10.Тәуелдік жалғауы бар қатарды көрсетіңіз. А)-ым,-ім,-ың,.. В)-лар,-лер,-дар,…
С)-ның,-нің,-дың,… Д)-бын,-бін,-мын,..
Жауаптары: 1. Д 2. А 3. А 4. А 5. Д 6. А 7. А 8. Е 9. В 10. А
5.1. Тақырып №33 Жұмыс және табыс.
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. Табыс дегеніміз не?
2. Жұмыс дегеніміз не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок Табыс, Түсім – шотқа түскен ақша. Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды. Түрлері:материалдық табыс – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс – бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы – шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы – мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат
Жұмыс, экономикада – 1) адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің жалпылама атауы, еңбек. Сипатына, орындалатын уақытына, т.б. қарай Жұмыс бірнеше түрге бөлінеді: беймезгіл жұмыс – белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс мерзімде атқарылатын еңбек. Еңбек заңнамасында мұндай Жұмысқа рұқсат етілетін айрықша жағдайлар тізбесі көзделген. Өзге жағдайда әкімшіліктің оны енгізуге құқығы жоқ. Беймезгіл Жұмысқа көтеріңкі мөлшерде ақы төленеді.