Кіріспе
Қазіргі әлемге жылдам өзгерістер, жаһан-
дық тұрақсыздық, әртүрлі сын қатерлер
тән.
Бұл ақпарат кеңістігінде еркін таралып,
әлеуметтік желілер арқылы балалардың сана-
сын жаулауда. Интернет кеңістігі баланың тәр-
биесі мен мінез-құлқына, әдебіне әсер етіп, түр-
лі субмәдениеттердің белгілі бір басымдыққа
ие болуына әкеп соқты. Қазақстан Респуб-
ликасының Стратегиялық жоспарлау және ре-
формалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
жариялаған мәліметтерге назар аударсақ, кәме-
летке толмағандар арасында ұрлықтың, зорлау
және зорлауға оқталу фактілерінің артып келе
жатқандығын байқауға болады.
Аталған проблемалардың туындауы-
на ықпал ететін көптеген себептер
мен салдарлар бар.
Мысалы, Интернеттің
ашықтығы, кез келген ақпараттың жылдам тара-
луы, бала қарайтын видео контенттердің фильтр-
лерден өткізілмеуі, ата-аналардың жұмыс пен
отбасылық өмір арасындағы үйлесімділік пен
тепе-теңдікті сақтамауы бала тәрбиесіндегі жү-
генсіздіктің орын алуына ықпал етті. Осындай
сын-қатерлерді түбірімен жою мүмкін емес,
деген мен оған тосқауыл болу қажет. Сол себепті
ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық
мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Ота-
нын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына
серпін беретін, терең білімді, озық ойлы, адал
және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелеу
мәселесі өзекті.
Достарыңызбен бөлісу: