Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бірөлшемді жəне екіөлшемді жиымдар



Pdf көрінісі
бет142/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Бірөлшемді жəне екіөлшемді жиымдар
1-нұсқа
Жазықтықта екі дөңес көпбұрыш төбелерінің координаталары арқылы 
төбелерінің тізбектеле орналасқан (шекараны бойлау) реттілігімен берілген. 
Көпбұрыштардың аудандарын анықтап, олардың біреуі екіншісінің ішіне 
толығымен кіретіндігін анықтау қажет.
2-нұсқа
Жазықтықта берілген нүктелер жиынынан əртүрлі үш нүктені келесі 
шартты қанағаттандыратындай етіп таңдаңыз: осы үш нүкте арқылы өтетін 
шеңбермен шектелген дөңгелектің ауданы мен төбелері осы үш нүктеде 
орналасқан үшбұрыш ауданының айырмасы минималды болуы тиіс.
3-нұсқа
Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі үш 
нүктені осы нүктелер арқылы өтетін шеңбермен шектелген дөңгелек екінші 
жиынның барлық нүктелерін қамтитындай жəне оның ауданы минималды бо-
латындай етіп таңдау керек.
4-нұсқа
Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі төрт 
нүктені, төбелері осы нүктелерде жататын шаршы екінші жиынның барлық 
нүктелерін қамтитындай жəне ауданы минималды болатындай етіп таңдау 
керек.
5-нұсқа
Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі 
үш нүктені төбелері осы нүктелерде жататын үшбұрыш екінші жиынның 
барлық нүктелерін қамтитындай жəне ауданы минималды болатындай етіп 
таңдау керек.
6-нұсқа
Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиынның n (n>=3) 
нүктелерінен өтетін жəне өз құрамында бірінші мен екінші жиындардың 
сандары бірдей нүктелерін қамтитындай шеңбердің центрі мен радиусын 
табыңыз.
7-нұсқа 
Жазықтықта екі нүктелер жиыны берілген. Бірінші жиыннан əртүрлі үш 
нүктені келесі шартты қанағаттандыратындай етіп таңдаңыз: төбелері осы 


156
нүктелерде жататын үшбұрыш бірінші жəне екінші жиындарынан алынған 
бірдей нүктелер санынан тұру керек.
8-нұсқа
Жазықтықта М нүктелер жиыны мен дөңгелек берілген. М жиынынан екі 
нүктені келесі шартты қанағаттандыратындай етіп таңдаңыз: осы нүктелер 
арқылы өтетін түзуден екі жағында жатқан дөңгелектегі нүктелер сандарының 
айырмасы минималды болуы тиіс.
9-нұсқа
Жазықтықта 3n нүкте берілген, олардың ішіндегі ешқандай үш нүкте 
бір түзудің бойында жатпайды. Төбелері осы нүктелерде жататын n 
үшбұрыштардың жиынын, ешқандай екі үшбұрыш қиылыспайтындай жəне 
бір-бірінің ішінде орналаспайтындай етіп құру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет