Призманың бүйір бетінің ауданы оның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысына тең немесе табанының периметрі мен биіктігінің көбейтіндісіне тең:
5.6 Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1. Шыныбеков Е.Н., Шыныбеков Д.Ә., Жумбаева Р.Н. Геометрия, Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Атамұра баспасы Алматы 2020
2. Смирнов В.А., Тұяқов Е.А., Геометрия, Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Мектеп баспасы Алматы 2019
3. Солтан Г., Солтан А., Жумадилова А., Геометрия, Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық, Келешек-2030 баспасы 2020
4. Гусев В., Қайдасов Ж., Есенғазин Е., Геометрия, Есептер жинағы, 11 сынып, 2015ж
5.7. Бақылау сұрақтары (кері байланыс): 1. Егер кубтың барлық қырларын 3 есе арттырса, онда оның толық бетінің ауданы неше есе артады?
2. Бір төбесінен шығатын қырлары сәйкесінше 5 см, 4 см, 3 см болатын тікбұрышты параллелепипедтің толық бетінің ауданын табыңдар:
3. Барлық қырлары 1 см-ге тең болатын дұрыс үшбұрышты тік призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
4.Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см, ал биіктігі 14 см.Призма диагоналын тап.
5.Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналы 2см және табанына 30 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын тап.
ПРОФЕССОР РУЗУДДИНОВТЫҢ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ