«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет16/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Программалау 1 каз УМКД

2. Виртуальді функциялар


Виртуальді функциялар деп базалық класта virtual қызметші сөзімен анықталатын және бір немесе бірнеше туынды кластарда қайта анықталатын функцияларды айтамыз. Әртүрлі кластардағы функция прототиптері тек аттарымен ғана емес, сонымен қатар қайтаратын мән типтерімен де сәйкес келулері қажет. Егер функция прототиптері сәйкес келмесе, онда олар үшін виртуальділік қосылмайды.
Виртуальді болып хабарланған функция қанша туынды класс құрылса да, виртуальді болып қала береді. Бірақ кей кездерде бір немесе бірнеше туынды кластарда виртуальді функцияны қайта анықтау болмауы мүмкін. Виртуальді функция міндетті түрде қандай да бір кластың компоненті болуы қажет. Ол басқа класқа достық функция ретінде хабарлана алады, бірақ статикалық болып хабарлана алмайды.
Ең болмағанда бір виртуальді функцияны қамтитын класс полиморфты деп аталады, осындай класс объектісі де полиморфты болып табылады.
Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Полиморфизм дегеніміз не?

  2. Ерте байланысу механизмі қалай жүзеге асырылады?

  3. Виртуальді функциялар қалай анықталады?

  4. Қандай класс полиморфты деп аталады?

Әдебиеттер:



  1. Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.

  2. Павловская Т.А. С и С++. Программирование на языке высокого уровня.

  3. Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004

  4. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке Си: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004

9 дәріс


Тақырыбы: Абстрактті кластар
Мақсаты: Информатикадағы теория, практика және бақылау жұмыстарын талдау
Дәріс мазмұны:
1.Абстрактілі кластар.
2.Локальды кластар.
3.Класс құрылымы бойынша жасалатын ұсыныстар.
Информатикада теория мен практика жалпы ғылыми категориялармен қатар жүреді. Теория - компьютер әлеміне, информация қасиеттеріне түсінікгеме берудің, болжам жасаудың кұралы болса, практика - теорияны теориядағы болжау көзі жөне тексеру құралы болып табылады.
Мысалы, лекцияда деректер қорын баскару жүйесі (ДҚБЖ), оның қолданылуы, сұраныс беруі секілді теориялық мәселелер баяндалады. Ал практикада оқушы компьютер алдында өзінің теориялык, материалды игеруі мен компьютер ортасының берілген командаларға әсерін тексереді. Таза теориялық әдіске компьютерсіз алгоритмдердің дұрыстығын дәлелдеу жатады. Сондықтан алгоритмдерді тексеруде пракгиканың қажеттілігі шығады.
Бақылау - оқыту процесінің нәтижесін анықтау мақсатында оқу процесіндегі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын әрекет тәсілі. Дидактикада бақылау әдістерінің бірнеше түрі қолданылады. Олар ауызша, жазбаша, тест түрінде болуы мүмкін. Бақылау мақсатына қарай ағымдық, аралық, қорытынды болып бөлінеді.
Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі -компьютерлік бақылау. Бақылау комльютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс. Бұл әдіс зерттеу объекгісіне байланысты информация алудың ең маңызды әдістерінің бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.
Компьютер әлемін зерттеу барлық басқа ғылымдар секілді объекгілерді танып білу, оларды бақылау мен сипаттау жұмыстарынан бастау алады. Жалпы жағдайда, оқушылар үшін бақылау мұғалім тарапынан, жолдастары тарапынан, компьютер тарапынан және өзін-өзі сынау арқылы жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет