Программа Форма ф со пгу


- тақырып. Дыбыстар тіркесі



бет16/31
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146267
түріРабочая программа
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
7- тақырып. Дыбыстар тіркесі.
Дыбыстар тіркесі – тілдің дамуының көрсеткіші. Фонетикалық заңның дыбыстар тіркесінен туындайтыны. Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы. Жазу, айтудың арақатысын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі. Дыбыстар түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында тіркесуіндегі ерекшеліктер. Дауыстылардың буын түрінде тіркесуі. Үнді дыбыстардың тіркесуіндегі ерекшеліктері. Қатаңдардың тек қатаңдармен, ұяңдардың ұяңдармен ғана тіркесу себептері. Қатаңдардың өзара тіркесуінде кездесетін ерекшеліктер. Ерме дауыссыздар, оның себебі. Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар. Сөз (буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер. Шәлкес тіркестер. Олардың пайда болу жолдары. Табиғи тілге етер ықпалы. Қайталама дыбыстар. Олардың түбірде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында қолдануындағы ерекшеліктер. Үш дыбысты тіркестер.
8- тақырып. Дыбыстық құбылыстар.
Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себебі. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылыстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.
9- тақырып. Буын, бунақ, екпін.
Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы. Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысуы туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы. Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жаба, аша сөйлеудің туындайтын ерекшеліктер. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет