3 – дәріс Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидалары
Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық қағидалары
Педагогиканың жаңашыл заңдары
Математиканы оқыту әдістері және жіктелуі
Проблемалық оқыту
Бағдарламалық оқыту
Математикалық модельдеу
Аксиоматикалық әдіс
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
Дидактика (didacticos – оқыту) білім беру және оқыту теориялық қарастыратын педагогиканың бір саласы. Дидактика пәніне оқытудың принцпі мен мақсаты заңдылықтары, білім біру мазмұнының ғылыми негізі, әдістері, оқыту түрлері мен құралдары жатады.
Дидактика міндеттері: оқыту үрдісін сипаттау эәне түсіндіру, оны іске асыру шарты; оқу үрдісін жаңашалау, жаңа оқу жүйелері мен технологияларды жасау. Оқыту қағидасы – дидактикалық үрдісті ұйымдастырып және іске асыруға қойылатын нормативтік талаптар мен жетекші идеялалар. Олар оқу үрдісін реттейтін жалпы нұсқау, ереже, нормаларымен сипатталады.
Оқыту қағидасы – оқу үрдісін сапалы және тиімді дамытуды қамтамасыз ететін басты талаптар жүйесін сақтауға негізделген. Математикалық оқытудың дидактикалық қағидалары мағынасы бойынша математикалық оқытуды қанағаттандыратын бірінғай талаптар жиынтығымен сипатталады және төмендегі принцптерге сүйенеді: ғылымилық, тәрбиелік, көрнекілік, түсініктілік, танымдылық және белсенділік, беріктілік, жүйелілік, бірізділік, жас ерекшелікті ескеру т.б
Математикалық білім тұжырымдамасының негізі төмендегі қағидаларға сүйенеді:
ғылымилық;
бірізділік;
танымдылық және белсенділік, дербестігі;
түсініктілік;
көрнекілік;
мектептің барлық сатыларында математикалық үздіксіздігі мен жалпылылығы;
білім мазмұнының ұйымдастыру әдістерінің түрі мен оқыту сабақтастығы;
жүйелілік және бірізділік;
математикалық білімдер жүйесі;
математикалық білім беруді дифференциялдау, дербестендіру және математиканы оқу деңгейін еркін таңдай алу шартын туғызу;
ізгіліктілік;
тәрбиелік функциясын арттыру;
математиканың практикалықбағыттылығы;
оқыту әдістерін қамтамасыздандыруды қолдану;
оқытуды компьютрлендіру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |