Аспан сферасының моделінде үлкен дөңгелектермен қатар, аспан экваторынан 230,261 жасай орналасқан 6 және 7 кіші дөңгелектер,яғни шырақтардың параллелі көрсетілген. Басқа аспан параллельдері көрсетілмеген. Шырақтардың параллельдерінің жазықтығы аспан сферасының центрі арқылы өтпейді, олар аспан экваторының жазықтығына параллель және әлем осіне перпендикуляр жүргізіледі. Аспан сферасының екі қондырма бекітілген, бірі- дөңгелек тәрізді Күннің моделі, екіншісі-жұлдызша тәрізді, бұлар аспан шырақтарын білдіреді және оларды аспан сферасы моделінің кез-келген дөңгелегі үстіне әкеліп қоюға болады. Тәуліктік айналым барысында аспан сферасының барлық нүктелері (қозғалмайтын нүктелерден басқасы) тәулігіне екі рет аспан меридианын қиып өтеді, бірінші рет – оның оңтүстік бөлігін, ал екінші рет – солтүстік бөлігін (әлемнің солтүстік полюсімен солтүстікке қарай PP1 доғасы). Шырақтардың бұл аспан меридианын қиып өту құбылысын оларға сәйкес жоғарғы және төменгі кульминация деп атайды.
Аспан сферасы элементтерінің жер бетінің дөңгелектерімен нүктелеріне ұқсас екендігін айта кеткен жөн болады. Ол үшін аспан сферасының радиусын өте үлкен, бірақ шексіз емес деп қарастырайық. Бұл жағдайда Жер бетінің бір нүктесінде С- нүктесінде орналасқан, Зенит бағыты сақталған деп санауға болады. Олай болса 0 - салмақ сызығы СО- Жер радиусының жалғасы болып саналады. Ноль нүктесінде тұрған бақылаушы үшін (Жерді шар тәрізді деп аламыз), PP1- әлем осі Жердің – рр- айналу осімен, әлемнің полюстері р және р1 сәйкес келеді. Шын горизонт жазықтығы бақылаушы орналасқан 0 нүктесіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады. Осыған байланысты аспан меридианы, зенит, надир және шын горизонт бақылаушыға қатысты қозғалмайтын сияқты болып көрінеді, олар жер осімен бірге айнала қозғалып жүреді.
Шоқжұлдыз дегеніміз –аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.
Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.