5.3. Оқыту міндеттері: . Кәсіпкерлік істі субъектілері жеке адам да, әріптестер бірлестігі де бола алады. Кәсіпкердің мақсаты — пайда табу.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. Табыс табудың тетігі — не?
2. Қоғамдағы экономиканы дамытудың қозғаушы күші — не?
3. Қызметкерлердің сапалы еңбек етуі неге байланысты?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок Қазақстан әлемдегі тауар экспорттаушы елдер арасында 43-ші орында тұр. Қазақстандағы экспорт көлемі ішкі жалпы өнімнің 37 пайызын құрайды. Қазақстан бірқатар өнім түрлерін экспорттауда жетекші орындарға шықты. Уран экспорттаудан 1-орынға, ұн экспорттаудан 2-орынға, мұнай экспортынан 9-орынға, бидай экспортынан 10-орынға ие болды. Қазақстан әлемнің 119 еліне өнім экспорттайды. Қазақстандық экспорттың 57 пайызы Еуропалық одақтың (44,4 миллиард доллар), 18 пайызы әлемнің басқа елдерінің (14,1 миллиард доллар), 13 пайызы Қытайдың (9,8 миллиард доллар), 7 пайызы Кеден одағының (5,2 миллиард доллар), 6 пайызы ТМД-ның басқа елдерінің (4,6 миллиард доллар) үлесіне тиеді. Соның ішінде, шикізат өнімдері негізінен алыс шетелдер мен Қытайға, өңделген өнімдер Кеден одағына, Орталық Азия, Кавказ, Иран және Ауғанстан елдеріне экспортталуда. Қазақстандық көптеген дайын тауарлар үшін Кеден одағы негізгі өткізу рыногы болып табылады. Айналмалы темір сақиналардың 95 пайызы, мыс сымдардың 93 пайызы, аккумуляторлардың 85 пайызы, металл құбырлардың 78 пайызы, кондитерлік бұйымдардың 55 пайызы, портландцементтің 49 пайызы, трансформаторлардың 47 пайызы осы рынокқа экспортталуда. Қазақстандық экспорт өнімдерінің номенклатурасы 2008 жылғы 880-нен 2014 жылы 950-ге өсті. Қазақстан астығы әлемнің көптеген елдеріне белгілі брендтік өнімдердің біріне айналуда. Бірқатар елдер оның сапасын жоғары бағалап отыр. Қазақстан астығынан жасалынған ұнды өздерінде шығатын астық ұнымен араластыра отырып, нан-тоқаш өнімдерінің сапасын көтеру үшін пайдаланады. Индустрияландыру бағдарламасы іске қосылғаннан бері қазақстандық экспорттарды жарнамалау бағытында әлемнің 14 елінде 31 көрме мен жәрмеңкелер, басқа да сауда қызметтері ұйымдастырылды. 90-нан астам арнаулы шаралар өткізілді. Оған 150-ден астам отандық компаниялар қатысты. 60-тан астам отандық компанияның қатысуымен шетелдерде 14 ұлттық стендтер ұйымдастырылды.
1-тапсырма Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты кесте бойынша бөліп жаз.