Пәннің міндеттері - параллелизмнің жетістікке жетудің тәсілдерін меңгеру, ПЕЖ-нің мысалдарымен танысу, параллель есептеулер жүйелерінің классификациясы және ПЕЖ-де мәліметтерді берудің типтік топология жүйелері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
4 Пререквизиттер және постреквизиттер
4.1 Пререквизиттер
Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет:
Алгоритмдер және алгоритмдік тілдер;
Жүйелік бағдарламалау;
Дербес компьютердің архитектурасы;
Компьютерлік желілер;
Сандық әдістер.
4.2 Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта
Объектілі бағытталған программалау;
Интернет үшін программалау пәндерін меңгеруде қажет.
5. Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар
Студент түсінуі керек:
есептеу жүйелерінің программалық жабдықтарының құрамын параллель өңдеу құралдарымен оқытуды;
жоғары деңгейлі программа тілдерінің класстарын;
білу керек:
параллельді компьютерлердің негізгі модельдері;
мәліметтерді параллель өңдеудің негіздері;
әр түрлі деңгейлерде программа құралдарының синхронизациясы;
мәліметтерді параллель өңдеудің негізгі алгоритмдері.
қолдана білу:
параллель алгоритмдерде қолданатын программалық жабдықтарды,
распараллельді программалау тілдерін,
тәжірибешілік дағдыларды меңгеру:
компьютерлік құралдарды қолдана отырып параллельді программалауға
мәліметтерді параллельді өңдеуге.
құзыретті болу:
MPI, OpenMP, PVM, MATLAB ортасында және де басқа технологиялар арқылы құрастыру мен программалау;
Достарыңызбен бөлісу: |