Рабочая программа Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/06
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Психология және педагогика кафедрасы
Педагогика пәні бойынша
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарының студенттері үшін
Павлодар
Пәннің мақсаты мен міндеттері Кіріспе
Соңғы он жылдықта білім беру жағдайындағы әлеуметтік ‐ экономикалық өзгерістер қоғамның сұраныстарына, талабына сәйкес тез арада жылдам жауап беруі қажет. Ол ұшін педагогика курсын оқытудың зор мәні бар, жүйелі білім және іскерлікпен дағдыны меңгеруге бағдар беру, болашақ маманның зерттеу және тәжірибелік міндеттерді шығармашылықпен, ғылым мен техниканың мәдені жетістіктерін дамыта отырып өздігінен және жауапкершілікпен шешуіне мүмкіндік береді.
1.2 Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдердің кәсіби‐педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.
1.3 Пәннің міндеттері:
Студенттердің кәсіби іс‐ әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;
Болашақ мұғалімдерге өзіндік кәсіби іс‐ әрекетінің жүйелі түрде көрінуін қалыптастыру;
Болашақ мұғалімдерге тұлғалық, мәнді, кәсіби ( гумандық, педагогикалық ойлау, қарым‐қатынас жасай білу, педагогикалық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;
Студенттердің өзін‐өзі білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студент білімдері:
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізі бойынша;
Теория мен тәжірибедегі тұтас педагогикалық процесс бойынша;
Тұтас педагогикалық процесті басқару бойынша, сонымен қатар студенттер төменгідей іскерлікті меңгеруі тиіс:
Тұтас педагогикалық процесті таратудың технологиялары бойынша;
педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері мен заңдылықтарына сәйкес келетін оқу‐тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
сыныптағы оқу‐тәрбие процесінің диагностикасының негізінде сипаттарына қарай (ауыспалы) және оның одан әрі қарай болжауды жүзеге асыру;
оқу‐тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге сәйкес іс‐ әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдай білу;
тәрбие және білім беру процесіне өзінің әдіс‐тәсілдерін енгізу;
Пререквизиттер: мамандыққа кіріспе
Курстың сонында студенттердің білімдерін тексеру үшін емтихан енгізілген.