Проф. В. Ф. Бырька атныдағы өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасы Phd смағұлова Қ.Қ



бет4/9
Дата27.11.2023
өлшемі2,2 Mb.
#130203
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Зертханалык жумыстар 1-7

Жұмысты жасау кезеңдері:
1. Оқытушының басшылығымен қауіпсіздік техникасымен танысу.
2. Нұсқаулықтан кейін қауіпсіздік техника журналына қол қою.
3. Оқытушының басшылығымен зертханалық стендтерге берілетін жұмыс кернеулерді беру әдістеріне, элементтерді таңдау амалдарына үйрену.
Осы жұмыс бойынша студенттерден қауіпсіздік техникасы туралы ауызша сұрауға болады (есеп беру орнына).

Бақылау сұрақтары


  1. EWB 5.12 программасының қандай қасиеттерін және мүмкіншіліктерін білесіз?

  2. Жұмыс өрісінің құрамы және қасиеттері туралы айтыңыз.

  3. Схеманы әзірлеу және жинау технологиясы туралы түсініктеме беріңіз.

  4. Electronics Workbench-тің қандай компоненттерін білесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Панфилов Д.И., Чепурин И.Н., Миронов В.Н. и др. Электротехника и электроника в экспериментах и упражнениях: Практикум на ElectronicsWorkbench: В 2-х т. / Под общ. ред. Д.И. Панфилова – Т.1: Электротехника. – М.: ДОДЭКА, 1999. – 304 с.
2. Карлащук В.Л. Электронная лаборатория на IBM РС. Программа ElectronicsWorkbench и ее применение. – М.: Солон-Р, 2000. – 506 с.
3. Карлащук В.Л. Электронная лаборатория на IBM РС. Лабораторный практикум на базе ElectronicsWorkbench и МАТLAB. 5-е изд. – М.: СОЛОН- Пресс, 2004. – 800 с.: ил.

3 зертханалық жұмыс. Диодтардың және стабилитрондардың р-n ауысуының вольт-амперлік сипаттамаларын зерттеу




Жұмыстың мақсаты:
Нақты берілген элементтің р-n ауысуының сипаттамаларын зерттеу. Кернеуді түзету схемаларында техникалық параметрлері бойынша осы элементті қолдану.


Жұмысты жасау кезеңдері:
Жұмысты оқу стендінде немесе ПЭЕМ-де «Electronics Workbench» программасында өлшеу аспаптары арқылы жасауға болады. Оқытушымен берілген элементтің вольт-амперлік сипаттамасының (әрі қарай ВАС) тік және кері тармақтары табылады. Берілетін кернеуді өзгертіп, р-n ауысуынан өтетін токты анықтау қажет. Суретте ВАС-тың тік және кері тармақтарын табу үшін арналған схемасы бейнеленген. 1 кОм-ға тең кедергісін тізбекті түрде кернеу көзіне қосу керек.



1 – сурет -ВАС-тың тік және кері тармақтарын табу схемасы

Табылған мәлімдерді 1 - кестеге жазып, тік тармағында кернеудің қадамын 0,1 В-қа өзгерту керек, ал кері тармағында қадамы 10 В-қа өзгертуге тиіс болады. Кері тармақты алу үшін кернеу көзінің полярлығын айырбастауы қажет. ВАС-тың тармақтарында 6-10 нүктелер болу керек және р-n ауысуынан өтетін ток 10 мА-ден аспауы қажет.


1 - кесте - р-n ауысуының сипаттамалары



ВАС-тың тік тармағы

ВАС-тың кері тармағы

Uд , В

Iд ,

Uд , В

Iд ,











ВАС-ты автоматтандырылған әдісі бойынша табуға үйрену үшін 2 -суретте көрсетілген схеманы жинап қосу керек. Ол үшін генераторға параметрлерді қойып осциллографта нәтижесін график түрінде көруге болады.




2 – сурет -ВАС-ты автоматтандырылған әдісі бойынша табу схемасы


3 - суретте көрсетілгендей графикті шығарып, анықталған мәлімдерді есеп беру құжатына жазуы қажет.





3 – сурет -Генератордың және осциллографтың параметрлері

Нақты берілген ВАС учаскісінде тіктік былай анықталады:


S=  .
S =   = 20  .
Нақты берілген ВАС учаскісінде ішкі кедергі былай анықталады:
R =  . R= 0,05  .
Кестедегі мәндер бойынша ВАС-тың суретін салып, келесілерді анықтау керек:
- ток 100 мкА-ге тең болғанда р-n ауысуының ашылу кернеуін анықтау;
- ток 1мА-ге тең болғанда р-n ауысуының тесіп өту процесі қайтадан қалпына келтіру кернеуін анықтау;
- ток 1-5 мА тең болғанда ВАС-ның тіктігін анықтау;
- кері тармақта ток 1-5 мА тең болғанда р-n ауысуының ішкі кедергісін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет