Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


sizeof операциясы оның мөлшерін байтпен есептеуге арналған, бұл опера- цияны жазудың екі формасы бар: sizeof өрнек



Pdf көрінісі
бет25/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

sizeof
операциясы оның мөлшерін байтпен есептеуге арналған, бұл опера-
цияны жазудың екі формасы бар:
sizeof өрнек 
 
жəне
sizeof ( тип )
Мысал (С++ тілі стилінде):
#include
int main(){
fl oat x = 1;
cout << "sizeof (fl oat):" << sizeof (fl oat);
cout << "\nsizeof x:" << sizeof x;
cout << "\nsizeof (x + 1.0):" << sizeof (x + 1.0);
return 0; 
}
Программа жұмысының нəтижесі:
sizeof (fl oat): 4
sizeof x: 4
sizeof (x + l.0): 8
Соңғы өрнек нəтижесінің 8 байт болып тұрғаны – алдын ала келісім бо-
йынша нақты тұрақтылар ені ұзынырақ 
double
типіне келтіріледі, сондықтан 
x
айнымалысы мен өрнектің толық мəнінің типі осы 
double
типіне сəйкес 
келеді. Жақшалар оның ішіндегі өрнектің мəні басымдығы қосу амалы-
нан жоғары болып табылатын типтерді түрлендіру операциясынан бұрын 
есептелуі үшін қажет.
Терістеу операциялары (- , ! жəне ~). Арифметикалық терістеу (унарлық 
минус -) бүтін немесе нақты типтегі операнд таңбасын қарама-қарсыға ауыс-
тырады. Логикалық терістеу (!) операнд мəні ақиқат (нөл емес) болса, нəтиже 
ретінде 0 мəнін, ал операнд 0-ге тең болса, l мəнін қайтарады. Операнд бүтін 
немесе нақты типте немесе нұсқауыш типінде болуы да мүмкін. Разрядтар 
бойынша терістеу (~) көбінесе биттік терістеу деп аталады, ол бүтін типті 
операндтың екілік кодындағы əрбір разрядты инверсиялайды, яғни кері код-
пен (1 → 0, ал 0 → 1) жазып шығады. 
Бөлу (/) жəне бөлгенде шыққан қалдықты табу (%). Бөлу операция-
сы арифметикалық типтегі операндтарға қолданылады. Егер операндтардың 
екеуі де бүтін типте болса, онда операция нəтижесі төменгі бүтін санға дейін 
дөңгелектенеді, кері жағдайда оның нəтижесі типі түрлендіру ережелеріне 
сəйкес анықталады («Өрнектер» бөлімін, 32 б. жəне 3-ші қосымшаны қараңыз). 
Бөлуден шыққан қалдықты табу операциясы тек бүтін типтегі операндтарға 
қоданылады. Нəтиженің таңбасы есептеуге қатынасатын операндтарға байла-
нысты болады.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет