Patriotism
The very sound of the word brings to my heart feelings of
loyalty and pride. I feel loyalty for my country and my country’s
ideals, and I feel pride for those before me who fought and
sacrificed much for the freedom of my beloved country.
I love and honor my country. I feel a sense of duty to this
country that has been my home since my birth. As I turn the pages
of our country’s history, I am inspired by those who have spoken
out and fought against those who have threatened our country’s
security and ideals. Our forefathers had dreams of a nation with
liberty and justice for all. They gave all they had, every single
ounce of strength, to make that dream a reality. They waged war
against one of the most powerful empires of the time so that they
could remain true to their ideals.
I implore upon you, the youth, to fight to keep the flame
of patriotism alive. We are the authors of our country’s future.
We must dig dip inside ourselves and find the courage and
determination to dream of a greater...
Dina KAPEZOVA,
“foreign language: two foreign languages”, 03301 group
* Отан отбасынан басталады.
* Любовь к родине рождается у семейного очага.
* Love for the country begins with a family.
Филология факультетінің жаршысы, 2014 жыл, №1, қыркүйек
Ел жасымен көрікті
Қадірлі студент-жастар!
Күллі әлем бүгінде де тыныш емес.
Ұзын құлақтан естіп жүргендей,
кейбір елде небір атыс-шабыстар
жүруде, кейбір елде үй іргесіне
снарядтар келіп жарылуда.
Қаншама отбасы, жас сәби қара
басын сауғалауға мәжбүр. Бейбіт
өмір сүру олардың түсіне де
енбейді. Көрші Украина елінің
трагедиясына қараңыз. Жүрек
сыздайды! Құдай сақтағай! Ал бұл
елдер тым алыста да емес қой.
Демек, сіз бен бізге қалай болса
солай, алаңсыз, жағамыз жайлау,
бейқам жүруге мүлдем болмайды.
Қымбатты студент! Біздіңше, әрқайсымыз өз тобымыздың,
факультетіміздің, университетіміздің, отбасымыздың, еліміздің
шынайы патриоты болуымыз керек. Иә, туған жердей жер
болмайды, туған елдей ел болмайды. Отанды сүю отбасынан
басталады. Отан оттан да ыстық. Қарап отырсақ, I курста туған
ауылымызды, үйімізді сағынамыз, тіпті қысқы каникулға дейін
әзер шыдап, бауыр басқан босағамызды өлердей сағынып
барамыз. Әркімнің өз жері, өз үйі жұмақ деген осы. Өз еліңнің
иті де қадірлі. Туған жердің жуасы да тәтті. Туған жердің ауасы
да шипалы. Бір ғажабы, төрт жылдан кейін аяулы білім ордаң -
университетіңді қимай тұрғаның! О, тәңірі-ай десеңші! Біздіңше,
елді сүю өз факультетіңді сүюден басталады. Құртақандай торғай
да өз ұясын қорғамай ма?!
Қадірменді достар! Биылғы оқу жылынан бастап
университетіміздің «Өркен» газетінің бетінен филология
факультетінің «Патриот» жаршысын ашып отырмыз.
Газет қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрмек. Газетті
факультеттің патриот студенттері әзірлейді. Мақсатымыз -
әрбір студентіміз өз тобының тірегі, факультетінің жанашыры
болсыншы, мына күрделілеу кезеңде жастарымыз салғырт,
сыбай - сылтаң, бейқам жүрмесінші, ертеңгі ел тірегі болып
қалыптасуға қажетті біліммен жан-жақты қарулансыншы, тәрбие,
өнеге, тағылым көрген текті тұлға тұрғысында сомдалсыншы
деген ой дәнін шәкірттеріміздің кеудесіне сыналап егу.
Өнерлі де талантты, арманшыл студенттер қауымы!
Сіздердің қолдауыңызды күтеміз. Қай істе де бірлесе көтерген
жүк жеңіл. Үн қосыңыз, мәселе көтеріңіз, факультетіңізді,
мамандығыңыз ды мақ таныш етіңіз. Мен филология
факультетінің студенттеріне сенемін. Қашан да Сіздерді
Махамбет баба рухы қолдағай!
Дорогие студенты! Мы должны быть патриотами своей
страны. Мы должны дорожить каждой пылинкой нашей
страны. По нашему мнению, патриотизм начинается с любви
к факультету. Даже маленький воробей защищает свое гнездо,
разве не так? Начиная с этого учебного года мы открываем
газету филологического факультета «Патриот». Газета
будет издаваться на трех языках. Газету будут готовить студен-
ты-патриоты. Наша главная цель, чтобы каждый студент стал
опорой и патриотом факультета. Уважаемые студенты, ждем от
вас поддержки, потому что вместе мы сила. Присоединяйтесь,
поднимайте новые темы, будьте горды своим факультетом. Я
верю в студентов факультета филологии!
Dear students! We have to be the patriots of our country. We have
to value each mote of our country. In our opinion, patriotism begins with
love to the faculty. Even a little sparrow protects its nest, doesn’t it?
Since this academic year we begin the work of the philological faculty
newspaper «Patriot». The newspaper will be issued in three languages.
The newspaper will be prepared by patriot-students. Our main goal
is to make each student the patriot of our faculty. Dear students! We
expect support from you, because together we can do everything. Join
us, be creative, and be proud of our faculty. I trust the students of the
Faculty of Philology!
А.С. ҚЫДЫРШАЕВ,
филология факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор
АЛЫС ШЕТЕЛДЕ
БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАМАҚ
Біздің оқу ордамыз сапалы білімге ұмтылатын саналы
студенттерді назардан тыс қалдырмайды. Алыс шетелдік
ауқымды білім шаңырақтарымен академиялық мобильді
байланыс жасау арқылы сандаған студенттерге үлкен
мүмкіндік жасалуда. Осы тамаша үрдіс биыл да көрініс
тауып, тағы да талапкерлерге қолдау білдірілуде. Қыркүйек
айының соңында университетімізден «Шет тілі: екі шет тілі»
мамандығының магистратура бөлімінен екі магистрант
(Альбина Қалиева, Розалия Ситалиева), бір бакалавр
студенті (Дина Капезова) білімін толықтыратын болады.
Олар Германиядағы Майнц қаласына сапар шегеді. Сондағы
беделді Johannes Gutenberg университетінде 6 ай бойы
шетелдік ғалымдардан тәлім алып, әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған түрлі студенттермен тәжірибе алмасады. Ағылшын
және неміс тілін жетік меңгертуге бағытталған бұл оқуға
баратын студенттер ерекше ынта-жігермен дайындық
үстінде. Олардың мақсаты - алған ілімдерін атамекенге
келіп тарату. Бұл белсенділердің ішіндегі 03301а-топ
студенті Дина Капезова: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте» демекші, қандай тілді меңгерсек те, туған
елімізде қызмет жасау парызымыз. Сондықтан шетелден
ұштайтын білімімізді елдің мүддесі үшін пайдалы іске
асырғымыз келеді. Біз - патриотпыз. Сол себепті,
Отанның өркендеуіне үлес қосуымыз қажет»,-дейді.
Елбасымыз ғылым мен білімнің, ақпарат құралдарының,
интернеттің, медицина мен мәдениеттің тілін меңгеру арқылы
еліміздің дамуы жеделдейтінін баса айтады. Тасымыз өрге
домалау үшін алғашқы кезекте ұлттық рухқа ие жастардан
кенде болмауымыз жөн. Аталмыш бағдарламамен жат
жерден жаһанның жауһар білім жаңалықтарын алып келетін
зерделі бойжеткендерімізге сәттілік тілейік! Алдымен, аман-
есен атамекенге оралғайсыздар, бағындырар белестеріңіз
мол болғай!
Мөлдір ЛАТИФОВА,
«Филология: қазақ тілі» мамандығы, 02205-топ
Язык - честь нации
Учебный год для сту-
дентов только начался, а
наши студенты уже поко-
ряют новые высоты. 9 сен-
тября 2014года в городе
стартовал фестиваль «Язык
- честь нации» посвящен-
ный Дню языков Республики
Казахстан. В мероприятиях
участвовали студенты на-
шего университета, где среди
многих сильнейших показали
отличные результаты. 12
сентября прошел областной
тур республиканской олим-
пиады «Тілдарын - 2014»
на знание трех языков, то
есть казахского, русского
и англииского, где Айнур
Шуйншалиева и Шалабаева
Айдана, студентки 4 курса
специальности иностран-
ного языка заняли второе
и третье места соответственно. Олимпиада проходила в
четыре этапа - это эссе, презентация, синхронный перевод и
дисскусия, и это все сразу- на трех языках . В нелегкой борьбе
студенты показали отличные результаты. В следующем конкусе
«Тіл - халық жанын танудың кілті» на знание казахского языка
среди русской молодежи, который прошел 15 сентября в стенах
ЗКГА честь нашего вуза защищала Казиева Алеся, которая так
же является студенткой 4 курса нашего факультета, среди 15
участников, показав наилучший результат, она была удостоена
Гран при конкурса. От всего сердца поздравляем девчонок с по-
бедой, желаем дальнейших успехов во всем и чтобы в будущем
на международных пьедесталах представляли нашу страну, как
сегодня прославляют наш вуз.
Нурдаулет ЕРБУЛЯКОВ,
Спец. «Филология:русский язык», гр. 03206
«Патриот» жаршысының жауапты редакторы - А.С.Қыдыршаев, тілшілері
– Мөлдір Латифова («Филология: қазақ тілі»), Нұрдәулет Ербуляков
(«Филология: русский язык»), Дина Капезова («Шет тілі: екі шет тілі»),
Хорлан Батырниязова («Русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения»)
Отан туралы ойлар
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Человек без родины своей, что без леса одинокий соловей.
Ер – елінде, гүл – жерінде.
Цветы лишь на поляне своей цветами считаются, человек
лишь на родине своей человеком является.
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Если будет острым серп, рука не устанет, если родина
будет сильна, враг не одолеет.
Жат жеріңнің қаршығасынан өз еліңнің қарғасы артық.
Чем ястреб с земли чужой, лучше ворон – зато свой.
Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
Даже если и не буду на родине ханом, буду в овраге камнем.
Отан - елдің анасы, ел - ердің анасы.
Родина - мать народу, народ - мать джигиту.
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Как родина дорога поймешь, когда на чужбину попадешь.
Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
Хороша всякая земля, а лучше всех земля своя.
Ел іші - алтын бесік.
Земля родная - колыбель золотая.
№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл
14
МАХАМБЕТ
дауысы
Аз сөйлер де көп тыңдар,
Қас асылдың баласы.
№ 4(10), қыркүйек, 2014 жыл
(Голос Махамбета - Makhambet’s voice)
“Махамбет” ғылыми-зерттеу орталығының жаршысы
Студент туындысы_____________________________________________________________________________
“Махамбет дауысы”- (“Голос Махамбета”- “Makhambet’s voice”) жаршысының жауапты редакторы - А.С.Қыдыршаев,
тілшілері - Гүлнұр Исмағұлова (орталық әдіскері), Мөлдір Латифова (“Филология: қазақ тілі” мамандығы, 02105-топ)
Махамбет жырауды ұлықтаудағы Қабдоловтық жол
Бәрі-бәрі есімде...
(новелла)
«Қазақтың Қабдоловы» әр сөзін, әр ісін Мұхаң, Мұхтар Әуезовті
қастерлеуден бастаса, ал елдік сөзді ұлы Махамбетпен ұластыра
жіберетін. Әуезов кафедрасының бір ақсақалы өмір тығырығына
кездескен кезде, әр кафедра мүшесіне қарияны сыйлау кезегін жасап, ал
аспирант-ізденушілерге сол кісіге сәлем берген болып, жаңа кітап, жаңа
газет-журналдарды апарып, асықпай оқып беруді міндеттейтін. Әр ісіміз
жақсы бітсе: «Міне, Махаң (Махамбет Өтемісов) айтқан ұлағатты мінсіз
орындадық, айтпақшы Зинол, қалай еді?:
Тіріде сыйласпаған ағайын,
Құм құйылсын көзіңе,
Өлгенде бекер жылама!» Сөз қандай! Ыза-найза, шешім-темір! Әй,
Махамбет-ай, Махамбет! дер еді.
Академик Қажым Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» 30 жылдай
қайта-қайта басылым көріп, бірақ заманның талабына ілесе алмай
қалады. 60-жылдардың аяғында Қажекең емі жоқ дертке шалдыққан
соң, інісін шақырып алып әңгімелескен: «Әй, Зинолла, осы сен
«Әдебиет теориясының» жаңа оқулығына әзірленіп жүрген көрінесің.
Менің күйім – мынау. Сен еңбегіңді ұялмай жариялауға бер» дегенде,
Зекең: «Қажеке, классикаға айналып кеткен ережелер
мен ұлылар шығармашылығы, соның ішінде Махамбет
поэзиясынан көп мысалдар алып едім. Сөзсіз, қайталауым
да бар. Сіз ренжімейсіз бе?» деген уақытта, қайран Қажекең
«мақұл» деп бас изесе керек. Зекең: «Махамбетке, оның
шығармашылығына ең ыждағатты қараған адамның бірі –
Қажекең еді. Жарықтық ерен қайсар, біртуар ұстаз еді-ау!»
деп тамсанып отырушы еді.
Зекең Ақ Жайық өңіріне сирек келетін, бірақ әр сапары
әдеби ашылыс еді. 1968 жылы Хамза Есенжановпен келді
де, «Ақ Жайық» романы – роман-эпопея» деп еді.
1979 жылы өртеніп кеткен институтқа келді де, «Сөз
өнерінен» дәріс оқыды. Еңбек ақысын ұсынып едік, «атам
қазақ «Бүлінгеннен бүлдіргі алма деген, мына қаражатты
жетім-кембағал студенттерге таратсаңдар» деді.
Чапаев, Жаңақала, Бөкейорда, Жәнібек, Фурманов ау-
дандарын аралап, «Махамбет ізімен» жүрді. Ақыры «Ақын
өлімі» деген роман-фрагмент туды. 1994 жылы Ақ Жайық
қызы тойына келді де Зекең: «Мен Оралды үш қыз арқылы
танимын. Біріншісі – аңызға айналған Қыз Жібек, екіншісі –
батырға айналған Ер Мәншүк, үшіншісі – өзіндік мінезі мен
үні бар ақын – Ақұштап. Ендеше, мен бұл елдің қыздары
мықты-ау деп ұғынам»,- деді.
Зекең ғұмыр бойы Махамбет жырау, батыр, ақын-
көтерілісшіні ардақтап өтті. Академик Парижде, Эйфель
мұнарасына қарап тұрып: «Махамбеттің өмірі – қасіреттің
синонимі, Махамбеттің өнері - қасиеттің символы! Махамбет
әлемі Спартак, Жанна да
,
Арк, Робин Гуд секілді халық
батырларының бірі» деп сөйледім, әлгі жиында Эллада
елінен, Франция, Англиядан көп делегаттар болғасын
жоғарыдағы есімдерді үлкен интонациямен айттым деп,
насаттанатын.
Қадірлі Махамбет батыр, Махамбет ақын өрендері!
Ақын атына сай жақсы оқып, тәлімді тәрбиемен жауап
берелік! Жаңа оқу жылында жас махамбеттанушылар
толағай табыстарға жете берсін деген ұстаздық ақ тілегімді
білдіремін.
Серікқали ШАРАБАСОВ,
«Махамбет» ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
ф.ғ.к., доцент
Мен өзі қызық адаммын. Бұлай деуіме не себеп дерсіздер,
сірә. Кейде ойлаймын, осы мен сабақты кім үшін оқып жүрмін
деп. Жалқаулық желкемнен қысады да отырады. Кейде сабаққа
бар ынта-жігеріммен қатысамын, ал кейде өзімді өзім қоярға
жер таппай, мазасызданамын. Әсіресе дәріс сабақтарында
өзіммен өзім ойға шомылып, әр нәрсені ойлап, басым қатады.
Сондағы әйтеуір сабақ жөнінде ойламайтыным анық. Бірақ
кей кездері мұғалімнің әр айтқанын мән беріп өзімше іштей
бір пайымдап отырамын. Не ойлайды дейсіздер ғой сонда?
Бірде ұстазымның «Махамбет батырды ұлықтауымыз керек,
Махамбеттің иісі сезілмей барады» дегенін тыңдап отырып, бір
оқиға есіме түсіп кетті.
Жаз айының соңына қарай барлық университет бітірген
студенттер қатарлы менің танысым Сұлтан да бір жұмыстың
ыңғайын тапты-ау ақыры. Өзі бір қияли жан еді. Көп нәрсеге қол
жеткізсем деп армандайтын. Содан да көп еңбектеніп, бір тыным
таппайтын. Көп сөзге жоқ, жуас жігіт болса да, шаруаға келгенде
пысық жан-тұғын. Нәтижесінде орналасқан жұмысының да өзі
армандағандай тікелей жастармен жұмыстануға мүмкіндігі зор
екен. Арада бар жоғы бір-екі ай өтсе де, Сұлтанның жұмысқа
деген құлшынысынан ба әйтеуір ол өз ортасында жас екендігіне
қарамай, сыйлы бола білді. Жастар арасында біраз жұмыстарын
атқарып та үлгерді. Бәрі күннен күнге өзі ойлағаннан да бетер
нәтижелі бола бастады.
Бірде ол демалыс күні үйде отырып-ақ өзінің біраз ша-
руаларын артқа тастады да, сәл шаршағанын басайын деп
бөлмесіндегі жаюлы тұрған төсек орынына барып қисая кетті.
Төбеге қарап жатып, біраз ойланды. Іштей: «Еее, Құдайым-ау,
бәріне де шүкір. Елім аман-есен. Ендеше мен елім үшін не істей
аламын? Не жағдай болса да, бір өзің жар бола көр. Қай істе
болмасын, батылдық бере көр, ақыл, күш-жігерімді шыңдауыма
жәрдем ет!» дей бергенде, даладағы күннің күркірі мен құйып
тұрған жаңбырдың дауысы бұның ойын кенет бөліп жіберді.
Сұлтан терезеге қарап жатып, қалай ұйықтап кеткенін сезбей де
қалды. Бір кезде ойламаған жерден сағаттың шырылдаған үні
оны ұйқысынан оятып жіберді. Аң-таң болған Сұлтан: «Сағатты
дәл бұл уақытқа қойған кім екен», - деп күбірлеп сөйлеп жатты.
Рас сағаттың тілі 17:01-ді көрсетіп тұр еді бұл уақытта. Орынынан
тұрып, терезеге қараса, сырт жақ жаңбыр жауып өткен табиғатқа
мүлдем ұқсамайды. Сұлтан өз көзіне өзі сенбей, бөлмесінен
шығып сыртқа қарай беттеді. Тіптен жаңбырдың иісі сезілмек
түгілі, аулада шаң көтеріліп, аңызақ болып тұр. Бір кезде анау
жерден шаң үйіріліп келіп, бұның алдына біраз кідірді де,
ішінен бір адам шығып, Сұлтанға келіп амандасты. Не болып
жатырғанынан хабарсыз Сұлтан да, әлгі кісінің қолынан ұстап
сәлемдесемін дегенінде, әлгі адамның денесінен мұның қолы
әрлі-берлі өтіп жатты. Тіпті ұстауға келмейтін адам Сұлтан
үшін таныс бейне еді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарап тұрып,
еріндері дірілдеп: «Мммма-хам-бет... Өтемісов???» - деп, отыра
кетті. «Сіз бе бұл? Қайдан жүрсіз? Бұл менің өңім бе, түсім бе?»
-дегенінде, әлгі кісі: «Иә, Сұлтан, бұл менмін, Махамбет бабаң.
Таң қалып тұрсың ба?» - деп сұрады. Сұлтан тіптен не дерін
білмей, басын изей берді. «Мен сенің тілегіңді естіп келдім.
Жарайсың. Істеп жүрген жұмыстарыңды көріп ризамын. Сен
секілді еңбекқор жастар көп болса, еліміз баяғыда-ақ көш
ілгерілеп, дамитын еді ғой. Мен саған демеу болып, көмектесуге
келдім. Бірақ, бәрін өзің, өз қолыңмен істейтін боласың. Еңбегің
адал болсын» - деп, мән-жайды түсіндіріп жатырғанында, үйден
інісі Нұртаң мұны іздеп шығып, Сұлтанның қасына жетіп келді.
Інісіне қараймын дегенінде әлгі адам кенеттен ғайып болып,
жоқ болды. Сұлтан дереу есін жия алмастан: «Махамбет баба,
қайда жоғалып кеттіңіз?» - деп жан-жағына елеңдеп іздеген
күйі: «Кетіп қалдыңыз ба? Енді қашан көремін сізді? Мен ештеңе
түсінбедім» - деп аңтарылып тұрып қалды.
Келесі күні жұмысқа кешегі басынан өткерген оқиға жөнінде
көп ойлады ма, әйтеуір сәл шаршаңқы күйде келді. Біреуге
бар болған жағдайды айтайын десе, ақылынан алжасты деп
қабылдайды деп іштен тынып жүрді. Жұмыстан шығып келе
жатырғанында, біреу оның артынан келіп түрткендей болды.
Қараса, кешегі сол бейне. Тағы бір мәрте жолықтырғанына
біресе қуанып, біресе таң қалған ол: «Ассалаумалейкум,
Махамбет баба. Қалыңыз қалай?» - деп, күлімсіреп амандасты.
Махамбет: «Жарайсың, Сұлтан. Бүгін маған тағы да ұнады.
Ешкімге ештеңе деп тіс жармадың. Мен қателеспеген екенмін»,
- деді. Сұлтаннан өзге ешкімге көрінбейтіндіктен, көшедегі
адамдардың барлығы Сұлтанға кіммен сөйлесіп келе жатыр
дегендей көзқараспен біртүрлі қарап бара жатты. Мұның бәрін
көзіне де ілмеген Сұлтан Махамбетке: «Батыр баба, сонда сіз
меннен не қалайсыз? Неге маған ғана көріндіңіз? Сонда мен не
істеуім керек», - деп асығып-аптығып сұрай берді. «Сен асықпа,
Сұлтан. Мен бәрін түсіндірейін. Қазір елдің сен ойлағандай
жағдайы тым жақсы емес. Халықтың күн көрісін жақсартатын
еңбекақылары да ойдағыдай болмай тұр. Денсаулықтарына да
баса назар аударылмай жүр. Ұлттық экономикамыздың дамуы
да жеделдемей тұр. Бастысы тіліміз жетімсіреп бара жатырған
сияқты. Бұл өзіңе байқалмайды ма? Сонау заманнан бері ұлттық
тәуелсіздік, тәуелсіз мемлекеттілік – біздің ғасырларға созылған
асыл арманымыз еді. Жүздеген жылдар, қиын асулар, бостандық
жолындағы біздің көтерілістер мен жорықтарда құрбан болған
есіл ерлер, тұтас ұрпақтар – ешқашан ұмытылмауға тиіс
тарихың. Арға – мінәжат, барға – қанағат, жоққа – салауат айтқан
біздер өткен ғасырларда талай қиын-қыстау күндерді бастан
өткердік», - деп барлық өткен тарихтың көрінісін көз алдында бір
шолып шықты. «Азаттықты аңсаған біздің арманымызды жүзеге
асыру бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Бұл ғасыр – қазақтың ғасыры,
сіздердің ғасырларыңыз. Ендеше елдің бәсекеге қабілетті ел
болуына атсалыс. Жастардың басын қосып, осы мәселе жөнінде
үндеу салып, күш жұмылдыр. Ол сенің қолыңнан келеді. Тек
мен саған бағыт-бағдар берсем, іске келгенде бәрін өзің де
жасай аласың. Мен саған сенемін», - деді Махамбет. Осы кез-
де үйіне қалай келіп қалғанын сезбеген Сұлтанға батыр баба:
«Сен әуелі елдің қамын қамдауға кіріспес бұрын, ол жайлы
барлық мәліметті толықтай меңгерумен қатар, оның алдағы
болашағы үшін осы бастан бағдарлама құра бер. Барша елге
жария болған жоба аясында халық та қимылдай бастайды. Тек
сен дұрыс бағыт ұстана біл. Ал сенің уақытың сен ойлағандай
көп емес. Сен таң қалған алғашқы сағат қоңырауы 17:01
шырылдағаны, бұл сенің өз бағдарламаңды жариялайтын күн
еді. Ендеше, мұқияттылығыңды, жауапкершілігіңді, елдің бағы
үшін бойыңдағы барлық қажеттілікті шыңдай түс. Әйтпесе, мына
дүбірлі, қарбаласты дүниеде көштен қалып қоямыз. Еңбектенсең
елің сені қолдайды, болмаса бәрінен айырыласың. Менің елім,
сенің елің, біздің ел мәңгілік ел болып қалу үшін аянба, балам»,
- деді де қолына үйіп-төгіп толтырып қағаз тастады да, жоқ бо-
лып кетті. Сұлтан мұның бәрін өз жұмыстарын былай ысырып
тастады да, дереу оқуға кірісті. Әр күні таң атқан сайын айнаға
қараса, Сұлтан күннен күнге қартайып бара жатты. Келбеті
өзгеріп, басқа түрге ене бастаса да, ештеңеге бой алдырмады.
Үй іші де, жұмыстағылары да бұған таң қалып, қырын қарай
бастады. Өз ісін не үшін атқарып жүргенін білетін Сұлтан сонда
да бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге талпынды. Бір қызығы
оның ұстанған ұстанымы барлық жастарды қызықтыра білді.
Қайта-қайта жастардың пікірін ескере отырып, күнбе күн өзінің
жаңа құра бастаған бағдарламасының да мақсат-міндеттерін
айқындай түсті. Елдің кемел келешегін, даму мүмкіндіктерін
көрсететін жаңадан жасампаз жобаны дүниеге әкеле баста-
ды. Махамбет бабасының көрсеткен бұл бағыты елді жаңа
сатыға көтеру жолындағы басты бағдар еді. Соның арқасында
Сұлтанның айналасына барлық ел жиылып, осы бағдарлама
аясында бір күш болып жұмылды. Ел алдында үлкен қолдауға ие
болған жігіттің дәрежесі өсіп, биік мінбелерде сөз сөйлеп жүрді.
Соның бірінде ақыры Сұлтан ел алдында өз бағдарламасын
жариялады. Бұл дәл сол берілген меже, қаңтар айының 17-ші
жұлдызы болатын. Сұлтан халыққа сөз соңында: «Мәңгілік Ел
– ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
«Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең
мәртебелі жол» - деп мәлімдеді. Осы кезде Махамбет баба да
Сұлтанның сөзін үнсіз тыңдап тұрған еді. Жанына жақындап
келіп, өз ризашылығын білдірді: «Жарайсың, Сұлтан. Осы
жолдан тайма. Елің үшін қызмет қыл. Ел сенімен мақтанатын
болады. Сен еліңе керексің. Бастысы соны ұмытпа», - деп қол
алысты да, ғайып болды. Ал Сұлтан Махамбет Өтемісовтың
не үшін келгенін, неге бар жұмысты бұған ғана артып қойғанын
енді түсінді. Себебі бұл менің сөз қылып отырған Сұлтан деген
танысым, кәдімгі өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев еді. Ол халыққа жариялаған бұл бағдарлама
«Қазақстан – 2050: Мәңгілік Ел» Елбасының Қазақстан халқына
Жолдауы болатын.
Мұның бәрін ойлаймын деп отырғанымда, қоңыраудың
сыңгыры мені елең еткізді. Сабақта отыр екенмін ғой деп ішімнен
күліп жібердім. Бірақ сонда да ойымды жинақтап, расында,
бұл жоба ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті. «Қазақстан -2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абырой-
лы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық дедім ішімнен.
Қауен Айгерім,
«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі
қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті
№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл
15
Достарыңызбен бөлісу: |