(Ұ) Ой қозғау.«Миғашабуыл»əдісі Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтыл- маса, мұғалім дұрыс жауапқа қарай бағыт- тап, дұрыс жауапты
табуға көмектеседі.
–Роботты ненің көмегімен басқарады? Есіңе түсір.
–Оқулықтағы 1-
суретке қара. Робот қандай негізгі бөлшектерден тұрады? Əңгімеле.
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Стикерлер»əдісі арқылы бағалайды.
Қызылтүс–Жарайсың! Жасылтүс–Жақсы! Сары түс –Талпын!
Жаңа сабаққадайындық
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.