Жобаның файлы - Object Pascal тiлiнде жазылған және компилятормен ӛңделетiн программа. Бұл
программаны Delphi автоматты түрде құрастырады (2-сурет) және ол бiрнеше жолдардан тұрады.
Delphi ортасын iске қоссақ, Project=>View Source опцияларын орындау арқылы келесi терезе шығады:
2- сурет. Жобаның құрылымы
кӛптеген арнайы сӛздер әртүрлi нұсқау ретiнде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және
жоғарыдан тӛмен қарай оқиды. Жүйелi жақшаға алынған таңбалар түсiнiктеме ретiнде қолданылады.
Сонымен қатар, түсiнiктеменi кӛрсету үшiн ―(* *)‖ немесе ―// ― белгiлерiн қолдануға болады.
13
Бiрақ
{$R *.RES} жолы
(жақшадан кейiн бiрден
“$” белгi тұрған
) түсiнiктеме емес, бұл жол
компиляторға берiлген нұсқау. Мысалы, жоғарыда келтiрiлген {$R *.RES} жолы программаны
ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендiгi туралы баяндайды.
Program сӛзi және онан кейiн анықталған программаның атауы программаның тақырыбы деп
саналады.
Uses (пайдалану) сӛзiмен басталған сӛйлем программаны осы сӛзбен анықталған, басқа
файлдарда орналасқан модульдердi қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң
программаның денесi орналасады, ол Begin сӛзiмен басталып, End және одан кейiн қойылған
нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесi орындалатын үш
операторлардан құралады.
Әр оператор Application объектiмiнiң белгiлi бiр әдiсiн шақыру жұмысын атқарады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берiлгендер мен оларды ӛңдеуде
қолданылатын, iшкi программалардың жиынтығынан тұратын және бiртұтас болып саналатын
программаның үзiндiсiн айтады. Объектiнiң берiлгендерiн ӛрiстер деп атайды және олар кез-келген
түрде анықталуы мүмкiн. Объектiнiң iшкi программаларын әдiстерi деп атайды.
Объектiлік типтердiң негiзгi ерекшелiгi - объектiнiң ӛрiстерiмен бiрге оларға қолданылатын
әртүрлi iс-әрекеттердiң жиынын iшкi программалар (процедура және функциялар) арқылы
анықтауға болатындығы. Берiлгендердiң осындай қасиетiн инкапсуляция дейдi. Инкапсуляция- ол,
берiлгендердi және оларды ӛңдеудегi алгоритмдердi бiр бүтiн құрылымға бiрiктiру деген тұжырым.
Объектiк типтердiң негiзгi қасиеттерi – функционалдық толықтығы және ӛрiстер мен
әдiстердiң бiр-бiрiнен ажыратылмауы, оларды программаның бӛлек бiр тәуелсiз бӛлiгi ретiнде
қолдануға болады. Мұндай объектiлердi бiр программадан екiншiге оңай алмастыруға болады. Бұл
принциптi объектiге бағытталған программалау тәсiлдерi деп атайды.
Жалпы Delphi ортасы кез-келген жаңа жобаның Application объектiлiк программасын
автоматты түрде құрастырады.
Initialize әдiсi арқылы программа Windows-тiң басқаруымен әртүрлi кӛмекшi жұмыстарды
орындайды. Application.Initialize әдiсi шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан
Delphi ортасының даяр бiр үзiндiсiн орындауын сұрайды. Осы үзiндi орындалғаннан кейiн (немесе iшкi
программадан шыққаннан кейiн) келесi жолдағы CreatForm әдiсi орындалады және т.с.с.
CreatForm әдiсi негiзгi терезенi құрастырып, оны экранда кӛрсетедi. Ал Run әдiсi берiлгендердi
және оларды ӛңдеу туралы Windows - тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы
басылғанда программаға Windows - тан жұмысты тоқтату және жүйелi ресурстарды (жадыны және
процессорды) босату туралы нұсқау берiледi.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады және кӛптеген
жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлi ӛзгерiстердi
енгiзiп, араласса, онда Delphi ортасы осы ӛзгерiстердi алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның
файлында ерекше кеңейтiлу қолданылады және әдетте бұл код кӛрiнбей тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: