Программа кодының терезесі. Delphi ортасы программист жұмысының ӛте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта


Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар



Pdf көрінісі
бет62/122
Дата27.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#28970
түріПрограмма
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122
Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар 

 

   Келесi  процедуралар  мен  функцияларды    кез  келген  түрдегi  (мәтiндiк,  типтiк  және  типсiз) 

файлдарға  қолдануға болады: 

   Procedure  AssignFile  (var  F;  FileName:String)  -  файлдық  айнымалы  шаманы  сыртқы  файлмен 

байланыстырады. FileName - сыртқы файлдың аты (кейде маршруты кӛрсетілуі ықтимал), - файлдық 

айнымалы шама. Name MS - DOS ережесi бойынша файл орналасқан   директорияның  атын қамтуы 

қажет.  Файлды  инициялизациялау  дегеніміз  -  осы  файлмен  мәлімет  алмастыру  бағытын  кӛрсету. 

Object Pascal - да файлды оқуға, жазуға немесе  бірден оқуға, жазуға даярлап ашуға болады;  

Procedure  Reset  (var  F)  -  файлды  тек  қана  оқуға  даярлап  ашу  процедурасы.  Файл  кӛрсеткіші  

файлдың басына, яғни реттік нӛмірі 0 - компонентіне орналасады; 



Procedure  Rewrite(F)  -  жаңа  файлды  жазуға  даярлап    ашу  процедурасы,  егер  F  файлы  бұрыннан 

бар болса, онда ескi файлды жойып,  жаңа бос файл құрады; 



Function  ChangeFileExt  (const  FileName,Extension:  string):  string      -  файл  атының  кеңейтілуін  

Extension параметрімен  анықталған  кеңейтілуге ӛзгертеді; 

Procedure  ChDir(Path:  string)  -  ағымдағы  директорияны  ӛзгертеді.  Path  параметрi  жаңа 

директорияның аты мен тұрағын қамтуы қажет; 



Procedure CloseFile ( var F- байланысын  үзбей, файлды жабады. Жаңа файлды құрғанда немесе 

ескіні ұлғайтқанда, барлық жаңа жазуларын сақтап, файлды каталогқа тіркестіреді. Егер программаның 

жұмысы дұрыс аяқталса, онда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады; 

FunctionDateTimeToFileDate(DateTime:TDateTime):Integer DateTime   түріндегі берілгеннің мәнін  

файлдың құрастырылған немесе ӛзгертілген уақытының жүйелі  форматына түрлендіреді. 



    Function  DiskFree(D:Byte):  LongInt  -  кӛрсетілген  табақшадағы  бос  орын  кӛлемін  анықтайды. 

Мұнда, D - табақшаның нӛмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, 

т.с.с). Егер жоқ табақшаның нӛмірі кӛрсетілсе, онда ―- 1‖  мәні қайтарылады;  

    Function  DeleteFile  (const  FileName:  String):Boolean  -  FileName    арқылы  аты  және  тұрағы 

анықталған файл жойылады. Операция сәтті ӛтсе, онда нәтижесі True болады;  



   Function DiskSize(D:Byte):LongInt - кӛрсетілген табақшаның  кӛлемін анықтайды. Мұндағы, D - 

табақшаның нӛмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер 

жоқ табақшаның нӛмірі кӛрсетілсе, онда ―- 1‖ мәні қайтарылады;  

   Function  Eof  (var  F)  -  файлдың  соңын  анықтайтын  функция.  Егер  файл  кӛрсеткiшi  файлдың 

соңына  жетсе, онда  функцияның  мәнi True, ал басқа жағдайда - False болады.  Файлға жазылғанда 

келесi компонент - файлдың соңына жалғастырылады деп саналады, ал файлдан оқылғанда - файлдың 

соңына жеткен белгiсiн кӛрсетедi.  Сыртқы файл даярланғанда, файлдың соңы ^Z (CTRL - Z)   - пен 

анықталады; 

  Procedure Erase (var F- сыртқы файлды жояды. Файл алдын ала  жабылған  күйде болу керек; 

  Function  FileAge  (const  FileName:  string):Integer    -  FileName    атты  файлдың  соңғы  ӛзгертілу 

уақытын анықтайды. Егер ондай файл жоқ болса, онда ―- 1‖ мәні қайтарылады.  




 

38 


  Procedure  GetDir(N:  byte;  var  S:  string)  -  файл  орналасқан  табақшада  директорияның  атын 

анықтайды. S айнымалы шамасында директорияның маршруты мен аты жазылады, ал табақшаның 

нӛмірін   кӛрсетедi (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с); 

  Procedure MkDir(Path: string) - жаңа директорияны құрады. Path параметрi жаңа директорияның 

маршруты мен атын қамтуы қажет; 



  Procedure  Rename  (var  F:  file,  NewName:  string)  -  файлдың  атын  ӛзгерту  процедурасы.    F  

файлдық айнымалы шама, NewName - файлдың жаңа аты; 



  Procedure RmDir(Path:string) - бос директорияны жою процедурасы; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет