Жеке программа түрінде бөлек жазылады, қажет кезінде оралуға болатын негізгі программаның арнайы бөлігі қосалқы программа деп аталады. Турбо Паскальда қайталанатын әрекеттерді қайта жазып көшіруге уақыт кетірмеу үшін қосалқы программалар ретінде функциялар мен процедураларды қолданады.
Паскаль тілінің барлық процедуралары мен функциялары екіге бөлінеді. Стандартты және тұтынушы өзі анықтаған бейстандарт топтар. Сандартты функциялар мен процедуралар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала нақтыланған түйінді сөздермен белгіленеді. Ал бейстандарт функция мен процедураларды әрбір программалаушы өзі жаңа атау беру арқылы анықтайды да, олар орындалатын әрекеттерден тұрады.
Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады.
Жазылу ережесі.
Procedure аты ( көрсетпелі параметрлер тізімі);
сипаттау бөлігі
Begin
Параметрлер бөлігі
end;
Жұмысының нәтижесі бір ғана мәнді анықтайтын оператор тізбегі функция деп аталады.