Профессора рузуддинова


Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз



бет6/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

7 Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Сатушылар.
В) Сатушыға.
С) Сатушымын.
D) Сатушым.
E) Сатушысыз.
8.Сын есім нені білдіретінін белгіле:
а)заттың қимыл-әрекетін
б)заттың сынын
в)заттың ретін
г)заттың атын


9.Сын есімнің сұрақтары:
а)қандай?қай?
б)кім?не?
в)кімдер?нелер?
г)қайдан?


10.Дара сын есім:
а)үлкен-кіші
б)жасыл
в)қызыл күрең
г)қызыл ала


Жауаптары
1. A
2. В
3. Д
4. В
5. C
6. С
7. А

5.1. Тақырып № 3 Кәсіпкерлік – шеберлік.
5.2.Мақсаты: : Алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері: . Кәсіпкерлік істі субъектілері жеке адам да, әріптестер бірлестігі де бола алады. Кәсіпкердің мақсаты — пайда табу.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Қоғамдағы экономиканы дамытудың қозғаушы күші — не?
2. Қызметкерлердің сапалы еңбек етуі неге байланысты?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Кәсіпкер — өзін де, басқаларды да өз бетінше табыс тауып, күн көруге ‹ұйымдастыра алатын, басқару қабілеті ерекше тұлға. Ол — еңбек пен өндіріс ‹құралдарын, материал мен қаржыны дұрыс пайдаланып, табыс табатын, шаруашылына инновациялы өзгерістер енгізуге епті, іскер маман. Кәсіпкер — жағдайы төмен адамдарға демеушілік көрсететін, қоғамға пайда келтіретін меценат әрі еңбеккер.
Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар. Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет