ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Алматы 2022
АСПАН СФЕРАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Аспан сферасының негізгі элементтері мен тәуліктік айналысын оның моделі арқылы зерттеп, үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: аспан сферасының моделі, қара глобус, жұлдыздардың жылжымалы картасы.
Аспан сферасының негізгі элементтері (2-суретте) көрсетілген модельдің көмегімен оқып үйренуге болады. Аспан сферасының моделі бір-біріне ендірілген бірнеше сақиналардан тұрады. Аспан меридианын білдіретін I-сақинаға PP1-әлем өсі мықтап бекітілген, осы ось бойынша аспан сферасы айнала қозғалады. Бұл ось аспан меридианын Р және Р1 нүктелерінде қиып өтеді, соған сәйкес P- нүктесін әлемнің солтүстік полюсін, P1- нүктесін әлемнің оңтүстік полюсі деп атайды. 8- металдан жасалған дөңгелек шын горизонт немесе математикалық горизонт деп аталады, сондықтан модельмен жұмыс жасағанда оны горизонталь бағытта орналастыру қажет. Әлем осі мен математикалық горизонт арасындағы бұрыш- бақылаушының орнына қатысты географиялық ендігін білдіреді де, II-винттің көмегімен бекітіліп, 8-математикалық горизонт I- сақинаны бұрау арқылы 9-қойылымға бекітіліп 10 қысқыш арқылы орналастырылған.
Аспан меридианын білдіретін I дөңгелектен, 4- аспан экваторы, 5- эклиптика, 2 және 3 бұрылу дөңгелектері мен 8- шын горизонт аспан сферасының үлкен дөңгелектері болып саналады да олардың жазықтықтары центірінде бақылаушы орналасқан (ойша алынған)- модельдің 0- центрі арқылы өтеді. Шын горизонтқа перпендикуляр жүргізілген 0- центрі арқылы түзу аспан меридианын зенит деп аталатын нүктеде және бақылаушының аяқ жағында орналасқан надир деп аталатын нүктелерден қиып өтеді, бұл түзуді салмақ сызығы не тіктеуіш деп атайды. Аспан меридианын зенит бөлігінде жылжымалы рейтер 12 және онымен бірге еркін қозғалып жүрген 13- доға айналыптұрады, оның жазықтығы да аспан сферасының центрі арқылы өтеді. 13 доға шырақтың вертикалын білдіріп, аспан шырақтарының горизонталь координатасын демонстрациялауға мүмкіндік береді.