Программалау жүйелері туралы көзқарасты қалыптастыру; программалау тілдерінің алфавиті, синтаксисі және семантикасы туралы білімді қалыптастыру; программалау тілдерін колданбалы есептерді шығаруда пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру; болашақ кәсіби қызметінде пайдалана білуге даярлау.
Пәннің міндеттері:
программалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастыру;
типтік программалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстыру;
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер білу керек: - алгороитмдеу мен программалаудың негізгі түсініктері мен анықтамаларын, сызықтық, тармақталған және қайталанатын есептеу процестерін ұйымдастыру принциптерін, ДЭЕМ-ге арналған жоғары деңгейдегі тілде программалаудың ерекшеліктері мен тәсілдерін; сыртқы тасымалдаушылар мен оперативті жадыда мәліметтерді ұйымдастырудың тәсілдерін білуі тиіс;
есептеу процестеріне алгоритмдер құра білу; қолданбалы, математикалық және мәліметтерді өңдеуге арналған есептерге жоғары жеңгейдегі программалау тілінде программа құра білу; программаны жүргізіп, оның нәтижесін алу және программаны пайдалана білу нұсқауын жаза білу іскерлігі болуы тиіс.