159
□ рейс нөмірі;
□ ұшақ типі.
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ AEROFLOT типті жеті құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан
мəліметтер енгізу; жазбалар белгіленген пунктердің аттарына қарай
алфавит бойынша реттеліп орналасуы керек;
□ типі пернетақтадан енгізілген типпен сəйкес келген ұшақтың қызметін
пайдаланатын рейстердің баратын пункттері мен нөмірлерін экранға
шығару;
□ егер мұндай рейстер болмаса, онда дисплейге сол туралы хабарлама
шығару.
6-нұсқа
1. Келесі өрістерден тұратын WORKER атты құрылымды сипаттаңыз:
□ жұмысшының тегі мен инициалдары;
□ атқаратын қызметінің атауы;
□ жұмысқа тұрған жылы.
2. Келесі іс-əрекеттерді орындайтын программа жазыңыз:
□ WORKER типті он құрылымнан тұратын жиымға пернетақтадан
мəліметтер енгізу; жазбалар алфавит бойынша реттелуі тиіс;
□ ұйымдағы еңбек өтілі пернетақтадан енгізілген мəннен артық бола-
тын жұмысшылардың тегін дисплейге шығару;
□ егер мұндай жұмысшылар болмаса, онда дисплейге сол туралы хабар-
лама шығару.
Достарыңызбен бөлісу: