ДӘРІС №3. C++ тіліне кіріспе. Программа құрылымы. С++-те мәліметтердің
ұсынылуы. Мәліметтердің типтері.
Көптеген программалық өнімдердің С++ программалау тілінің көмегімен
жасалғандығы белгілі. С++ тілін – С тілінің кеңейтілімін – 1979 жылы AT&T Bell
Laboratories (Нью-Джерси, АҚШ) ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Бьерн
Строустроп жасап шығарған. С++ тілі С тілінде бар нәрселердің барлығын қамтиды.
Сонымен қатар, ол объектілі- бағытталған программалауды (Object Oriented Programming,
OOP) қолданады. Бастапқыда С++-те үлкен көлемді программалардың жасалуын жеңілдету
үшін құрылған болатын. Объектілі - бағытталған программалау
программаларды құруға
арналған жаңа бағыт болып табылады.
С++ программалау типтік ортасы
Қазіргі кездегі С++-те программалау жүйелері бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады.
Бұлар программалау ортасы, тілі, С-функцияларының стандартты
кітапханасы мен С-
кластарының әртүрлі кітапханалары сияқты бөліктер болып табылады.
С++ тілінде программаны орындау үшін алты кезеңнен өту қажет: түзету,
препроцессорлық (яғни алдын-ала) өңдеу, компиляция, біріктіру, жүктеу және орындау.
Бірінші кезең
программаның бастапқы мәтіні бар файлды құру және түзету
болып
табылады. Ол қарапайым программа мәтінін түзеткіштердің көмегімен орындала береді.
Программалаушы осы түзеткіште өзінің С++ программасын тереді. Қажет болған жағдайда
ол оған қайтадан қатынас жасап, осы түзеткіштің көмегімен программаның бастапқы
мәтініне өзгерістер енгізеді. Содан кейін программа дискте сақталады. С/С++
программаларының файлдарының атаулары "c" немесе "cpp" деп аяқталады. Алайда,
Borland C++ v 5.0 (5.2) программалар пакетінің өз түзеткіші де бар,
соны да қолданса
болады.
Екінші кезеңде
программаны компиляциялаудан бұрын компилятор программа
мәтінін препроцессорлық өңдеуді бастайды. Компилятордың қызметі – ол программаны
машиналық кодқа көшіреді. Яғни ол программаның объектілік коды болып табылады.
С++ программалау жүйесінде трансляция кезеңін бастаудың алдында әрқашан алдын-
ала өңдеу программасы орындалады. Ол программаның бастапқы мәтінін трансляциялау
алдында қандай түрлендірулерді орындау керектігін көрсететін «трансляция
директиваларын» немесе «препроцессор директиваларын» іздеп табады. Әдетте бұл басқа
мәтіндік файлдарды компиляцияланатын файлға қосу болып табылады. Препроцессорлық
өңдеуді компилятор программа машиналық кодқа түрлендірілмей тұрып жүзеге асырады.
Бұл
біріктіру
процесі
басталмай
тұрып
қажетті
функция-программаларды
компиляцияланатын программаның мәтініне алып алуға мүмкіндік береді.
Үшінші кезең
– компиляция. С++ тіліндегі программаларда программаның сыртында
баяндалған түрлі функцияларға сілтемелер болады. Мысалы,
стандартты кітапханаларда
немесе программалаушылардың жеке кітапханаларында болады. Компилятор құрған
объектілік кодтың ішінде осы жоқ болған бөліктердің орнында ойықтар болады.
Төртінші кезең
– біріктіру. Біріктіруші объектілік кодты жоқ болған функциялардың
кодтарымен байланыстырады да, осылайша орындалатын жүктемелік
модульді құрады
(«ойықтарсыз»).
Бесінші кезең – жүктеу. Орындалу алдында программа жадыға орналастырылуы қажет. Бұл
жүктеушінің көмегімен жүзеге асырылады, ол программаның жүктеуші модулін дисктен
алып, оны жадыға көшіреді.
Алтыншы кезең – орындалу кезеңі. Программаның алғашқы іске қосудан бастап жұмыс
істеп кетуі сирек кездесетін жағдай. Аталған кезеңдердің
әрқайсысы қатемен аяқталуы
мүмкін немесе қатенің салдарынан сәтсіз аяқталуы мүмкін.