Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

 
ӘОЖ 37.015.3. (5қ) 
М.Т. Кошанова, Т.Н. Жүндібаева 
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ; Көкшетау, Қазақстан 
Абай атындағы ҚазҰПУ; Алматы. Қазақстан 
turarkhan.2011@mail.ru 
 
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫ 
 
 
Мақалада  болашақ  кәсіптік  білім  беру  педагогтарының  бойында  кәсіби  өзін-өзі 
анықтауды  қалыптастырудың  алатын  орны  мазмұндалған.  Кәсіби  өзін-өзі  анықтауда  оқу 
процесінің орны мен оған негіз болатын факторлар көрсетілген.  
Студенттердің  кәсіби  біліктілігін  өзін-өзі  жетілдіруде  теориялық  білімі  мен  психология, 
педагогика  және  арнайы    пәндердің  практикалық  сабақтарының    маңызына  түсінік 
берілген. 
 
Тірек сөздер: ақпараттық–коммуникативті, тұлғалық-дамытушылық, кәсіби өзін-өзі 
анықтау, субъективті-объективті қатынастар. 
 
 
Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 
мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  жетістіктерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 
меңгерген  зерттеу  біліктері  мен  дағдыларының  қорытындысы  проблеманың  шешімін  таба 

297 
 
алатын, ақпараттық–коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны 
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін 
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін» үнемі оқып – үйрену 
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады 
  Кәсіби өзін-өзі анықтаудың жетістігі  болашақ педагогтың қабілетінің арасында тепе-
теңдікті  сақтауға  арналған  мамандыққа  қойылатын  талаптардың  субъектінің  құндылық 
бағыттылығының 
арасындағы 
мамандықты 
таңдау 
мен 
нақты 
кәсіби 
ортаның 
ерекшеліктерімен анықталады.  
Кәсіби өзін-өзі анықтау процесін екі жолмен жүргізуге болады. Атап айтсақ: 
1.  Теңесу 
(шешілетін 
проблемалардың 
жиынтығы, 
іс-әрекет 
цикілінің 
толықтылығының  оларды  шешуге  бағытталғандығын  және  орындалған  функциялардың 
жиілігі). 
2.  Маманды  біріншіден  маңызды  функционалды  байланыстардың  кең  түрдегі 
жиынтығына  тарту  немесе  оның  кәсіби  іс-әрекетін  жүзеге  асыруда  толығымен  барлық 
параметрлер 
бойынша 
іс-әрекетке 
ұқсастықты 
тәжірибелі 
мамандар 
көбінесе 
демонстрациялайды,  сонымен  бірге  масштабтың  әр  түрлілігімен  яғни,  еңбектегі  пән 
шекараларымен.  
Болашақ кәсіби әрекеттің мамандығы мен сипатына қарамастан, кез-келген жас маман 
іргелі  білім мен кәсіби білік, дағдыларды меңгеруі қажет екені белгілі. Мұндай білім, білік, 
дағдыларды игеру барысында белгілі бір кәсіби проблемаға бағдарланған өзіндік ұстанымын 
айқындауға  мүмкіндік  беретін  шығармашылық,  зерттеушілік  және  өзіндік  әрекеттер 
тәжірибесінің болуы айтарлықтай маңызды рөл атқарады. 
Болашақ жас маманның жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, 
тәрбиелеуде  оның  шеберлік  таныта  алуына  қай  қасиеті  көмектесетінін  білуге  болады. 
Мұндай  деректер  болашақ  ұстазды  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі  тәрбиелеудің  бағдарламасын 
белгілеуге 
көмектеседі. 
Демек, 
кәсібилілікті 
жетілдіру 
болып 
нақты 
жетілумен 
механизмдердің жүзеге асырылуымен барлық деңгейлерінің өзара байланысы болып келеді. 
Себебі, қазіргі кезде кәсіби іс-әрекет табысты нәтижелерімен бағаланады. Ал бұл білім беру 
саласында ерекше маңызды, өйткені бұл жерде табысты нәтиже – ол өз орынын тапқан тұлға.   
Болашақ  кәсіби  мамандарға  білім  беруді  әр  мамандықтың  өзіндік  ерекшелігіне  қарай 
ұйымдастырудың  қажеттілігі  анық,  соның  ішінде  педагог  кадрларды  даярлаудың 
психологиялық-педагогикалық,  әлеуметтік-экономикалық  және  технологиялық  негіздерін 
нақтылау міндеттері тұр. 
Оқу  процесін  ұйымдастырудың  негізгі  психологиялық  проблемаларын  шешу:  «оқу 
білімді  табу,  шығармашылық  меңгеру  ретінде  үш  факторға  тәуелді:  нені  оқытады,  қалай 
оқытады,  кімді  оқытады»  деген  [1,  56].  Осы  факторлар  талдауы  мен  оларды  есепке  алу 
сабақтың өнімділігі мен табыстылығын қамтамасыз етуші тиімді құрал болып табылады.  
Бірінші фактор:  оқыту процесіне әсер етуші – бұл оқу пәні, оның өзгешелігі. 
Екінші  фактор:  білімдерді  меңгеруге  әсер  етуші  мұғалімнің  даралық-психологиялық 
және кәсіби ерекшеліктері. 
Үшінші  фактор:  шәкірт  тұлғасы,  оның  жастық  және  даралық-психологиялық 
ерекшеліктері,  оның  ақыл-ойының  дамуы,  эмоционалдық-еріктік  реттелінуі,  оның 
бейімделігі  мен  қызығушылықтары,  оның  оқуға  қатынасы,  оқу  материалын  меңгеру 
ерекшеліктері.  
Іс-әрекет құрылымындағы өзін-өзі бақылау, өзін-өзі  анықтау ролдерінің маңыздылығы 
былайша  себептеледі:  ол  сыртқының  ішкіге,  интерпсихикалықтың  интропсихикалыққа 
өтуінің ішкі механизмін ашады (Л.С. Выготский), яғни, мұғалімнің өзін-өзі бақылау, өзін-өзі  
анықтау әрекеттері оқушының  өзін-өзі бақылау, өзін-өзі  анықтау әрекеттеріне өтеді.  
Педагогикалық  мамандық  бойынша  білім  алушы  жастарды  педагогикалық  іс-әрекетке 
үйретудің қазіргі заманғы көзқарастары бұған дейін қалыптасып қалған түсініктерге жаңаша 
қарауды ұсынады.  Іс-әрекет құрылымындағы өзін-өзі бақылау, өзін-өзі  анықтау ролдерінің 
маңыздылығы  былайша  себептеледі:  ол  сыртқының  ішкіге,  интерпсихикалықтың 

298 
 
интропсихикалыққа өтуінің ішкі механизмін ашады (Л.С.Выготский), яғни, мұғалімнің өзін-
өзі  бақылау,  өзін-өзі    анықтау  әрекеттері  оқушының    өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі    анықтау 
әрекеттеріне өтеді.  
Педагогикалық  мамандық  бойынша  білім  алушы  жастарды  педагогикалық  іс-әрекетке 
үйретудің қазіргі заманғы көзқарастары бұған дейін қалыптасып қалған түсініктерге жаңаша 
қарауды ұсынады.  
В.А. Сластенин, 
Г. Ильин, 
В.И. Загвязинский: 
«қазіргі 
заманғы 
мектептегі 
педагогикалық  іс-әрекет  оқу  материалын  да,  тіпті,  оқушыны  да  объект  ретінде 
қарастырмайды.  Ол  оқушының  тұлғалық  қалыптасуы  мен  дамуының  заңды  кезеңдерін, 
факторларын, жағдайларын қамтитын күрделі жүйе...». «Оқушылар:  білім берудің мазмұны» 
түсінігі  бойынша  білім  беруді  тек  субъект-объективтік  қатынастар  түрінде  қарастыруға 
болғанымен, М.М.Бахтин адамды объект ретінде зерттеуге болмайтындығын, оны өзін еркін 
сезініп, өз ойларымен бөліскенде ғана танып-білуге болматындығын ескертеді.  
Оқу  іс-әрекетінің,  ең  алдымен,  танымдық  қажеттілік  әрекеттің  жалпыланған  тәсілінің 
өндіруі  болып  табылатын  іс-әрекет  затымен  «кездескенде»  және  онда  «заттану»  барысында 
анықталынады, яғни оған ішкі түрткі себеп болады және де сонымен бірге ол сан алуан түрлі 
сыртқы  түрткілермен  анықталынады,  мысалы,  өзін-өзі  бекіту,  абыройлылық,  парыз, 
қажеттілік,  жетістік  және  т.б.  түрткілері.  Студенттердің  оқу  іс-әрекетін  зерттеу  материалы 
негізінде  көрсетілген  ереже,  социогендік  қажеттіліктердің  ішінде  тиімділікке  неғұрлым  көп 
әсер ететін жетістікке деген  қажеттілік, оның астарында адамның өз  іс-әрекеті нәтижелерін 
жақсартуға  ұмтылуы  түсініледі.  Оқуға  қанағаттану  осы  қажеттіліктің  қанағаттандырылу 
дәрежесіне тәуелді. Бұл қажеттілік студенттерді оқуға неғұрлым зейінді болуға мәжбүр етеді 
және сонымен бірге, олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады.  
Кәсіби  өзін-өзі  табу  үрдісін  зерттей  отыра  айта  кетерлік  мәселе,  кәсіпті  дұрыс  
таңдағанына  сенімді  студенттер,  оқу  үрдісі    кезінде  өздерінің  қызығушылықтарын  іске 
асырады,  олардың  вербалдық  (сөздік)  ой-өрісінің,  танымдық    бағыттағы  көрсеткіштерімен, 
радикализм  және  тұлғаның    доминанттығының  корреляциясында  болады,  дәл  сол  уақытта  
кәсіби  жағынан өзін-өзі әлі таппаған (күмәнданып отырған) студенттердің  вербалдық  ой-
өрісінің  көрсеткіштері  радикалиум  мен  тұлға  доминаттылығымен  корреляцияда  болмайды. 
Өзін-өзі  анықтау  үшін  өз  әрекеттеріне  корреляция    жасай  алу,  яғни,  нәтиже  қойылған 
талаптармен сәйкес келу үшін өз әрекеттерін  қалай өзгертуге болатынын елестету маңызды 
болып табылады.    
Е.М. Павлютенков  оқушылардың  педагогикалық  кәсіпті  таңдаудың  үш  ахуалын 
сипаттайды: жақындау-ахуалы (ұстаз кәсібін таңдау мотивтері, оның әрекетінің мақсаттары 
және оған жету тәсілдері түйіседі). Жақындау-алыстау ахуалы (студент педагогтың қоғаммен 
балалар үшін маңыздылығын түсінеді, бірақ нақты мамандықты ұнатпайды); алыстау-ахуалы 
(мотивте,  мақсатқа  жету  тәсілдері  де  ұстаздық  объективтік  мақсатымен  түйіспейді).    Оның 
деректерді  бойынша,  екінші  ахуал  (жақындау-алыстау)  күрделі  және  шешім  әр  кезде  орын 
алмайды,  студенттің  ЖОО-дан  жиі  шығуын  әкеледі.  Үшінші  ахуал  (алыстау-алыстау) 
педагогикалық  ЖОО-ның  студенттерінің  ұстаз  әрекетінің  элементтерін  игеруге  үшін 
талпыныс  та  жасамайды:  филология  факультетінің  студенттері  «жазушы»  болғысы  келеді, 
шетел тілі студенттері –  «аудармашы» және тағы сол сияқты болғысы келеді. Нәтижесінде, 
студенттерде кәсіби өзін-өзі табу тұрақты болмайды.  
Мамандық  таңдауды  не  анықтайды  деген  сұраққа  жауап  бере  отырып,  Е.А.Климов 
негізгі сегіз факторды ұсынады:  
1) үлкендер, отбасы позициясы; 
2) құрдастар позициясы; 
3) мектептегі  педагогикалық  ұжым  позициясы  (мұғалімдер,  сынып  жетекшілері  және 
т.б.); 
4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар; 
5) қабілеттер және олардың көрінулері; 
6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 

299 
 
7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу, 
8) бейімділік [2, 121-128].  
Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де 
маңызды. Алайда, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекше факторлардың бірі –  
балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. 
Жоғарғы  мектептегі  оқу  үрдісін  талдай  отыра,  С.И.Архангельский  үрдісті  басқару, 
студенттер  қызметінің  психикалық  және  физиологиялық  мақсатты  белсендетуін,  үрдісті 
жетілдірудің  жағдайларын  жасауды  қарастырады.  Басқарушылық  «оқытушы-студент» 
жүйесіндегі  оқытушылар  мен  студенттердің  ортақ  қызметінің,  мақсаттардың  үлесімділігін, 
мазмұнын  және  түрлерін  қамтамасыз  етіп,  барлық  құраушы,  бақылаушы,  түзетуші 
ықпалдардың  жоспарларды  оңтайландыру  керек.  Кез-келген  қызметке  басқарушылық  әдіс, 
басқару  объектісін  тануды,  стратегияны,  бағдарламаны  жасауды  және  оны  бірте-бірте 
қарастырады [3, 87]. 
Теориялық  және  практикалық  міндеттерді  шешу  процесінде  жеке  адамның  еріктік 
құрылымы  қалыптасады, ол міндеттердің  қалай  қабылданатынын  да, олардың  қалай  жүзеге 
асырылатынын айқындап беріп отырады.  
Қоғамдық  ортаның  ықпалдары  организмнің  физиологиялық  жүйесінің  бұзылуын  ғана 
емес,  психикалық  күйлердің  өзгерісіне  алып  келеді,  бұл  жеке  тұлғаның  субъективті  қарым-
қатынасқа  сәйкестігі  арқылы  толықтырылып,  бірнеше  жолдармен  соның  ішінде 
мамандықпен  айналысу  процесіндегі  психикалық  тәсілдермен  кәсіптік  және  әлеуметтік-
психологиялық  аспектілердің    үдерісінің  физиологиялық  механизмдерінің  психологиялық 
көріністерін анализдеуді жоққа шығармайды. Адамзат кез-келген кәсіптік жағдаяттарға (егер 
адам өзін-өзі анықтаса) төселеді және тұтас құрылым ретінде өзін танытады және белгілі бір 
организм және жеке тұлға ретінде де.  
Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  үдерісін  қарастыру  үздіксіз,  бірақ,  «еңбек  субъектісі  –  кәсіби 
орта жүйесіндегі  келіспеушіліктен туады, ол мұндай жағдайларда активтендіріледі.  
Психолого-педагогикалық  аспектілерде    кәсіби  өзін-өзі  анықтау  кәсібті  таңдаудағы 
адамның  бейімділігі  мен  қабілетінің  сәйкестілігі  және  тұлғаның  дамуы.  Кәсіби  өзін-өзі 
анықтауды  іс-әрекеттегі  индивидтің  әлеуметтенуі  белсенді  тұлғалық  процес  ретінде  және 
осы  процестің  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  –  «жас  маманды  өнеркәсібке  кіріктірудің  белсенді 
процесі,  қоршаған  ортаның  жаңа  әлеуметтік  ортасына  еңбек  шарттары»  ретінде 
қарастырылады. 
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы тұрақтылық кәсіпті дұрыс таңдауда басты құбылыс болып 
саналады сонымен қатар барлық кәсіптік бағдар жұмыстарындағы эффективті бағасы.  
Кәсіби  өзін-өзі  анықтау  қорғаумен  және  болашақта  нақты  кәсіби  іс-әрекетке 
бейімділігінің  дамуымен,  еңбек  мотивациясының  тұлғалық  және  қоғамдық  байланысы 
әлеуметтік төселудегі бірлікті жүзеге асыруда өте маңызды.  
Әдістер диагностикалық бағалау, әр түрлі, белгілі бір ақпаратты беретіні белгілі, сонда 
да  олар  «пассивті»  топқа  жатады.  Әрине,  ол  студенттің  өзін-өзі  бағалау  қызметін  реттейді, 
рефлекстік  ойлауды  басқарып  отырады  және  адамның  профессионалды  түрде  қоғамдағы 
орнын белгілейді.  
Дегенмен  бұл  әдістер  сыртқы  факторлардың  әсерінен,  жекелік  тұрғыдан  қоршаған 
адамдардың  кәсіби  түрде  қоғамдағы  орнын  анықтау  кезінде  тұлғаның  өзін-өзі  бағалауын, 
дамуын, жете тексере алмайды.  
Осы  тұрғыдан  алғанда  мынадай  сұрақтар  туындайды:  қай  жағдайда  және  қандай 
әдістерді  қолдану  арқылы  профессионалды  тұрғыда  өзін-өзі  бағалауын  дамытуға  болады, 
яғни жай ғана «атап қою» дәрежесінде қалып қоймай, өзін жетілдіру сатысына көтерілу.  
Өзін-өзі бағалаудың адекваттық жағынан маңызы -  тұлға өзін жан-жақты, нағыз тұлға 
ретінде  бағалай  алуында.  Ал  мұндай  қасиеттерді  дамыту  үшін  студентке  топтағы  бір 
оқушының  немесе  оқытушының  портреті    беріледі.  Студенттің  мақсаты  сол  суретті  үлгі 
тұтып,  өзінің  ойын,  қиялын,  фантазиясын  пайдалана  отырып  жаңа  автопортрет  жасайды. 

300 
 
Сонымен  қатар  студент  бұл  тапсырманы  орындауда  теориялық  және  практикалық  біліміне 
жүгінуіне де болады. Бұл әдісті Н.Е.Шафажинский қолданысқа енгізген.  
Студент 
«суретші» 
ретінде  өзі 
қалаған 
және 
өзіне 
ыңғайлы 
этюдтарды, 
пантомималарды,  мүсіндерді  тапсырмада  қолдана  алады.  Сонымен  бірге,  «портрет»  жасау 
үшін аппликация, эпиграмма, тіпті болмаса өзі ойынан өлең жазуына да болады.  
Тапсырманың  ең  қызығы  берілген  суреттегі  адамның  сыртқы  көрінісі  емес,  ал  оның 
жеке қасиеттері, тұлғалық көрінісі жұмбақ болуы керек, яғни белгісіз болуы шарт.  
«Суретші»  портретін  оқу  кезінде  студент  біліміне,  іскерлік  пен  дағдысына  кәсіби 
тұрғыда баға бере алуын қамтамасыз етеді.  
Психологиялық  портрет  жасай  отырып  «суретші»  адамның  жеке  қасиеттерін, 
ерекшеліктерін аша отырып, толығымен көрсетуі керек.  
Бұл  тапсырманың  қиын  жері  студенттердің  бірін-бірі  жете,  толық  білмеуі,  бір-бірінің 
жеке  қасиеттерін  танып  білмеуі,  бірін-біріне  жеке  тұлға  ретінде  баға  бермеуі.  Дегенмен  де, 
әрбір  студент  өзінің  жан  дүниесін  ашып,  көрсете  алмайды.  Сонымен  бірге  студенттің 
мамандығына  қатысты,  не  мақсатпен осы  мамандықты  таңдағаны  туралы  және  жоғары оқу 
орнына түсуінің мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.  
Кәсіби  жағынан  өзін-өзі  жетілдіруде  (мамандыққа  қатысты  көзқарасы  жағымды  ма 
немесе  теріс  па,  студент  пен  оқытушының  ара  қатынасының  маңызы  қандай,    біріншіден, 
өзін-өзі ашып, әрбір қатысушының өзін-өзі жетілдіруі; екіншіден, студент болған жағдайды 
қабылдауы,  басқа  адамдармен  жақсы  қарым-қатынас  орнату,  бағалау;    үшіншіден,  ортақ 
қызығушылықтары бар жағымды атмосфераны сезіне білу. Ал ең бастысы - әрбір студенттің 
«Мен»-ін қалыптастыру болып табылады.  
Педагогикалық  жоғары  оқу  орнының  ең  басты  мақсаты  –  психологиялық-
педагогикалық  дайындық  барысында  өз  бетімен  білім  алуға,  жетілуге,  қоғамда  өз  орнын 
белгілеуді іске асыру.  
Студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдері олардың қоғамда, басқа да  белгілі 
жерлерле тез арада бейімделуге, жекеленген психологиялық құбылыстарды өз бетімен танып 
білуге,  қазіргі  заманауи  технологияларды  меңгеруде,  оқушыларды  тәрбиелеуде,  педагог 
мамандығының қыр-сырын ұғынуға мүмкіндік береді 
Студенттердің кәсіби біліктілігін өзін-өзі жетілдіруде теориялық білімі мен психология, 
педагогика және арнайы  пәндердің практикалық сабақтары маңызды болып табылады.   
Өзін-өзі  танып  білуде,  өзін-өзі  дамытуда    кемшіліктерді  жою,  оқушылардың 
ерекшеліктерін  зерттеу  және  арнайы  мінездеме  жасау  олардың  белсенділігін  арттырып, 
студенттердің арасындағы қарым-қатынас атмосферасы біраз жақсарады. 
Өзін-өзі  бағалау,  жетілдіру,  кәсіби  тұрғыда  қарым-қатынасты  жоғарылату,  ұстаздық 
жауапкершілікті сезіндіру  мақсатында ең қарапайым «Кеңес» (Ақыл) тест ұсынуға болады. 
Бұл тестің бірнеше варианттары бар:  
1. Сіз өзіңізді «мұғалім» ретінде санаңыз. Ертең сіз мектепке ұстаз ретінде барасыз. Сіз 
өзіңізді қалай көрсетер едіңіз, қандай қасиеттеріңізді  көрсетер едіңіз? 
2. Өзіңізді  «студент»  деп ойлаңыз (топтағы бір студенттің  аты-жөні айтылады). Ертең 
мектепке  сынып  жетекші  және  мұғалім    болап  барасыз.  Сіз  қандай  ақыл  айтар  едіңіз? 
Мұғалім қандай қасиеттерімен ерекшелінеді?  
3.  Сіз  өзіңізді  «оқушы»  деп  есептеңіз.  Сізге  оқытушы  немесе  сынып  жетекші  келеді, 
яғни ол – сіз. Оқушыға сізбен оқып, білім алғысы келеді. Неге? 
4. Сіз ата-анасыз және сіздің  балаңыз мектепке барады. Осы курстағы немесе топтағы 
қай студентке өз балаңыздың білім алуымен, тәрбиесін сеніп тапсыра алар едіңіз? Неге? 
5.  Сіз  –  мектеп  оқушысыз.  Сіз  осы  курстағы  немесе  топ  студенттерінің  қайсысында 
оқығыңыз келеді? Кім сізге ұстаз бола алады? Неге?  
6. Топтағы әрбір студентке арнап қысқаша тілек, пікір жазыңыз (болашақ  мұғалім үшін 
олар қандай қасиеттерінен арылып, қандай жақсы қасиеттерді иемденуі шарт).  
Студенттерге  осындай  психологиялық-педагогикалық  этюдтарды  «шешкізу»  арқылы, 
олар  берген  жауаптарын  қадағалау  керек.  Яғни,  оқытушылық  мамандыққа  деген  көзқарасы 

301 
 
қандай  екен,  жеке  қасиеттері  мен  кәсіби  тұрғыдан  өзін  бағалай  білуіне  басты  назар  аудару 
керек.  
Білімге  ізденіс  барысында  студенттің  өзіне  баға  бере  алуы  сонымен  қатар  белсенділік 
танытып  өзінің жеке тұлға болып үнемі ізденіс үстінде индивидуалдылық  ерекшеліктерімен  
рухани-этикалық  кәсіби өзіндік шешім қабылдай алады. 
Студенттерді  тұлға  ретінде  даярлау  индивидуалдылық    стратегиясын  қорытындылау 
барысында  кәсіби  сенімділік  ауқымды қолданысқа ие болады.  
Әртүрлі  мақсаттағы  жұмыстарды  атқару  барысында  ең  алдымен  мақсат-міндеттеріне 
басты  назар  аударылады.  Педагогикалық  мамандықтың  қыр,  сырын  ұғынуда,  берілген 
жұмыстарды  атқаруға  студенттерді  жұмылдыру  мақсатында  психологияның  қызықты 
тренингтерін  қолдануға  болады.  Мысалы:  студенттердің  белсенділігін,  әдістердің  маңызын 
арттыру  мақсатында  әлеуметтік-психологиялық  тренингтер  өткізіледі.  Біріншіден,  бұл 
студеттердің  творчестволық  құзіреттілікті  жетідірудің  практикалық  тұрғыдағы  логикалық 
жалғасы. Екіншіден, бұл тренингтерге студенттерде қызығушылық мол, ол қатысқысы келіп 
тілек  білдіріп  отырады.  Мұндай  сабақтарда  кәсіби  жағынан  өзін-өзі  жетілдіру,  мотивтерді 
қамтамасыз етуге қажеттілік оянады. Үшіншіден, үнемі ұжымда болу арқылы студенттердің 
арасында  достық  қарым-қарым,  жолдастық  қарым-қатынасты  нығайтады.  Мұндай  дәрістер 
студенттердің  білімін  кеңейтеді.  Сабақ  кезінде  табиғи  ситуация  құрастыру,  оны  шешу 
арқылы сабақ атмосферасын жеңілдетеміз. Нағыз өмірге біршама жақындаймыз. Бұл өмірде 
ешнәрседен қорықпау керек, жасап көруге талпындырады, сонымен қатар «жеңіліс» табудан 
қорықпауға үйретеді.  Соған байланысты үш этапты ерекше атауға болады:  
1.  Ең алғашқы этапта басты назар аударатын жағдай студенттің өзін-өзі тәрбиелеуі. 
2.  Өз  бетімен  білім  алуына  көңіл  бөліп,  тренингке  қатысушы  әрбір            студенттің 
белсенділігін арттыра отырып, қызығушылығын ояту.  
3.  Студент  анализ  жасауға  өзі  үйренеді,  яғни  осының  алдында  болған  эксперимент 
нәтижелеріне  сүйене отырып ары қарай білім алуын    жалғастырады.  
Е.Т. Конюхованың  пікірінше,  белсенді  түрде  өзін-өзі  дамытып,  жетілдіруге  қатысса, 
бұл  адекваттық  баға  берудің  талаптарының  бірі  болып  табылады.  Бұл  талаптарды 
басшылыққа  алғанда  студенттің  оқу  процесінде  де  белсенділігін  арттыруына  септігін 
тигізеді.  
Студенттердің таңдамалы мамандықтарында түрлі мақсаттарға жету, мәселелерді шешу 
барысында  көбінесе  ұжымдық  әңгіме,  диспуттар,  маңызды  қызмет  атқаратын  стратегиялар 
мен әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады.  
Ұжымдағы  әңгімені  ұтымды  жүзеге  асыру  үшін  талқыланатын  мәселенің  өзекті, 
қызықты болуымен қатар, таңдауды студенттердің өздері жасағаны маңызды екенін ескерген 
жөн.  
Осындай  әңгімелер  жалпы  студенттер  арасында  қызу  талқыға  түсіп,  жан-жақты 
қарастырылып, түрлі көзқарастармен пікірлерден кейін белгілі шешімге келері сөзсіз. 
Таңдауды студенттер жасағанда, біріншіден, студенттер ұжымы үшін қызықты, оларға 
жат  емес  тақырыпқа  таңдау  жасалса,  екіншіден,  олардың  арасындағы  өзекті  тақырып 
сараланып,  талқыланып  белгілі  бір  тұжырымға  келері  даусыз.  Оқытушының  кәсіби  өзін-өзі 
анықтауы,  болашақта  студенттердің  білімді  игеруге  бағытталған  оны  әрі  қарай  өз  бетімен 
білім алуды қажетсінуге, өзі дербес және шығармашылық түрде ойлануына ықпал етеді.  
Нәтижесінде,  ол:  берілген  тапсырмаларға  шығармашылық  таныта  отырып,  жүйелі 
түрде    жұмыс  жүргізе  отырып,  одан  әрі    курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  дайындап 
қорғауға,  керекті  әдебиеттерді  іздеп  табу  мен  оларды  зерттеп, проблемаларды  қоя  білу  мен 
оларды  шеше  отырып,  өздігінен    шеше  білу  қабілетін  дамытады.  Сондықтан  мұғалім 
студенттерге  кәсіби  өзін-өзі  анықтауға  бейімдей  отырып,  оларды  өздігінен    жұмыс  істеуге 
тәрбиелей  отырып,  болашақ  маман  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.    Ғылыми-зерттеу 
жұмысы көрсеткендей олардың қызығушылығы мен белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы, 
болашақ  мамандығына  деген  сенімділік  немесе  сенімсіздік  қалыптасып,  өзін-өзі 
анықтайды.«Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше 

302 
 
түрлерін  кездеседі:  1.  «Мен  шынында  кіммін?»  (шындықты  көздейтін  «мен»);  2.  «Мен»-
өзімді  өзгелер  қалай  бағаласын  деп  ойлар  едім?  (эмпатикалық  «мен»);  3.  «Менің»-тілегім 
бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық «мен»); 4. «Мен» келешекте кім 
болғым келеді? (болашақ «мен»). 
Сонымен,  өзін-өзі  анықтай  отырып  студенттер    өзін-өзі  сыни  көзбен  қарап,  өзінің 
мүмкіндігін  өмір  талабына  сәйкес  бағдарлай  біледі,  өз  мақсатын  нақтылап,  ойын  түйіндеу 
қабілеттілігіне  ие  болады.  Өзін-өзі  анықтау  болашақ  маманға  өзінің  кәсібіне  деген  сенімін 
арттырып,  рухани  үйлесімдігін  дамытады,    өзіндік  сана-  сезімі  қалыптасады,  яғни  болашақ 
маман ретінде біріншіден, бұлар өзі қоршаған әлеумет ортасынан соның ішінде жеке адамдар 
арасында  кездесетін  неше  түрлі  қарым-қатынастың  мәнін  түсініп,  әр  бір  нәрсенің  себебіне 
және  одан  шығатын  нәтиженің  мәніне  түсініп,  әр  бір  нәрсенің  дүниеде  себепсіз  нәтиже 
болмайтынын  ұғына  бастайды;  екіншіден,  егер  бұл  кезеңде  ересек  уақытының  көбін  мұң, 
фантазия  сияқты  нәтижесіз  объектілерге  жіберетін  болса,  енді  сол  фантазиядан  нәтиже 
шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Бұл оның өзін-
өзі  анықтауын  дамытып,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасып  өмірде  өз  орнын  табуға  негіз 
болады.  
 
Список литературы 
1  Крутецкий  В.А.  Психология  обучения  и  воспитания  школьников.  М.,  1976ж.  152с. 
С.56 
2 Леднев В.С. Содержание образования. – М.: Высш. шк., 1991. – 224с. С.121-128. 
3 Архангельской  С.И. Учебный процесс в высшей школе, его  закономерные основы и 
методы. – М.: Высш. шк., 1980 – 368с. С.87. 
4  Практика  применения  интерактивной  методики  обучения  в  вузах.  Учебно-
методическое пособие. -Алматы: КазНПУ им.Абая, 2011. -179с. 
 
В  статье  рассматривается  роль  формирования  профессионального  самоопределения 
будущего  педагога.  В  профессиональном  самоопределении  показаны  важность  учебного 
процесса  и  факторы,  которые  являются  его  основанием.  Также  рассматриваются  такие 
вопросы как роль теоретического знания и практических занятий дисциплин как психология, 
педагогика и специальные предметы в саморазвитии профессиональных навыков студентов. 
 
This  article  provides  an  uncommon  interpretation  of  a  role  of  forming  professional  self-
determination  of  a  future  teacher  of  professional  education.  The  author  shows  the  importance  of 
educational  process  and  factors  which  are  its  basis  in  the  professional  self-determination.  The 
author  of  this  article  touches  the  question  of  a  role  of  theoretical  knowledge  and  a  practical 
training of disciplines such as psychology, pedagogics and special subjects in self-development of 
professional skills of students. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет