Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет12/28
Дата06.01.2022
өлшемі382,5 Kb.
#14761
түріПрограмма дисциплины
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
10-тақырып. Бастауыш, баяндауыш және олардың зерттелуі.

Мазмұны: Бастауыш, оның зерттелуі. Логикалық, грамматиалық бастауыштар, айырмашылығы. Бастауыштың негізгі қасиеттері. Бастауыштық топ (рема) оның көрінісі. Бастауыштың сөйлемдегі орны. Бастауыштық тұлға: нөлдік, көптік, тәуелдік жалғаулы түрлері мен септік жалғаулы сөз бен көмекші сөз топтары. Бастауыштың сұраулары. Бастауыштың түрлері. Бастауыштағы жақтық көрініс. Бастауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөздердің бастауыш қызметінде жұмсалуы, ерекшеліктері: а) зат есім мен есімдік; ә) заттану арқылы сын есім, сан есім, есімдіктер, қимыл есімі, үстеу. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштар, түрлері, олардың тұлғалық ерекшеліктері. Негізгі сөз бен көмекші есім, негізгі сөз – көмекші етістік, негізгі сөз – модаль сөздер, негізгі сөз – шылаулар, негізгі сөз - әртүрлі көмекші сөздер (жақ, т.б.). Жеке дыбысты бастауыштар, қысқарған сөзді бастауыштар, бір сөздің қайталануы арқылы бастауыштар. Сөйлемнің бастауыш қызметінде жұмсалуы, әртүрлі сөз тапты бастауыштар. Бастауыштың құрамы (дара, күрделі, үйірлі бастауыштар). Бастауыштың аясының кеңеюі (тілдік экономия, тілдегі басы /изобыточность/ артық сөздер). Бастауыштың басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процесі, керісінше.

Баяндауыш, оның зерттелуі, бастауышқа қатысы. Баяндауыштың негізгі қасиеттері. Баяндауыштық топ (рема). Баяндауыштық тұлғалар. Етістікті баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: бұйрық рай, жіктік жалғауы, есімше формасы, шартты рай, қимыл есім, негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер, көнеленген баяндауыштық. Есімді баяндауыштардың тұлғалық ерекшеліктері: нөлдік форма, септік жалғаулы, көптік жалғаулы, жіктік жалғаулы түрлері, -ныкі, -нікі қосымшалары арқылы. Құрама баяндауыштар. Баяндауыштың сұраулары. Баяндауыштың жасалу жолдары, семантикасы. Негізгі сөзді баяндауыштар: негізгі сөздер мен көмекші сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Негізгі сөз – көмекші есім, негізгі сөз – көмекші етістік, негізгі сөз – модаль сөздер, негізгі сөз – шылаулар, жеке дыбысты баяндауыштар, қысқарған сөзді баяндауыштар, бір сөздің қайталануы арқылы жасалған баяндауыштар, сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы, бар, жоқ сөздерінң баяндауыш қызметінде жұмсалуы, модаль сөзді баяндауыштар, -ныкі, -нікі қосымшалы баяндауыштар. Әртүрлі сөз тапты баяндауыштар. Баяндауыштың құрамы (дара, күрделі) түрлері: етістікті, есімді, құрама, үстеулі, еліктеуіш, модаль сөзді және бар, жоқ сөзді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет