Программа Форма ф со пгу


- тақырып. Дыбыс үндестігі



бет18/31
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146267
түріРабочая программа
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
12- тақырып. Дыбыс үндестігі
Бейімдестік (аккомодация) –дауысты дыбыстардың өзара тіл табысуы, үндесуі. Дауыстылардың әркез дауыссыздардың игеріп тұратыны. Дауыссыздардың да ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ, к, п) қатаңдарының алмасуға бейімділігі. Бұл қасиеттің т,с,ш ерме қатаңдарында жоқтығы, оның себебі. Бейімдестік кезінде қысаңдардың түсіп қалу құбылысы. Кейбір етістіктердің соңындағы езулік ы, і қысаңдарының у жұрнағының еріндікке айналуы. Кейбір п-ға аяқталатын етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда у-ға айналу себебі. Сөз соңындағы қатаң қ,к,п-ның дауысты ықпалына илікпейтін тұстары, себебі. Үйлестік (ассимиляция) –дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үндесіп, тіл табысуы. Ілгерінді ықпал кезіндегі алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяңның келу себебі. Қатаңдардың өзара үйлесімі кезінде болатын дыбыстық өзгерістер: кқ, сш, шс, тш, тс тіркестерінің фонологиялық табиғаты. Айтуда ұшырайтын өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Қатаңдар мен үнділердің, қатаңдар мен ұяңдардың және керісінше тіркесіп айтылуына ұшырайтын алмасулар, олардың сыры. Кейінді ықпал кезінде пайда болатын алмасулар. Кейінді ықпалда жасалымның, ілгері ықпалда айтылымның алға шығатыны, оның себептері. Бейүндестік (диссимляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.
13- тақырып. Орфоэпия.
Орфоэпия туралы түсінік Офоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпиялық норманың негізгі критерийлері. Оған көзқарас. Орфоэпияның халықтың ғасырлар бойғы сөйлеу практикасына негізділетіні. Қазақ орфоэпиясының қазіргі жай-күйі. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия. Орфоэпия пен орфографияның арақатысы. Орфографиялық норма және орфоэпиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері. Дыбыстық үнедестіктердің, дыбыстық заңдардың сөздіктерде басшылыққа алыну дәрежесі. Сөздіктердің арасындағы алшақтықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет