Программалар ортақ тақырып: «Өзім туралы»


Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. Тиімділігі



бет17/53
Дата17.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#68846
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
қмж2сынып (1)

Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтастығы артады.

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,
жауап береді.

1-суретте ата мен немере диалогі бейнеленген.
–Олар не туралы əңгімелесіп жатыр деп ойлайсың?
–Отан, туған жер туралы отбасыңда кімдер əңгіме қозғайды? Scratch-те кейіпкері сөйлейтін жобалар құрып көрдің бе?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақта арқылы сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет