«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Бекітуге арналған сұрақтар



бет10/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Информатикаға қызығушылық және оқушы қажеттілігі деген ұғымдардың мәні.
2. Биогендік қажеттіліктің мәні.
3. Психофизиологиялық кажеттіліктердің оқушылардың оқу әрекетіндегі маңызы.
4. Жеке тұлға болуға ұмтылу немесе жоғары қажеттіліктің мәні.
5. "Ойын - марапаттау құралы ретінде" мәселесін әдістемелік тұрғыда қалай бағалайсыз?
6. Оқушы компьютерде жұмыс істеп отырып, қандай жағдайда өзін жеке тұлға ретінде
сезіне алады?
7. Оқушы ЭЕМ-ді қажетіне қалай қолданады?
8. Компьютерде жұмыс істеу барысында оқушының шығармашылық
қабілетін дамытудың жолдары.
9. ЭЕМ-дегі "ойындарды" қолдау мәселесіне көзқарасыңыз қандай?

Әдебиеттер:



  1. Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.

  2. А.В. Замулин. Курс лекций: Объектно-ориентированное программирование (С++)

  3. А.В. Замулин. Курс лекций: ООП (С++, Ява, C#)

  4. Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. Третье издание. — М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1999.

4 дәріс
Тақырыбы: Класс достары. Кластар үшін стандартты операцияларды қайта жүктеу
Мақсаты: Мектеп информатика курсының мазмұның қарастыру
Дәріс мазмұны:
1.Класс достары. Кластарға арналған стандартты операцияларды қайта жүктеу
2.Достық функциясының ерекшеліктері
3.Кластарға арналған операциялардың қайта жүктелуі(перезагрузка)
Информатика пәні мектепте міңдетті түрде оқытылатын пән ретінде оқу жүйесінің барлық басқыштарына енгізілумен бірге, жыл сайын сағат саны артып, пән мазмұны жаңа тақырыптармен толығуда. Оның себебін, қоғамның немесе бүкіл әлемнің ақпаратқа деген көзқарасымен байланыстыруға болады. Сондықтан информатика негіздерін, оның даму болашағын, қолдану салаларын игеру әрбір саналы азаматтың міндетіне айналып отыр. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде "Информатика және есептеуіш техникасы негіздері" пәні 7-11 сыныптарда, ал лицей, гимназия және жеке мектептерде 2-ші, 5-ші сыныптарда оқыту тәжірибесі жүргізілуде. Бұл курсты оқытуға базистік оқу жоспарында 68 сағат бөлінген. Оқытудың жалпы құрылымы:
- танысу кезеңі (1-6 сыныпатар) - дербес компьютермен алғаш танысып, онда жұмыс істеудің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;
- негізгі курс (7-9 сыныптар) - ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру, компьютерді оқу процесіне пайдалануда өзіндік іс-әрекеттері қалыптастыру мақсаты көзделеді. Бұл кезде оқушыларда алгоритм, оның кұрылымдары негізінде есептер шығару, программалаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы компьютерді оқу процесіне тиімді пайдалану іскерлігі қалыптасады.
- бағдарлы курс (10-11 сыныптар) - оқушылар болашақ мамандық бағытына сәйкес кәсіптік бағдар бойынша оқиды. Олардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына байланысты ақпаратты саралап оқыту жүзеге асырылады. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілдері терендетіліп оқытылады.
Мектептің қазіргі жағдайында танысу кезеңі жеткіліксіз зерттелген. Өйткені, мұғалімдерді бастауыш сыныптарда және төменгі буын сыныптарында сабақ жүргізуге қайта дайыңдау; мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізетін мамандар дайындауда әлі де бірқатар мәселелер шешімін тапқан жоқ.
Мектеп информатикасының мазмұнына міндетті түрде информатиканың базалық курсының негізгі бөлімдері кіреді.
1. Информация және информациялық процестер.
2. Алгоритмдеу жөне программалау. :
3. Логика жөне логикалық функииялар.
4. Информациялық технология.
5. Модельдеу.
6. Дербес компьютерді пайдалану.
Әрбір бөлімді оқыту деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысы және сәйкесінше оларға қойылатын талаптарды анықтау мемлекеттік стандарт бойынша жүргізіледі. Оқытудың әдістері, пайдаланылатын көрнекіліктер, программалық жабдықтар секілді әдістемелік құралдар жасау мұғалімдердің, педагог-ғалымдардың қызметі болъш саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет