Программа интерфейсі Файлдарды жүктеу мен импорттау Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары



бет3/3
Дата18.11.2022
өлшемі220,5 Kb.
#51113
түріПрограмма
1   2   3
Zoom (Масштаб) құралы. Photoshopта Zoom (Масштаб) құралы орналасқан. Бұл құралды саймандар панелінің төменгі тұсында ұлғайтқыш әйнек суреті арқылы табуға болады. Суретте көрсетілгендей бұл құрал бейненің масштабтық өлшемдерін басқаруға мүмкіндік береді. Масштаб арқылы ұлғайтқанда сізге ол үлкен суретке айналғандай болады, бірақ негізінде оның өлшемі өзгермейді. Құралдар панеліндегі Zoom (Масштаб) құралын тауып оны шертеміз. Тышқан көрсеткішіндегі ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» белгісі құралдың бейнені ұлғайтуға дайын екендігін білдіреді. Терезенің ортасына «қосуды» орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бассақ дене 100-ден 200 % ға дейін үлкейді. Е Егер батырманы қайта басатын болсақ енді бейне 300%-ға ұлғаяды.
Батырмадағы «қосу» батырмасын баса беру арқылы бейнені 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 1200, 1600%-ға дейін үлкейте аламыз. 1600%-тік үлкею бейненің шекті ұлғаюы болып саналады. Alt пернесін басқанда ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» таңбасы «азайту» таңбасына айналады. Енді құралды кішірейту мақсатында қолданамыз. Ұлғайған бейнелерді «азайту» таңбасымен қайтадан бастапқы масштабы 100%-дық қалпына келтіре аламыз.
Масштабты қолдана отырып өңдеп жатқан бейненің кем-кетіктерін түзеуге, бейнені жіті бағдарлауға таптырмас құрал болып табылады. Сондай-ақ масштабты қолдануда Ctrl пернесін «+» немесе «−» таңбасымен қосып басу арқылы уақыт ұта аламыз. Мұнда Ctrl+«+» ұлғайтуды, ал Ctrl+«−» кішірейтуді білдіреді.
Осы масштаб командасын Z пернесі арқылы шақыра аламыз.
Терезені үлкейту үшін оның жиектеріне тышқан курсорын апарып, бағдарша пайда болған кезде оны созып үлкейтуімізге немесе кішірейтуімізге болады.
Adobe Photoshop программасы суреттермен жұмыс жасағанда кейбір күрделі жұмыстарды жедел орындауға мүмкіндік береді. Оның бас мәзір (меню) қатарында File (Файл), Edit (Редакторлау), Image (Көрініс), Layer (Қабат), Select (Белгілеу), Filter (Фильтр), View (Түр), Window (Терезе), Help (Көмек) командалық бөлімдері орналасқан.
Палитралар тобы жұмыс үстелінің сол жақ қапталында, ал саймандар панелі оң жақ қапталда орналасады. Программаның басқарушы элементтері палитраларда тұрады. Мысалы көп қолданылатын Color (Түс), Layers (Қабаттар) секілді функциялары осында жинақталған. Жұмыс барысында суреттерді Файл→Ашу командасымен жұмыс үстеліне шығарып аламыз.
Adobe Photoshop программасы ескірген, әрі бетінің әрі кеткен фотосуреттерді түрлі-түсті етіп сурет бейнелерін қалпына келтіреді. Бірнеше суреттегі керекті бейнелерді бір сурет ішіне орналастыруға, сурет жиектерін қаламмен өрнектегендей етуге, фотосуреттерді қолмен салынған суретке айналдыруға,мөлдір жазулар жазуға сондай-ақ жазылған мәтіннен жалын шығарып қоюға да болады. Бұл Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктерінің бірегейі ғана. Сурет өңіне жарықтандырғыштар арқылы қошқыл, күңгірт суреттер анық етіліп шығарылады.
Қарапайым қолданылыста Adobe Photoshop, Corell Draw, Adobe Illustrator программалары кеңінен таралған. Adobe Photoshop программасында Adobe ImageReady қосымшасы болады.


Бақылау жұмысы:

  1. Программа интерфейсі дегеніміз не?

  2. Файлдарды жүктеу мен импорттау қалай жүргізіледі?

  3. Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандарын ата?

  4. Құралдар палитрасы?

  5. Масштабты қай кезде пайдаланады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет