ТӘРБИЕНІҢ
ҮЗДІКСІЗДІГІ
Туғаннан 6 жасқа дейінгі
бала тәрбиесі
Туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың
ерекшелігі
Ата-ананың сүйіспеншілігіне ерекше құштар, айнала-
сындағыларды ұстап көру арқылы тануға бейім. Дербес,
тәуелсіз әрекет етуге ұмтылады, байқап көруге қызығу-
шылық танытады. Көргенін қайталайды. Баланың
дамуына ата-ананың тікелей ықпал ететін кезеңі.
Жетекші әрекет – ойын
Ойын арқылы үйрету, тәрбиелеу.
Ұсынымдар:
• Бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы
және басқа да балалардың тілдік қарым-
қатынас жасауына қолайлы халық ауыз
әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі
бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі
қолдану;
• Балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында
оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас
аралығындағы бөбектерге бесік жырын
(басқа да балаларға арналған жағымды
әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан
балаларға мейірімділік пен жақсылықты
дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;
• Балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің
ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары
мен іс-шараларын жүзеге асыру;
• Балалардың жас ерекшелігіне, қызығу-
шылығы мен қажеттілігін ескере отырып
ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорт-
тық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі
қолдану ұсынылады.
Бала табиғатының сүйетіні: жүру, жүгіру, ойнау. Баланың
ойыны да – ойын, жұмысы да – ойын, бәрін ойын үстінде,
ойын үшін істейді.
Нәзипа Құлжанова
15
6-10 жастағы бала
тәрбиесі
6-10 жастағы балалар жаңаны үйренуге ашық, білуге
құмар, білім алуға ерекше ынталы. Берілген тапсырманы
дұрыс орындауға тырысады, кез келген әрекетті шын
ниетімен орындауға ұмтылады, жан-жануарларға,
табиғатқа қамқорлық танытуға белсенді, өзінен кіші
балаларға мейірімділік көрсетуге бейім.
Достарыңызбен бөлісу: |