«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет14/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Программалау 1 каз УМКД

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұрагерлік дегеніміз не?

  2. Мұрагерліктің қандай түрлері бар?

  3. Базалық класс пен туынды класс арасындағы байланыс?

Әдебиеттер:

  1. Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.

  2. А.В. Замулин. Курс лекций: Объектно-ориентированное программирование (С++)

  3. А.В. Замулин. Курс лекций: ООП (С++, Ява, C#)

  4. Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. Третье издание. — М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1999.

  5. Г. Шилдт. Самоучитель C++. — Санкт-Петербург, Изд. BHV, 2004.

7 дәріс


Тақырыбы: Кластар иерархиясы
Мақсаты: Информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістерін үйрету
Дәріс мазмұны:
1.Кластар иерархиясы.
2.Виртуалды базалық кластар.
Оқытудың дәстүрлі формаларына оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері жатады. Олар ең алдымен сынып-сабақ, сынып-топ, лабораториялық-сабақ, практикалық-сабақ секілді жалпы формалар. Информатика сабақтарының дидактикалық ерекшелігіне байланысты сабақтар:
- демонстрациялық;
- лабораториялық жұмыс;
- жеке практикум түріне бөлінеді.
Жалпы алғанда, информатика пәні - білімнін үш көзін (сөз, бақылау, іс-әрекет) табиғи бірлікте қарастырады. Мысалы, нұсқауды (сөз) оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-дегі өзгерістерді бақылау (заттық әдіс) арқылы оқушы компьютермен жұмыс істейді (практикалық әдіс). Бұл әдістер бір-бірін үнемі толықтырып отырады.
Дәстүрлі оқыту әдістеріне талдау жасағанда, оқытудың сөздік әдісінің өзіндік орны бар екені байқалады. Бұл әдіс Аристотельдің философиялық трактаттарын әңгімелеу арқылы баяндағанынан бастау алғаны белгілі. Сондықтан классикалық педагогикада бұл әдісті Аристотель әдісі немесе сөздік әдістер деп атайды. Төменде осы әдістердің бірқатарына талдау жасалған.
Әңгімелеу. Бұл әдістің негізгі дидактикалық функциясы –сезімдік құндылық қатынастар туралы негізгі мәліметтер беру, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықгау, білімдегі олқылықгардың себебін білуге ұмтылу, өз бетінше жұмыс істеуге бағыттау. Мұнда білім мазмұны теория жүзіне игеріледі. Ойлау логикасы қатаң емес. Көбінесе, ұқсастық, мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқушылар тындағанын қайталай алады. Кері байланыс оқушының зейін дәрежесіне сәйкес келеді. Мысалы, ЭЕМ-нің қолданылу аймағы, программаларды қателерден қорғау, жиі кездесетін қателер, вирустар мен оларды жасаушылар тақырыптарын әңгіме түрінде баяндаған тиімді. Әңгіме - кіріспе, баяндау, қорытынды кезендерінен тұрады.
Пікірлесу. Пікірлесудің ерекшелігі оқушыларды белгілі бір мақсатқа жеткізетін сұрақтар жүйесі бойынша жетелеу. Әдетте практикаға дейін және практикадан кейін қажетті сұрақтар пайдаланады. Әдістің дидактикалық функциясы - оқушыларға талқылау үлгісі бойынша шығармашылық тәжірибесін ұйрету. Бұл негізінен теориялық әдіс. Дегенмен де бұл әдісте озық тәжірибеге сүйенуге болады. Себебі, проблемалық баяндау формасында оқушылар субъективті түрде жаңа білімдерден өздері үшін "жаңалық" ашады.
Лекция. Лекция сабақтың әрі формасы, әрі әдісі. Бұл әдістің дидактикалық функциясы - қандайда бір мәселе бойынша білім беру, білімді жүйелеу қорытындылау, жоғары оқу орындарындағы оқу түріне дайындау. Лекция мұғалімнің басқаруымен жүргізіледі. Талқылау логикасында дедукция басым болғанымен кейбір ұғымдарды түсіндіруде ұқсастық, салыстыру секілді ойлау операциялары қолданылуы мүмкін. Меңгеру деңгейі материалды танып-білу және қайта өңдеу. Кері байланыс деңгейі төмен және негізінен ойлануға уақыт берілгенімен нәтижесін талдау кейінге қалдырылады.
Семинар жалпы теориялық білімнен жеке іс-әрекетке өту формасы болғаңдықтан информатиканы оқытуда да осы мәнін сақтайды. Бұл оқыту формасының дидактикалық функциясы:
- өтілген тақырып, тарау, бөлім бойынша игерген білімді жалпылап, жүйелеу;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;
-өз пікірлерін айта білу;
- сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- баяндамалар, рефераттар, тезистер, мақалалар, хабарламалар жоспарын жазуға дағдыландыру.
Нұсқау. Компьютерлік сыныптарда жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздігі, клавиатурамен жұмыс істеу тәртібі нұсқау арқылы берілгені дұрыс. Нұсқау ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуы сұхбаттық программа түріңде болуы мүмкін. Нұсқаудың дидактикалық функциясы -теориялық материалға сәйкес әрекеттердің қалыптасқан, дәстүрлі тәсілдерін меңгеру. Іс-әрекет үлгісін нұсқау ретіңде көрсетіп, оқушыларды практикалық жұмысқа даярлау кезінде кең көлемді талқылау болмайды. Себебі, оқушы іс-әрекетті орындайды немесе нұсқауда көрсетілген әрекеттерді қайталап шығады. Мұндағы кері байланыс ауызша бақылау жағдайыңда орындалады. Ол үшін міндетті түрде нұсқау берілуі қажет. Оқушының нұсқаусыз жұмыс істеуі компьютерде көп уақыт алады жөне ол өз іс-әрекетінің мәнін түсінбеуі мұмкін.
Текстпен өзбетінше жұмыс. Мақсаты - оқушыларды практикалық жұмыска дайындау. Дидактикалық функциясы - игерген білімді іс жүзіңде қолдана білу. Мұнда логикалық ойлаудың барлық формалары қолданылады. Оқушылардың өз бетінше білімін көтеруге өте тиімді форма ретінде аңықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет