бар: аударма және сәйкес транскодтау [2, 231]  
Аударма  –толығымен  шеттілді  түпнұсқаға  бағытталған  тіларалық  байланыстыру  түрі. 
Аударма  түпнұсқада  қамтылған  ақпараттың  өзге  тілдегі  көшірмесі  ретінде  қарастырылады. 
Аударманың  қатысуы  арқылы  жүзеге  асырылатын  тіларалық  коммуникация  қатысушы 
коммуниканттары  бір  тілде  хабар  алысатын  жағдайда  сөйлесімнің  жоғары  деңгейдегі 
түсініктілігі қамтамасыз етіледі.    
Бір  тілде  хабар  алысу  кезіндегі  мәтін  тыңдаушы  мен  жеткізуші  үшін  коммуникативті 
деңгейде тең және біртұтастыққа біріктірілетіні секілді, аударма мәтіні де түпнұсқа мәтініне 
коммуникативтілігі  жағынан  тең  деп  саналады.  Мұндай  жағдайдағы  аударманың  міндеті  – 
қабылдаушының  тілінде  жасалып  жатқан  мәтіннің  (  «аударылып  жатқан  тілде»  -  АТ) 
түпнұсқаның  толыққанды  коммуникативті  көшірмесі  ретінде  қабылданып,  онымен 
сәйкестендірілетіндігіне  дейінгі  тіларалық  коммуникацияның  түрін  қамтамасыз  ету. 
Түпнұсқа  мен  аударманың  сәйкес  келуі  қабылдаушылар  тарапынан  функционалдық, 
құрылымдық  және  мазмұндық  қатынастарда  қарастырылады.  Түпнұсқа  мен  аударманың 
функционалдық  сәйкестендірілуі  келесі  жолмен  жүзеге  асады.  Аударма  түпнұсқа 
авторының  төл  шығармасы  ретінде  қабылданып,  сол  тұлғаның  есімімен  жарыққа 
шығарылады, түпнұсқа секілді талқыланып, одан үзінділер де келтіріледі, тек бір ерекшелігі, 
мұның  барлығы  өзге  тілде  жүзеге  асырылады.    Түпнұсқа  мен  аударманың  мазмұндық 
сәйкестендірілуі  келесі  жолмен  жүзеге  асады.  Аударманы  қабылдаушылар  аударма  мәтіні 
түпнұсқа  мәтінін  толықтай  қайта  жасамдайды,  яғни  аударма  тіліндегі  мәтін  түпнұсқа 
тіліндегі мәтіннің тілдік құралдары арқылы қайта құрылымдалады деп сенеді.   
Түпнұсқа  мен  аударманың  құрылымдық      сәйкестендірілуі  келесі  жолмен  жүзеге 
асады.  Аударманы  қабылдаушылар  аударма  түпнұсқаны  жалпылай  ғана  емес,  жекелеген 
бөлктері  арқылы  да  қайталайды  деп  сенеді.  Аудармашы  тәржіманы  жасау  барысында  өз 
жанынан  артық  ешнәрсе  қоспай,  өзгертпей  не  алып  тастамай,  түпнұсқадағы  ақпараттың 
құрылымы,  мажмұны  мен  тәртібін  сол  қалпында  аударма  тілінде  қайта  жасақтайды.  
Түпнұсқа  тіліндегі  мәтіннің  көлемі  мен  тарауларының  саны  аударма  тіліндегі  дәл  осы 
мәтіннің көлемі, тараулар санымен нақ сәйкес келуі қажет. Егер түпнұсқада қандай да бір ой 
екінші  бөлімнің  басындща  айтылған  болса,  аударма  тіліндегі  мәтінде  де  дәл  сол  ой  екінші 
бөлімнің  басында  айтылуы  тиіс.  Тіпті  аудармашы  өзіне  түпнұсқа  мәтінінен  өзге  бөлшек 
енгізуге тиіс болған жағдайда да ол мәтіннің мазмұнын нақтырақ жеткізу үшін жасалады.  
Сөйтіп,  аударманы  тіларалық  байланыстың  түрі  ретінде  келесі  шарттарға  сәйкес 
анықтауға  болады:  а)  аударма  тілінде  түпнұсқа  тіліндегі  мәтінге  сәйкес  мәтін  жасақталады; 
б)  мұндай  мәтіннің  коммуникативті  құндылығы  қабылдаушылардың  аударма  мәтінін 
түпнұсқа 
мәтінімен 
функционалды, 
мазмұндық 
және 
құрылымдық 
қатынастарда 
қарастырып,  анықтауынан  кейін  бекітіледі.  Аударма  мәтінін  пайдаланушылар  үшін  ол 
әрдайым түпнұсқаны ауыстырып отырады.  
 
Список литературы 
1  Алексеева  И.С.  «Введение  в  переводоведение»  Учеб.  пособие  для  студ.  филол.  и 
лингв  фак.  высш.  учеб.  заведений.  –  СПб.:  Филологический  факультет  СПбГУ;  М.: 
Издательский центр «Академия», 2004. – 352 с. 

27 
 
2 Рецкер Я. И. Перевод и переводческая практика.  М.: Междунар. отношения, 1974. – 
216. 
3 Молдагалиева Ж.Т. Проблемы поэтики перевода. – А., 2007; 
 
Данная  статья  представляет  собой  системное  исследование,  посвященное 
актуальной  переводоведческой  проблеме  –  выявлению  закономерного  переводческого 
соответствия и оценке адекватности перевода. В ней рассматриваются и сравниваются 
структурное,  функциональное  и  содержательные  виды  соответствий  и  сохранение 
стилистических  средств  оригинала  при  переводе  и  передача  структуры  межфразовой 
связи оригинала при переводе. Результаты вносят свой вклад в теорию переводоведения, 
определяя  наиболее  оптимальные  соответствия  при  переводе,  то  есть  сохранение  
структуры стилистических и выразительных средств оригинала. 
 
This  article  presents  a  systematic  study  of  the  actual  translating  problems  as  identifying 
logical  conformity  and  evaluating  adequacy  of  the  translation.  The  authors  also  considers  and 
compares  such  types  of  translation  conformity  as  structural,  functional  and  conceptual  types  of 
correspondences,  and  the  preservation  of  the  original  stylistic  means  in  the  translation  and 
transmission  of  the  original  structure  of  inter-phrase  connection  with  the  translation.  The  results 
contribute to the theory of translation studies determining the most appropriate compliance with the 
translation,  that  is,  the  preservation  of  the  structure  of  stylistic  and  expressive  means  of  the 
original.  
 
 
 
 
УДК 88181-11811’373 
 
Е.В. Болтрик, Ж.А. Бейсембаева  
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева  
Астана, Казакстан 
e.boltrik@mail.ru, zhannabei@mail.ru   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет