Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет26/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

#include
int main(){
int x = 11, у = 4;
fl oat z = 4;
printf("Бөлу нəтижелері: %d %f\n", x/y, x/z);
printf("Қалдық: %d\n", x%y);
return 0; 
}
Программа орындалуының нəтижесі:
Бөлу нəтижелері: 2 2.750000
Қалдық: 3
Ығыстыру операциялары (
<<
 жəне
>>
) бүтін типті опернадтарға 
қолданылады. Олар бірінші операндтың екілік кодын екінші операндта 
берілген мəнге сəйкес солға немесе оңға ығыстырады. Солға ығыстыру (
<<

кезінде босатылған разрядтар нөлмен толтырылады. Ал оңға ығыстыруда (
>>

бірінші операнд таңбасыз типте болса, босаған биттер нөлмен, кері жағдайда 
таңбалық разрядпен толтырылады. Ығыстыру операциялары разрядтардың 
толып кетуі мен дəлдікті жоғалтуды есепке алмайды.
Қатынас операциялары (
<
, <=, >, >=, ==, !=
) бірінші операндты екінші 
операндпен салыстырады. Операндтар арифметикалық типте немесе 
нұсқауыштар түрінде болуы мүмкін. Операция нəтижесі
 true
немесе 
false
болады (кез келген нөлге тең емес мəн 
true
болып есептеледі). Тең жəне тең 
емес сияқты салыстыру операцияларының басымдықтары басқа салыстыру 
операцияларына қарағанда төмен болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Екі мəннің тең екендігін тексеру (==) мен меншіктеу операциясының (=) арасындағы 
айырмашылыққа назар аударыңыз, меншіктеу опрециясының нəтижесі сол жақ операндқа 
меншіктелген мəн болып табылады.
Разрядтар бойынша орындалатын операциялар (
&
, |, ^
) тек бүтін 
типтегі операндтарға қолданылады жəне олар тек екілік кодтармен жұмыс 
істейді. Операцияларды орындау кезінде операндтар əрбір бит бойынша 
(бірінші операндтың алғашқы биті екінші операндтың алғашқы битімен
бірінші операндтың екінші биті екінші операндтың екінші битімен, т.с.с.) бір-
бірімен салыстырылады.
Разрядтар бойынша конъюнкция немесе разрядтар бойынша ЖƏНЕ (опе-
рация белгісі 
&
) операциясының орындалуы кезінде екі операндтың да сəйкес 
биттері бірге тең болғанда ғана нəтижелік бит бірге тең болуы тиіс.
Разрядтар бойынша дизъюнкция немесе разрядтар бойынша НЕМЕСЕ 
(операция белгісі 
|
) операциясы кезінде салыстырылатын екі биттің біреуінің 
немесе екеуінің де мəні бірге тең болса, нəтижелік бит 1-ге тең болады.


30
Разрядтар бойынша аластамалы НЕМЕСЕ (операция белгісі 
^
) екі биттің 
тек біреуінің ғана мəні 1-ге тең болғанда нəтижелік бит бірге тең болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет