Өздік жұмыстардың орындалуы барысындағы әдіс-тәсілдер:
берілген тақырыпты терең талдауға қажет көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектерді іздеу, дайындау;
жинап алған шығармалар мен еңбектерді оқу, зерттеу, жүйелеу, міндет-мақсаттарды айқындау;
жоспар жасау;
өздік жұмысты тиянақты орындау үшін пән оқытушысынан кеңес алуы қажет;
өздік жұмысты жазу, орындау.
Рефераттың көлемі А-4 форматында 8-10 бетті қамтуы тиіс және компьютерде теріліп жазылуы керек.
Конспект жұмыс дәптеріне жазылады. Оның көлемі шектелмеген.
Әдебиетті іздеу, іріктеу
Әрбір өздік жұмыстың тақырыбына байланысты оқылатын, зерттелетін негізгі көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектер көрсетіледі. Ал тақырыпты терең зерттеп, жаңа бір қырын көрсету үшін қажет әдебиет көп болады. Таңдап алған тақырыпқа байланысты көркем шығармалар мен зерттеу кітаптарды, сын мақалаларды студенттің өзі іздеп тауып, тізімін жасап шығуға міндетті. Бұл істі орындау барысында студент кітапханалардың каталогтарын, газет-журнал мақалаларының көрсеткішін пайдалануды үйренеді. Ғылыми мекемелер, кітап шығаратын арнаулы библиографиялық көрсеткіштерді де пайдаланудың жәрдемі зор.
Реферат тақырыптары:
1. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы.
2. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының ғылыми мұралары.
3. Х. Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі сингорманизм туралы еңбегінің маңызы. Х. Досмұхаметұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні.
4. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы.
5. Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелуі жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.Аханов еңбектерінің маңызы, мәні.
6. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстар, оның маңызы.
Жиналған материалды мұқият зерттегеннен кейін өздік жұмыстың бағыт – бағдары, негізгі мазмұны айқындалады. Бақылау жұмысында қарастырылатын негізгі мәселелер, өзекті ойлар тармақтала түскені дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |