Профессора рузуддинова


Жауаптары 1. D 2. D 3. E 4. C 5. E 6. D 7. D 8. C 9. C 10. E 5.6 Әдебиеттер



бет53/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

Жауаптары
1. D 2. D 3. E 4. C 5. E 6. D 7. D 8. C 9. C 10. E


5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. 1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1



5.1. Тақырып №34 Жұмыс табу – мәселе. Сан есім
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің түрлері
3. Жұмыс дегеніміз не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.
Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сан есім; 2) күрделі сан есім.
1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы, үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.
2. Күрделі сан есім:
а) екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуіненжиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т.б.
ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынанекі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.
б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан
есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан – тоғыз он.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет