Проблемы языкознания


ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ - КРЕДИТТІК



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ - КРЕДИТТІК 
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ АСПЕКТІСІ 
 
Мақалада  кредиттік  жүйемен  оқыту  барысында  аудиторияда  өткізілетін  оқытушы 
мен  студенттердің  өздік  жұмысы  (ОСӨЖ)  және  студенттердің  өздік  жұмыстарының 
(СӨЖ)  негізгі  түрлері  сипатталады.  Өздік  жұмыстар  көмегімен  студенттер    білімдерін 
жетілдіреді  және  оқыту  процесінде  белсенді  қатысушы  болады,  сұрақтарға  жылдам 
жауап бере алады, әр түрлі жағдайларды шешу үшін оқыту, біліктілік және құзыреттілік 
дағдыларын  дамытады;  кредиттік  оқыту  жүйесіндегі  аталған  жұмыс  түрлері 
студенттерге  өзіндік  стиль  мен  философия  қалыптастыратын  білім  берудегі  оқытудың 
негізгі түрі болып табылады. 
 
Тірек  сөздер:  өздік  жұмыс,  білім,  жүйе,  қалыптастыру,  әдістеме,  үрдіс,  дамыту, 
міндеттер, оқытушы, студент. 
 
Студенттің  өздік  жұмысы  мен  оқытушымен  бірге  жасалатын  өздік  жұмысы  –  бұл 
студенттің  дидактикалық  тапсырмаларды  өзінше  орындауға,  танымдық  әрекеттерге 
қызығушылығының  қалыптасуына  және  нақты  бір  ғылым  саласында  білім  жинақтауына 
бағытталған оқу - әрекетінің ерекше бір түрі. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында:  «Қазір 
педагогикалық  қоғамдастықтың  алдында  білім  берудің  жаңа  моделін  құрудың,  сынақтан 
өткізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен 
дағды-машыққа  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби 
біліктілікке  -  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп 
жатқан  бүгінгі  дүниеде  лайықты  өмір  сүру  және  жұмыс  істеу  болып  табылады»,  -  деп 
көрсетілген [1]. 
Кредиттік  жүйемен  оқытуға  көшудегі  басты  мақсат  –  білім  жүйесін  әлемдік  білім 
кеңестігімен  кіріктіру  және  өндіріс  пен  нарықтық  жағдайдың  өзгеріп  тұратын  заманында 
кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып 
табылады. 
Кредиттік  жүйемен  оқыту  –  студенттердің  жоғарғы  оқу  орны  қабырғасында  білім 
алуын жеке жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Ол білім берудің демократиялығымен 
сипатталып, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. 
Жаңа  жүйенің  басты  ерекшелігі  –  студенттердің  білім  кеңістігін  қалыптастыру  еркіндігі, 
яғни  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  мамандар  дайындаудың 
сапасына  қоятын  талаптарына  сәйкес,  білім  алудағы  өзінің  ерекшелігі  мен  қалауына  сай 
қалыптастыра алады. 

318 
 
Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  студенттің  орындайтын  өздік  жұмыстарының 
ауқымы көбейді. Өздік жұмыс екі түрге бөлінеді – студенттердің оқытушының қатысуымен 
жүргізілетін өздік жұмысы (СОӨЖ) және студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ). 
Р.А.  Низамов  өздік  жұмысты  студенттердің  аудиторияда  және  аудиториядан  тыс 
жекеше,  топпен  орындайтын  танымдық  әрекеттерінің  түрлері  деп  сипаттайды  [2].  Ал  П.И. 
Пидкасистый  өздік  жұмысты  оқу  үрдісінде  студенттің  өздік  әрекетін  басқару  және 
ұйымдастыру құралы ретінде қарастырады [3]. 
Оқу  үрдісі  барысында  студент  пен  оқытушы  арасында  өзара  жаңаша  байланыс 
қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу 
үрдісіне  белсенді  түрде  қатысуы  және  алға  қойған  мақсатқа  жетуге  деген  тұрақты 
қызығушылығының болуын талап етеді. 
Кредиттік  жүйемен  оқыту  студент  пен  оқытушы  арасында  жаңа  білімді  игеру 
барысында,  сенімді  қарым  -  қатынастың  қалыптасуын  талап  етеді.  Оқытушы  студент  үшін 
тек  ақпарат  көзі  ғана  емес,  ол  студенттің  қажетті  ақпаратты  іздеп  тауып,  саралап  іс  жүзіне 
пайдалануға  үйретуші  болуы  керек.  Оқытушы  білім  беріп  қана  қоймай,  қалай  оқу 
керектігіне,  білімді  алуға,  дағды  мен  іскерлікті  алып,  өз  бетімен  практикада  қолдануға 
үйретеді.  Сондықтан  оқытушылар  оқу  пәніне  деген  жауапкершілігін  арттырып,  өзінің 
біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы тиіс [4]. 
Студент пен оқытушының өздік жұмысында (СОӨЖ) алынған тапсырмалар студенттің 
дүниетанымын  кеңейтіп,  ғылымға,  тіл  тарихына  деген  қызығушылығын  арттырады, 
логикалық ойлау жүйесін дамытады. Кредиттік оқу жүйесінде білім алушы студенттің жеке 
тұлға  ретінде  өзін-өзі  дамытуға  мүдделі  субъект  ретіндегі  болмысы  ғылыми  негізде 
теориялық тұрғыдан дәлелденеді. 
Студент  пен  оқытушының  өздік  жұмысын  (СОӨЖ)  ұйымдастырудың  амал-тәсілдері 
әртүрлі. Өздік жұмыс арқылы студент өзіне қажетті білімді игереді. Білім, білік, дағдыларын 
жетілдіреді.  Өздік  жұмыс  студентті  жүйелі  түрде  жұмыс  істеуге,  дербес  ойлауға,  өзіндік 
стилін  қалыптастыруға  көмектесетін  оқытудың  формасы  болып  табылады.  Оның  басқа  оқу 
формасынан ерекшелігі студент өз әрекетін алдына қойған мақсат-міндеттеріне байланысты 
өзі  ұйымдастыра  алады.  Жоғары  оқу  орнында  өздік  жұмыс  –  студенттің  өз  белсенділігін 
көрсете алатын іс-әрекет болып саналады. Оның ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби 
дайындығының  нәтижесі  көрінеді.  Студентке  берілген  СӨЖ  тапсырмасы  оқытушының 
тікелей  және  белсенді  қатысуымен  өткізілетін  СОӨЖ  сабақтарында  тексеріледі.  СОӨЖ-дің 
екінші  мақсаты  материалды  игеру  барысында  қиындық  сезінетін  студенттерге  кеңес  беруді 
көздейді.  СОӨЖ  аудиториялық  сабақ  түріне  жатады,  ол  лекциялардың  СОӨЖ-і  мен 
практикалық сабақтардың СОӨЖ-і болып бөлінеді. 
Студенттің  өзіндік  жұмысы  –  болашақ  мамандарды  даярлаудың  және  білім  сапасын 
арттырудың  ең  басты  резервтерінің  бірі.  Осыған  орай  жоғары  оқу  орындарында  әр  білім 
алушыдан ой еңбегінің  ұтымды әдістерін білуі, яғни аз  уақыт кетіріп  қажетті ақпаратты  іздеп 
және  меңгеруді,  фактілер,  теорияны,  тұжырымдамаларды  жүйелеп  және  жіктей  білуді,  өз 
көзқарасын  нақты  айтып  және  дәлелдей  білуді,  түрлі  күрделі  сұрақтарды  шығармашылықпен 
шеше білуді үйренуі талап етіледі. 
Студенттің  өзіндік  жұмысы  –  бұл  студенттің  дидактикалық  тапсырмаларды  өзінше 
орындауға,  танымдық  әрекеттерге  қызығушылығы-  ның  қалыптасуына  және  нақты  бір 
ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. 
Студенттің  өзіндік  жұмысы  –  жоғары  оқу  орнының  оқыту  үдерісінде  студенттердің 
өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. Олай болса кредиттік оқыту 
жүйесінің жоғары мектепке енгізілуі және СӨЖ-дің үлесінің артуы оны белсендіруге баса көңіл 
аудартады.  Жаңа  оқыту  технологиясының  енгізілуіне  сәйкес  ЖОО-дағы  оқу-тәрбие  үдерісін 
жаңаша ұйымдастыру, оқыту технологиясын және оның әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін 
өзгерту қажеттілігі туындады. 
Студенттің  өзіндік  жұмысы  логикалық  ойлауды  дамытуды,  шығармашы-  лық 
белсенділікті,  оқу  материалы  негізінде  зерттеушілік  ықпалды  қамта-  масыз  ететін 

319 
 
практикалық  тапсырмаларды  жүзеге  асырумен  байланысты.  Студенттің  өзіндік  жұмысы 
аудиторлық  жұмыспен  бірге,  оқыту  процесінің  негізгі  бөлігі  болып  табылатын  СӨЖ-нің 
жүйелі  түрде  орындалуы  мұғалімнің  жоспарлау  және  бақылау  қызметі  нәтежесінде 
қалыптасады. Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы - оқытушының тікелей 
қатысумен өтетін бірақ, оқытушының тапсырған жұмыстары және әдістемелік басқаруымен 
орындалатын 
студенттің 
жоспарланған 
жұмысы.Студенттің 
өзіндік 
жұмыстарын 
ұйымдастырудағы қызметі - өз әрекетін өзі ұйымдастыру, өз бетімен ізденіп, шығармашылық 
әрекет жасау. 
Силлабус  бағдарламасында  әр  аптада  жүргізілетін  СОӨЖ,  СӨЖ  түрлері  сағат  санына 
қарай  нақты  бөлінеді.  СОӨЖ-де  оқытушының  басшылығымен  орындалатын  жұмыстарды 
студенттің  ұтымды  игеруіне  мүмкіндік  тудыра  отырып,  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік  туады.  СОӨЖ  жұмыстарын  ұйымдастыруда  әдістерді  сұрыптап  алудың  мәні  өте 
зор. 
Оқу  үрдісі  барысында  студент  пен  оқытушы  арасында  өзара  жаңаша  байланыс 
қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу 
үрдісіне  белсенді  түрде  қатысуы  және  алға  қойған  мақсатқа  жетуге  деген  тұрақты 
қызығушылығының болуын талап етеді. 
Кредиттік  жүйемен  оқыту  студент  пен  оқытушы  арасында  жаңа  білімді  игеру 
барысында, сенімді қарым - қатынастың қалыптасуын талап етеді. 
Кредиттік  технологияны  енгізу  білім  берудің  барлық  идеологиясын  қозғайды. 
Оқытудың кредиттік технологиясының жетістіктері: 
-  мамандарды әлемдік стандарттар деңгейінде даярлау мүмкіндігі; 
-  білім  алушылардың  өзіндік  білім  алуға  және  өзіндік  дамуға  қабілеттерін 
дағдыландыру; 
-  білім алушылардың өз бетімен шығармашылығын игеруге дағдыландыру; 
-  білім алушылардың біріккен оқуын ұйымдастыру; 
-  сырт  елдердің  жоғары  оқу  орындарымен  серіктес  қарым-қатынас  орнату  болып 
табылады. 
СОӨЖ-ге  арнайы  сағат  бөлінген,  яғни  СОӨЖ-ң  көлемі  пәнге  бөлінген  практика, 
семинар  сағаттарының  толық  көлемінен  кем  емес.  Студенттердің  оқытушының 
жетекшілігімен  өткізілетін  жұмыстардың  уақыты  көрсетіліп,  оқу  кестесіне  енгізілген  және 
сабақтан соң арнайы аудиторияда өтеді. 
Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  өздік  жұмыстарының  қарапайым  және 
қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе 
деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған 
оқытушылардың  да  шығармашылық  әдіс-амалдары  мол  болуы  қажет.  Мысалы, 
студенттердің  жазған  мазмұндамасын,  шығармасын,  эссе  және  рефераттарын  әдеттегідей 
қабылдай  салмай,  әр  түрлі  ғылыми  пікірталас  ұйымдастыру  арқылы  қабылдаған  әлдеқайда 
тиімді.  Студенттердің  өздік  жұмыстарын  өздері  қадағалаудың  тәсілдері  де  үлкен  нәтиже 
береді.  Өзін  бағалай  және  қадағалай  білуді,  өзіне  баға  беруді  қалыптастыру  –  оқушының 
қызығушылық  көзқарасын  және  белсенділігін  арттыратын  сенімді  тәсіл.  Әр  пәнге  арналған 
өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне  сенімділігін және жауапкершілігін  арттырып, 
өзіндік  баға  беру  қабілетін  қалыптастырады.  Өзіндік  жұмыстың  нәтижесін  көру  үшін 
ұйымдастыру-әдістемелік  шараларының  анық  жоспарланған  жүйесі  болуы  тиіс.  Өзіндік 
жұмыстың  керекті  нәтижесін  алу  үшін  қойылатын  негізгі  шарт  –  студенттерді  оқу-
әдістемелік  және  анықтама-нормативтік  материалдармен  толық  қамтамасыз  ету  қажет. 
Қарқынды оқыту талабына сай студенттердің өздік жұмыстарына көбірек уақыт беру арқылы 
оқушының өздігінен ойлау қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыру керек. Білім беру барысында 
оқытушы  пәнге  деген  қызығушылықты  тудырып,  оқушы  содан  қанағат  алатындай  жағдай 
жасауы  керек.  Сабақ  өткізу  кезінде  іскери  ойындар  ұйымдастыру  да  үлкен  жетістікке 
жеткізетіндігі  жаңалық  емес.  Ойынның  мақсаты  оқу  жоспарының  мағынасына,  студент-
ойыншылардың  құрамына,  олардың  дайындығына,  ойынға  кететін  уақытқа  және  сабақтың 

320 
 
тақырыбы  мен  мәніне  байланысты  шешіледі.  Ойын  пікірталасқа  негізделген  мағыналы, 
ақпаратты  және  берілген  сабақтың  тақырыбын  ашатын  нақтылы  болуға  тиісті.  Ойынға 
қатысушы студенттер нақтылы жағдайды өз беттерімен қарастырып, ойынның мақсатына өз 
жетістіктерімен  жетулері  тиіс.  Ең  бастысы  –  оқытушы  ойынды  студенттердің  өздері 
ұйымдастыруына  ерік  беріп,  оларды  қанағаттандырып  отыруы  керек.  Студенттердің  өздік 
жұмыстарын  ұйымдастыру  мақсатын  тиімді  шешудің  және  бір  түрі  –  үйренген  оқыту 
әдісінен  өзге,  қазіргі  кезге  сай  ғылыми  дәйектелген  және  жете  зерттелген  оқулықтар  мен 
әдістемелік оқу құралдарымен оқыту үрдісіне енгізу. Студент оқулықты жете түсініп, жеңіл 
қабылдауы үшін, сабаққа өздігінен дайындалу барысында  қолданатын  әр пәннің лекциялық 
курстары,  оқулықтары  және  оқу  құралдары  міндетті  түрде  оқу  жоспарына  сәйкес  болғаны 
жөн.  Сонымен  қатар  барлық  қажетті  оқу-әдістемелік  және  анықтама  материалдары  баспа 
түрінде де, электронды түрде де жеткілікті және қол жеткізерліктей болуы міндетті. 
Кредиттік  жүйемен  оқытудың  басты  ерекшелігі  —  әлемдегі  білім  берудің  ең  үздік 
технологиялық  тәжірибелерін  қолдана  отырып  елімізге  қажетті  мамандарды  сапалы 
дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар, 
студенттің  ізденуіне,  жаңаша  көзқарас  тұрғысынан  келіп,  сапалы  білім  алуына  жағдай 
туғызу  қарастырылған.  Кредит  сөзінің  мағынасы  –  сенім,  яғни  студентке  сенім  білдіру 
арқылы 
оның 
білімін 
көтеруіне, 
өзіндік 
ізденісіне, 
әрбір 
өтілген 
тақырыпты 
шығармашылықпен  меңгеруіне  жол  беру.  Оқытушы  әрбір  өтілетін  тақырыпты  жіктеп 
түсіндіріп,  студенттен  сол  материалдарды  қалай  меңгергенін  сұрау  арқылы  оның  білімін 
бағалауды  мақсат  етпейді.  Әрбір  өтетін  тақырып  төңірегінде  сол  тақырыптың  ерекшелігі 
жайлы,  студент  аталған  тақырыптан  қандай  мәселелерд    меңгеруі  керектігі  жөнінде  бағыт-
бағдар  береді.  Оқытушы  өзі  дайындаған  силлабуста  студентке  берілетін  білім  мазмұнын, 
әрбір  модульдік  бақылау  барысында  студенттің  нені  білу  қажеттілігін  және  көрсетілген 
тақырыптар бойынша пайдаланылатын әдебиеттің тізімдерін жан-жақты көрсетуі керек. Бір 
сөзбен айтқанда,студент үшін силлабус білім алудың, ізденіс жұмыстарын жүргізудің басты 
бағдарламасы болмақ. 
Білім  беру  жүйесінде  әр  пәннің  өзіндік  ерекшеліктері  өзіне  тән  қиыншылықтары 
болады.  Студенттің  сапалы  білім  алуына,  сол  пәннен  алынатын  міндетті  білім  дағдыларын 
меңгеруіне  дұрыс  бағытта  жол  ашу  үшін,  әр  пән  оқытушысы  сол  пәннің  өзіне  тән 
ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл  бөлгені  жөн. Оқу орыс 
тілінде  жүретін  топтарда  қазақ  тілін  оқитын  студент  өзіне  таныс  емес  тілдің  дыбыстық 
құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық 
құрылысын  игеруге,  ойын  еркін  жеткізуге,  басқаның  сөзін  түсінуге,  жеткілікті  дәрежеде 
сөздік  қорын  меңгеруге  тиісті  және  қазақша  сөйлеуге  жаттығып,  қазақ  тілінде  қарым-
қатынас жасай алуы  қажет. Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік 
тәсілдері мен амалдары, жолдары сан-алуан. Басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ 
тілін  үйренушінің  ана  тілінің  ерекшелігін  ескере  отырып,  оны  үйретудің  тиімді  жолдарын 
көрсетудің  маңызы  зор.  Тілдерді  оқыту  әдістемесінің  байланыстылығы,  жалпы  ортақ 
мәселелердің  көптігі  соңғы  кезде  лингводидактика  ғылымын  туғызды.  Қазақ  тілін  орыс 
аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес. Сондықтан 
оқыту  әдістемесі  бұрыннан  қалыптасқан  шет  тілдерді  оқыту,  орыс  тілін  оқыту 
әдістемелерінен  оқып,  үйренеріміз  көп.  Қазақ  тілін  басқа  тілді  аудиторияларда  оқыту 
барысында  қазақ  тілінің  өзіндік  басты  ерекшеліктерін  назарда  ұстауымыз  қажет.  Қазақ  тілі 
сөз  жасау  жағынан  жалғанбалы  (агглютинативті)  тілдер  тобына  жататындығы  бәрімізге 
белгілі. Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт 
түрлі  жалғаудың  беретін  өзіндік  мағынасы,  сөзге  жалғану  кезіндегі  варианттары  да 
жеткілікті. 
Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс 
түрлерін  жүргізген  тиімді:  ең  бастысы,  студенттің  қазақ  тілінен  тілдік  қорын  молайту,  ол 
үшін  сөздік  жұмыстарын  үнемі  жүргізу  керек.  Қазақ  тіліндегі  сөздер  көп  мағыналы  және 
синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, 

321 
 
оларды тиімді қолдана білуге үйрету студенттің тілдік қорын байытуда оң нәтижелер береді. 
Қазақ  тілінде  сөйлемде  сөздердің  орын  тәртібі  тұрақты  екенін  ескеріп,  берілген  сөздер 
арқылы  сөйлем  құрап  үйренуге  баулу  қажет.  Жалғау  түрлерін,  олардың  сөзге  беретін 
мағынасын  меңгеру  арқылы  сауатты  түрде  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  жеткізе  алу 
дағдыларын қалыптастыру.  Қазақ тілінде сөйлемді тиянақтап, айтылған, ойды тұжырымдап 
тұратын  сөйлем  мүшесі  –  баяндауыш,  баяндауыш  негізінен  етістіктен  болады.  Сондықтан, 
студенттерге етістіктің шақтарын, оның жасалу жолдарын меңгерту олардың өз ойын жүйелі 
түрде  жеткізе  алуына  негіз  болады.  Орыс  тілді  студенттерге  қазақ  тілін  үйретуде  пән 
бойынша жүргізілетін студенттің өзіндік ізденіс жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білудің де 
маңызы зор.  Қазақ  тілінен  өздік  жұмыстарын ұйымдастыру  студенттің  білімін  тереңдетуге, 
ой-өрісін  кеңейтуге,  олардың  тілді  үйренуге  ынтасын,  қызығушылық  сезімін  оятуға 
көмектеседі, олардың  жан-жақты қабілеттілігі мен шығармашылығын дамытады және алған 
білімдерін  іс жүзінде қолдана білуге жәрдемін тигізеді. Тіл   үйренуші аудиториядағы сабақ 
үстінде  ғана  білім  алып  қоймайды,  өзіндік  ізденіс  жұмыстарын  орындау  арқылы  да  білім 
деңгейін  кеңейтіп  отырады.  Студенттің  өзіндік  ізденіс  жұмыстарын  ұйымдастыру  мынадай 
мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: 
-  студенттердің  қазақ  тілінен  алған  теориялық  және  практикалық  білімдерін 
бағдарламадан тыс материалдармен толықтыра, жетілдіре түсу; 
-  қазақтың  әдеби  тілі  туралы,  оны  жасаған  халықтың  тарихы  туралы  қосымша 
әдебиеттермен таныстыру; 
-  қазақ  тілі  пәнінен  түрлі  үйірме,  пән  апталығы,  конкурстар  ұйымдастыру  және 
студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларда  баяндамалар жасату арқылы олардың 
тілді үйренуге деген белсенділігін арттыру. 
Студенттердің  өздік  жұмысын  жүргізу  барысында  мынадай  білімділік  дағдылар    іске  
асады: 
- өткен материалдарды бекіту, нығайту; 
- студенттердің алған білімін кеңейту және тереңдету; 
-  студенттердің  логикалық  ойлауын  дамыту,  жазбаша  және  ауызша  сөйлеу  тілін  қоса 
дамыту;  
-орфоэпиялық,  орфографиялық  және  пунктуациялық  білімдерін  қалыптастыру,  тілді 
үйрену қабілетін дамыту; 
-  орыс  тілді  студенттерге  тілдік  орта  жасау,  тілдік  ситуациялар  туғызу,  олардың 
қазақша сөйлеуіне толық жағдай жасау; 
-  студенттердің  қазақша  тілін  дамыту,  сөйлеу  белсенділігін  арттыру,  қазақша  сөйлеу 
дағдысын қалыптастыру. 
Студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  берілетін  тапсырмалардың 
тәрбиелік мәні де маңызды болуы қажет. Онда мынадай міндеттер қарастырылады: 
-  қазақ  мәдениеті,  салт-дәстүрі,  әдебиеті  жайлы  берілетін  тапсырмалар  арқылы, 
олардың қазақ халқына деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу; 
- қазақ тілінің байлығын таныстыру арқылы тілге деген қызығушылығын арттыру, тілге 
деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, оны қалыптастыру. 
Қазақ  тілі  пәні  оқытушысының  тілді  үйрету  ынтасы,  тапқырлығы  студенттің  өздік 
жұмысын  дұрыс  ұйымдастыруға  көмектеседі.  Студенттерге  өздік  жұмыстарының 
тақырыптарын  іріктеп  беруде  оны  сөйлесіп  үйренуге  қажетті  тілдік  материалдармен 
байланыстыруға  ұмтылу  қажет.  Сонымен  бірге  студенттердің  сұранысын,  қабілетін  есепке 
алып  отыруға  тиіс.  Студенттердің    өздік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мынадай  жұмыс 
түрлерін  жүргізуге  болады.  Оқу  жылының  басында,  студенттердің  тілді  білу  деңгейін 
анықтаған  соң,  олардың  тілді  меңгеру  дәрежесіне  қарай  әр  түрлі  тапсырмалар  ұсынылады. 
Силлабуста  аудиториядан  тыс  жүргізілетін  студенттердің  өзіндік  жұмыстарының 
тақырыптары беріледі. Бұл тақырыптарда қазақ халқының ұлы тұлғалары, олардың өмірі мен 
шығармашылықтары,  қазақтың  салт-дәстүрлері,  қазіргі  қоғамымыздың  даму  бағытындағы 
өзгешеліктері  жайлы  бағыт  ұсталынуы  тиіс.  Алайда  бұл  тақырыптарды  тілді  бастауыш 

322 
 
деңгейде  білетін  студенттердің  орындауы  қиындық  келтіретіні  даусыз.  Сондықтан,  бұл 
тақырыптар  тілді  біршама  меңгерген,  бірақ  сөйлеу  және  жазбаша  тілінде  кемшіліктер 
кездесетін студенттерге берілуі керек. Бұл жұмыс түрін ұсынудағы негізгі нысана: белгілі бір 
тақырыптарды  зерттеу,  саралау  барысында  студенттердің  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс 
істей білу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын тиянақты, тұжырымды жеткізе білуге үйрету. 
Мұнда  тапсырманы  міндетті  түрде  реферат,  шығарма  түрінде  ғана  жазу  көзделмеуі  керек, 
сол тақырып бойынша әдебиеттерден конспект жазу, тезис жаза білуге үйрету  басты нысана 
болмақ.  Бұл  жұмыстардың  нәтижесінде  студенттер  күрделі,  көркем  шығарма  жаза 
алмағанмен,  сол  тақырып  туралы  түсінігі  қалыптасты,  қазақ  тілінің  сөз  оралымдарына  көзі 
үйреніп,  сөйлемдегі  сөздердің  қолдану  мағынасы  жайлы  білімдері  кеңейеді.  Қазақ  тілін 
біршама  меңгерген  студенттер  берілген  тақырыпты  жақсы  аша  біліп,  өздерінің  әдебиетпен 
жұмыс  істей  алу  қабілеттерінің  қалыптасқанын  көрсете  алады.  Студенттерге  әр  түрлі 
тақырыпта қазақ мақал-мәтелдерін жаттатып, оның орыс тіліндегі ұқсас нұсқасын тапқызып 
үйрету,  олардың  тіл  байлығының  қалыптасуына  өз  ықпалын  тигізеді.  Студенттің  өзіндік 
ізденуіне  викториналық  сұрақтар  ойынын  ұйымдастыру  да  өз  әсерін  тигізеді.  Сұрақтарға 
дұрыс  жауап  беру  үшін  студенттің  көп  оқуы,  ізденуі  қажет.  Себебі  бұл  –  жарыс.  Мұнда 
студенттің логикалық ойлау қабілеті шыңдалады әрі өз ойын шапшаң жеткізу үшін сөздерді, 
сөз  тіркестерін  тиімді  пайдалану  дағдысы  дамиды.  Студенттердің  өзіндік  жұмыс  түрлерін 
ұйымдастыруда  басқа  да  жұмыс  түрлерін,  білім  берудің  көптеген  әдіс-тәсілдерін  қолдануға 
болады.  Бұл  үшін  қазақ  тілін  өзге  тілді  аудиторияда  жүргізетін  оқытушының  шеберлігі, 
ізденімпаздығы, ең бастысы, өз тіліне деген сүйіспеншілігі басты орында тұруы қажет. 
Педагогикалық  пәндерден  білім  беру  барысында  ұйымдастырылатын  өзіндік 
жұмыстың түрінің көптігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ мақсат – студенттердің кәсіби 
бағыттылығын қалыптастыру, құзырлылыққа жетуге талпыныс тудыру тұрғысында даярлау, 
кәсіптік  іс-шаралар  ұйымдастыруға,  оның  жүргізу  жолдарын  білуге,  орындаудың  әдіс-
тәсілдерін  меңгеруге  жаттықтыру  мәселелері  қарастырылады.  Өзіндік  жұмысты  орындауда 
студент  психологиялық  тұрғыдан  қызмет  атқарады.  Ол  әрбір  жағдаятты  түсіну,  қабылдау, 
сырттан  әсер  ететін  ақпараттарды  іріктеу,  өңдеу,  керегіне  қарай  жүйелеп  пайдалану 
жұмыстарын  атқарады.  Мұндай  жағдайда  оған  қабылдау,  еске  түсіру,  назар  аудару,  ойлану 
сияқты психологиялық үрдістер қатысады, ал бұндай жұмыстарды атқаруда студентке оның 
жігері мен шешімділігі көмектеседі. 
Студенттің  өздік  жұмысының  маңыздылығына  мән  беріп,  зерттеген  ғалымдар  С.И. 
Архангельский,  С.И.  Зиновьев,  Р.А.  Низамов,  В.А.  Сластенин,  Ж.Е.  Сәрсекеева,  С.Г. 
Тәжібаева,  Р.  Шаханова,  Н.  Шадиева  т.б.  өздік  жұмыстың  көп  аспектілі  құбылыс  екендігін 
айтады.  Қазіргі  білім  –  азаматтық  қоғамдағы  әлеуметтік  талаптарға  бағытталған  күрделі  де 
жан-жақты  қоғамдық  құбылыс,  оқыту  және  тәрбиелеу  түріндегі  педагогикалық  әрекеттің 
тұтас  жүйесі.  Кез  келген  кәсіптегі  маманды  қалыптастыруда  мамандыққа  сай  білім  алу 
қаншалықты  өткір  мәселе  болса,  “жеке  маман  тұлғаны”  өзіндік  дамытуда  оның 
шығармашылықпен іргетасын қалау соншалықты маңызды болмақ. 
Білім  жүйесінің  мазмұны  өмірдің  түрлі  жағдайларында  әрекет  ете  алатын  «тұлғаны» 
дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. 
Бірінші  кезекте  әлемдегі  болып  жатқан  өзгерістерге  байланысты  білім  жүйесін  ұлттық 
модульде  құру  және  ол  үшін  өркениетті  елдерде  берілетін  біліммен  ортақ  көзқарастарын 
табуға ұмтылу қажет. Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда 
жеке  басындағы  барлық  шынайы  жағымды  қасиеттерін  байқата  алатын  бүгінгі  студент, 
ертеңгі  маманды  тәрбиелеуді  талап  етеді.  Ал,  әлеуметтендіру  тәрбие  берумен  тікелей 
байланысты. 
Бүгінгі  күні  бүкіл  дүние  жүзілік  білім  беру  тәжірибесіне  жүгінетін  болсақ,  жылдам 
қарқынмен  оқыту  үрдісінің  сапалы  да  жемісті  жолы  аудиториялық  сабақтардың  көлемін 
тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік  жұмыстарына  уақытты көбірек  беріп, олардың 
шығармашылық қабілетінің өсуіне жағдай жасалуда. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын 
орындау  үшін  әр  студентке  оқу-әдістемелік  құралдарын  көрсетіп,  өздік  жұмыстарына 

323 
 
семестрдің  басында  дұрыс  тапсырма  беру  қажет,  соған  байланысты  әр  тапсырманың 
ұйымдастыру-әдістемелік  материалдары  болуы  тиіс.  Сонымен,  студенттердің  өздік 
жұмыстарының  ішкі  мазмұны  –  оқытушының  қатысуынсыз  немесе  көмегінсіз  дайындалу 
ғана  емес,  студенттің  әрекеті  алған  ақпаратты  өз  бетінше  қолдана  білу  функциясы  мен  сол 
қызметті  басқара  білу  функциясының  үйлесімділігінен  тұрады  немесе  олардың  өздерінің 
алдарына қойған мақсаттарына жету үшін  құрған амалдарын білдіреді десек те болады. 
Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты 
қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет: 
- әрбір оқытушының өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу; 
-  студенттің  актуальды  және  маңызды  даму  деңгейін  дәл  анықтауға  бағыт  беріп, 
болашаққа деген сенімін қалыптастыру; 
-  студенттің  әрбір  пәннің  мамандыққа  қатысты  мәселелерін  ынтымақтастықпен  шешу 
қабілеттерін дамыту; 
- студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға болып қалыптасу қасиеттерін санасына 
құйып, дүниетанымын кеңейту. 
 
 
         Әдебиет тізімі 
 
1. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен 
Қазақстан. -2003. -26 желтоқсан, -№ 332-333 (23632). 
2. Низамов Р.А. Дидактические основы активизации учебной деятельности студентов. – 
Казань: Изд-во Казанского университета, 1975. - 302 с. 
3.  Пидкасистый  П.И.  Процесс  и  структура  самостоятельной  деятельности  учащихся  в 
обучении: Дисс. док. пед. наук: 13.00.02. - М., 1973. - 263 с.  
4.  Ильясова  М.Т.  О  роли  кредитной  технологии  в  совершенствовании  учебного 
процесса  в  вузе  //  Қазақстан  Республикасында  жоғары  білім  беру  сапасын  жетілдіру  және 
дамыту  перспективаларының  өзекті  мәселелері:  Жоғары  оқу  орын  арал,  ғыл.-әдіст.  Конф. 
материалдары. 16 наурыз 2004. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – С. 301-302. 
 
В  статье  рассмотрены  основные  виды  работы  в  аудитории  при  кредитной  системе 
обучения 

самостоятельная 
работа 
студента 
с 
преподавателем 
(СРСП) 
и 
самостоятельная  работа  студента  (СРС).  С  помощью  самостоятельных  работ  студент 
приобретает  необходимые  знания,  развивает  умения  и  навыки  развития  квалификаций  и 
компетентностей,  учится  быть  активным  участником  в  учебном  процессе  и  быстро 
реагировать  на  поставленные  вопросы,  разрешать  различные  ситуации;  данные  виды 
работы  при  кредитной  системе  являютcя  основополагающей  формой  обучения, 
помогающей студенту сформировать своеобразный стиль и философию. 
 
The  article  describes  the  main  types  of  work  in  the  classroom  with  the  credit  system  of 
education - independent work of students with the teacher (IWST) and independent work of students 
(IWS). With the help of independent work the student acquires the knowledge and develops skills of 
qualifications  and  competences,  learning  to  be  an  active  participant  in  the  learning  process  and 
quickly respond to questions, resolve different situations; these types of work under a credit system 
yavlyayutcya fundamental form of learning, help students form a unique style and philosophy. 
 
 
 
 
 
 
                                                                 

324 
 
УДК 37.012:372.874 
Н.М. Стукаленко, И.В. Бурдыга  
Кокшетауский государственный университет им. Ш.Уалиханова 
Кокшетау, Казахстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет