№ 4 зертханалық жұмыс. Биполярлық транзистордың кіріс және шығыс сипаттамаларын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Ортақ эмиттермен қосылған биполярлық транзистордың ВАС-ын зерттеу және негізгі параметрлерін анықтау.
Жұмысты жасау кезеңдері:
Жұмысты оқу стендінде немесе ПЭЕМ-де «Electronics Workbench» программасында өлшеу аспаптары арқылы жасауға болады. Оқытушымен берілген элементтің кіріс және шығыс сипаттамалары зерттелініп ВАС-ы табылады.
Зертханалық жұмыс екі кезеңдерден тұрады:
- коллектор-эмиттердің кернеулері UКЭ = 0 және UКЭ = 10 В тең болғанда база-эмиттердің Iб (Uбэ) вольт-амперлік сипаттамасы табылады;
- база тогы 0,1 мА; 0,5 мА; 1 мА тең болғанда транзистордың шығыс сипаттамалары табылынады.
Транзистордың кіріс сипаттамаларын табу үшін аспаптарды қосу схемасы 4 - суретте көрсетілген.
4 – сурет -Транзистордың кіріс сипаттамаларын алу схемасы
Жұмыстың бірінші кезеңінде база-эмиттерде кернеуді өзгерту қадамы 0,1 В деп алынады. Табылған база тогы 1 мА-ден аспауы қажет және сол мәндерді 1- кестеге енгізу керек.
1 - кесте – Транзистордың сипаттамалары
E1 |
0
|
0.1
|
0.2
|
0.3
|
0.4
|
0.5
|
0.6
|
0.7
|
0.8
|
0.9
|
1.0
|
Iб
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ik
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 – кестенің жалғасы
|
=
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ВАС-да 6-10 нүктелер болу керек, сондықтан параметрлер өзгеру қадамы дұрыс таңдалуы қажет. Алынған мәлімдермен ВАС-тың тік тармағы салынады (тұрақты Uкэ=10В-тағы транзистордың Iб –ның Uбэ –нан тәуелділігі).
Кейін келесілерді анықтау керек:
- ток 10 мкА –тең болғанда ауысудың ашылу кернеуін анықтау;
- коллектор-эмиттердің түрлі кернеулеріндегі ВАС-тын жылжу бағытын анықтау.
Жұмыстың екінші кезеңінде транзистордың базасына кедергісі 100 кОм –ға тең тұрақтандыратын резистор қосылады. Базаның қоректендіру көзінің кернеуін өзгерту арқылы база тогын 0,1 мА ; 0,5 мА и 1 мА-ге тең береді.
Транзистордың шығыс сипаттамасын табу үшін 5 - суретте қосу схемасы бейнеленген.
База тогы 0,1 мА; 0,5 мА және 1 мА-ге тең болғанда әрқайсысының мәндерін бөлек табады (коллектор тогы және коллектор-эмиттер кернеуі). Егер кернеу 1В-тан төмен болса коллектор-эмиттердегі кернеу өзгеруінің қадамы 0,2 В-қа тең қылып аласыз, ал кернеуі 1В-тан асса коллектор-эмиттердегі кернеу өзгеру қадамын 1 В-деп аласыз.
Табылған мәлімдер 2 - кестеге енгізіледі, сол мәлімдер арқылы транзистордың вольт-амперлік сипаттамалары жасалынады. Коллектор -эмиттер кернеуі 10 В-қа тең және база токтары 0,5 мА; 1,0 мА-тең болғанда ВАС арқылы транзистор тогының динамикалық және статикалық күшейту коэффициенттері анықталады.
5 – сурет - Транзистордың шығыс сипаттамаларын алу схемасы
2 - кесте - Транзистордың шығыс сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |