17-тақырып Оқыту әдістеріне сипаттама Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінінң орны. Оқыту әдісі туралы жалпы ұғым. әдіс және әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі және белгілері. Оқыту әдістерінің психологиялық құрылымы. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері: тұлғаны қалыптастыру міндетімен байланысты жекелеген әдістер қолдану логикасына, сабақта оқыту әдістерінің кешендерін таңдауды негіздеу үшін пікіріне байланысты әдістерінің тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мәні, екі жақтылық сипаты.
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі дидактикадағы жіктеудің әртүрлі тәсілдері. Оқытудың әртүрлі әдістеріне сипаттама:шығарма, әнгіме, оқулықпен жұмыс, бақылау, жаттығу, зертханалық және сарамандық жұмыс. өнер құралдары мен ойын тәсілдері, оларды оқыту процесінде қолдану.
Негізгі ұғымдар:
Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, оқыту құралы, оқыту әдістерін жіктеу.
18-тақырып Оқушылардың ұжымдық танымдық іс‐әрекетінің ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері. Педагогикалық процесс- жалпы адамзаттық мәдениет байлығын меңгерудегі мұғалімнің тікелей басшылығы мен жетекшілігінде оқушылармен ынтымақтастығы. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.
Оқыту процесінің қарама-қайшылығы. Олардың шешімдері. Оқушылардың ұжымдық- танымдық іс-әрекетінің мәні. Ұйымдастырудың түрлері және формалары. Ассистенттер пен консультанттардың жұмысы. Жұппен, соның ішінде ауыспалы құраммен жұмыс жасау. Сабақтағы топтық жұмыс. Оқу кездесулері. Оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының қоғамдық байқаулары. Топтық сабақтың әдістемесі және құрылымы.
Негізгі ұғымдар: танымдық іс -әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьютерлендіру,саралау
19 -тақырып Оқушылардың танымдық іс‐әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері Қазіргі дидактиканың жетістіктері, оларды мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде жүзеге асыру.
Оқыту процесінің әртүрлі тәсілдеріне сипаттама: проблемалық оқыту; оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегізерттеушілік тәсілдер; оқушылардың танымдық қызығушылығымен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру; алгоритмдеп және бағдарламалап оқыту; оқытуды компьютерлендіру; ірі блокты оқыту және профильді оқыту; саралап оқыту; ұжымдық танымдық іс әрекет.
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесіндегі оқыту технологиялары мен идеялары. Оқыту процесін жетілдірудегі дәстүрлі және қазіргі әдістерінен үйлесімділігі.
Негізгі ұғымдары: танымдық әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьтерлендіру, саралау, интеграция, проблемалық оқыту,бағдарламалық оқыту.