10-нұсқа Файлдық жүйеде файлдар каталогы сызықтық тізім түрінде
ұйымдастырылған.
Əрбір файл үшін каталогта келесідей мəліметтер сақталады:
□ файл аты;
□ құрылған күні;
□ файлды пайдалану саны.
Программа келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
□ файлдар каталогын бастапқы қалыптастыру;
□ файлдар каталогын шығару;
□ құрылған уақыты көрсетілген мерзімнен бұрын ашылған файлдарды
өшіру;
□ пайдаланылу саны ең көп болатын файлды таңдау.
183
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
11-нұсқа Пəндік көрсеткіш сызықтық тізім түрінде ұйымдастырылған.
Көрсеткіштң əрбір компонентінде сөз жəне осы сөз кездесетін беттердің
нөмірлері жазылады. Бір сөзге қатысты беттер нөмірлерінің саны бірден онға
дейін болуы мүмкін.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ пəндік көрсеткішті бастапқы қалыптастыру;
□ пəндік көрсеткішті шығару;
□ берілген сөз үшін беттер нөмірлерін шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
12-нұсқа Белгілі бір программаға арналған көмекші мəтін сызықтық тізім түрінде
ұйымдастырылған.
Мəтіннің əрбір компонентінде термин (сөз) жəне осы терминге түсініктеме
беретін мəтін жазылады. Бір терминге қатысты мəтін жолдарының саны бірден
беске дейін болуы мүмкін.
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ көмекші мəтінді бастапқы қалыптастыру;
□ көмекші мəтінді шығару;
□ берілген термин үшін көмекші мəтінді экранға шығару.
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.
13-нұсқа Пəтер алмастыру бюросының картотекасы сызықтық тізім түрінде
ұйымдастырылған.
Əрбір пəтер туралы төмендегі мəліметтер сақталады:
□ бөлмелер саны;
□ қабаты;
□ ауданы;
□ адресі (мекен-жайы).
Келесі іс-əрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін программа құрыңыз:
□ картотеканы бастапқы қалыптастыру;
□ пəтер алмастыруға тапсырыс енгізу;
□ картотекадан жарамды нұсқаны іздеу: бөлмелер саны мен қабаты бірдей,
ал аудандарының айырмашылығы 10% шегінде болған жағдайда сəйкес
картішке шығарылады жəне тізімнен өшіріледі, кері жағдайда түскен тапсы-
рыс тізімге қосылады;
□ тізімді толық шығару.
184
Программа меню көмегімен сұхбаттасуды жəне енгізу кезінде кеткен
қателерді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс.