Сəлемдесу,оқушылардытүгендеу. І.Қызығушылықтыояту.«Арқағасуретсалу»ойыны Бұл ойында барлық əрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мəселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автокөлік т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына əлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған баланың арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен
салыстырады. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.