Әдебиет: [Воропаев В.В., Пушкин С.А., Хомяк П.А. Краткий курс гимнастики …..]. Тақырып 8. Дененің және оның бөлек мүшелерінің негізгі қалыптары
Дәріс тезистері: Гимнастика сабақтарында дене мүшелерінің әртүрлі қозғалыстары пайдаланады. Олар бұлшық еттердің әртүрлі ширағуымен(күш салумен), түрлі-түрлі жылдамдықпен және амплитудамен орындалады. Дененің және оның бөлек мүшелерінің негізгі қалыптары, қарапайым қозғалыстары және олардың үйлесуі бастаушы сыныптардан бастап оқытылады
Әдебиет: [Смолевский В.М. Гимнастика и методика преподавания. – М. : Физкультура и спорт, 2007. – 305 с Тақырып 9. Асылу және таяну қалыптарын оқыту
Дәріс тезистері: Оқушыларға асылу және таяну қалыптарын оқыту кезінде, олар гимнастикалық құралдағы жаттығулардың орындау техникасының негіздерімен танысады (асылу және таяну қалыптары, осы жаттығулардың бастапқы қалыптары болып табылады) және өрмелеу, кедергілерден өту жаттығулардың техникасының элементтерін меңгеріп алалады. Асылу және таяну қалыптардағы жаттығулар негізгі бұлшық ет топтарының күшін дамытудың өте тиімді тәсілі болып табылады.
Әдебиет: [Журавин М.Л., Загрядская О.В., Казакевич Н.В. Гимнастика. – М. : «Академия», 2013. – 448 с...]. Тақырып 10. Қолданбалы жаттығулар
Дәріс тезистері: Қолданбалы жаттығулар өмірде қажетті дағдылар мен ептіліктерді қалыптастырудың, дене қасиеттерін дамыту мен жетілдіру және қолданбалы – кәсіптік дайындығының тиімді тәсілі болып табылады. Қолданбалы жаттығулардың салыстырмалы қарапайым қозғалыс құрылымына байланысты, олар оқушылардың әр контингентіне қолайлы.
Әдебиет: [Смолевский В.М. Гимнастика и методика преподавания. – М. : Физкультура и спорт, 2007. – 305 с
Тақырып 11. Акробатикалық жаттығулар
Дәріс тезистері Акробатикалық жаттығулар шұғылданушылардың ағзасына жан- жақты әсер тигізеді. Олар күш тәрбиелеуде, қозғалыстың жылдамдығын және дәлдігін дамытуына мүмкіндік туғызады, вестибюляр аппаратты үлкен машықтану әсер тигізіп тепе-теңдік сақтау міндетті жетілдіреді.